Айман Мусахаджаеваның Скопье қаласына іс-сапары

2020 жылдың 8 қазан күні Македония астанасы Скопье қаласында Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсақожаеваның қатысуымен үлкен мерекелік концерт өтті. Іс-шара XXIX Interfest-Bitola Халықаралық классикалық музыка фестивалі аясында болып, профессор Мұсақожаева басқаратын Қазақ ұлттық өнер университеті мен жергілікті Əулие Кирилл жəне Мефодий университеті оқу орындары арасында бірқатар меморандумға қол қойылды. Оған сəйкес алдағы уақытта студенттермен алмасу, біліктілікті арттыру курстары, бірлескен зерттеу жұмыстары, қысқамерзімді оқу бағдарламалары жəне басқа да жобалар жүзеге аспақ. Фестивальдің хедлайнеры, ЮНЕСКО Əлем əртісі деп таныған Айман Мұсақожаева кеште Брусловскийдің «Бозайғырын», сондай-ақ əйгілі классиктер, Бетховен, Равель, Сен-Санс, Мендельсонның шығармаларын Скопье қаласының филармониялық оркестрімен, дирижер Сашо Татарчевскимен бірге орындады. Концертте қайта тағайындалған Македонияның Қазақстандағы Төтенше жəне Өкілетті Елшісі, Жоғары Мəртебелі Сала Лимани басқарған делегация, сондай-ақ Македониядағы Қазақстан азаматтары мен жергілікті өнер сүйер қауымы қатысты.
АЙМАН МҰСАҚОЖАЕВА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ, ПРОФЕССОР: “Мен бұл оркестрмен қуана қуана өнер көрсеттім. Себебі, Еуропа бойынша, Əлем бойынша сапасы жоғары ұжымдардың саны аз. Ал, сапарымның басты мақсаты – меморандумға қол қоюмен осы фестиваль тұспа-тұс келгеніне дəн ризамын. Екі ел арасында, білім мен өнер арқылы серіктестікті дамыту – біздің тікелей парызымыз. Пандемияға қарамастан бүгінгі концертті тамашалауға келген қонақтарымызға алғысым шексіз. Өнер адамдарының осынау қиын кезеңде концерт беруі əрқашан да маңызды.” Естеріңізге сала кетейік, Айман Мұсақожаева басқаратын Қазақ ұлттық өнер университеті төтенше жағдай мен карантин режімі енгізілген кезден бастап, YouTube, Facebook желісіндегі ресми каналдарда күнделікті концерттер мен лекциялар жариялап, студенттер, білім алушылармен əрдайым кері байланыста болды. Ректор, профессор өз тарапынан Мəдениет жəне спорт министрілігінің қолдауымен бірнеше мастер-класстарды желіге жариялады.

 

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR