Вокалдық өнер кафедрасы

Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының (1998 ж. 31 наурызы) негізі қаланғаннан кейін, Қазақ ұлттық өнер университеті (2009 ж. 2 қазан) болып атауы өзгергенге дейін «Жеке ән салу» кафедрасы (жетекшісі К.Т. Мыржықбай, Р.Тленчиева, К.Н.  Омарбаев), «Вокалдық-хор» факультетінің құрамында болды.

«Вокалдық-хор факультетінің декандары:  ҚР еңбек сіңірген әртісі Қ. Н.Омарбаев, доцент С.К.Қожамқұлов, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б. Б. Құрманғожаев.  2010 жылдан бастап кафедра «Музыка» факультетінің құрамына кірді (декандары – П. Ш. Шегебаев, А. А. Сметова, Д. В. Останькович).

Мамандықтар біріктірілгеннен кейін  кафедралардың  атауы қайта өзгертілді:  «Вокалдық өнер және хорды дирижерлеу» (2010-2016 жж.),»Вокалдық өнер және дирижерлеу» (2016 ж.). Кафедра меңгерушілері: 2011-2012 ж.ж. – Татарстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,  доцент х. Х. Абулханова; 2012-2017 жж. – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қауымдастырылған профессор А.Қ. Жылтыркөзов; 2017 ж. – ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Ш. Қ. Әбілов; 2019 ж.- доцент, Мәдениет қайраткері Д. Ш. Кабыкеева.

«Вокалдық өнер» мамандығының профессор-оқытушылар құрамы орындаушылық және педагогикалық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандардан тұрады:

ҚР халық әртісі, профессор Х.И. Калиламбекова; ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Ш.К. Абилов ,  ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор К. Н.Омарбаев; доцент Т. Н.Руднева; ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Г. М. Хамзина; доцент, Мәдениет қайраткері Д. Ш. Кабыкеева; аға оқытушы Б.У.Жүсіпова; ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері – профессор А. Жылтыркөзов, Ж. Б. Шыбықбаев, доцент Т.М. Мұсабаев, доцент К.М. Асамбаев, Б. Жанұзақ, Ж.Б. Габдуллина, А.З. Каримова, М.Ш. Тойкенов, Т.В. Хасьянова, М.Чотабаев , М.Байнеш . Қазіргі уақытта кафедрада жас ұстаздар: Ю.В. Толочко, А.К. Избамбетов, Ж.П. Есанова, А.М. Ергарина, Д.Д. Сансызбаев.

Қазіргі таңдағы заманауи вокалистерді даярлауға зор үлес қосқан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор А.Оспанова, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Х.Х.Абулханова, Мәдениет қайраткері, аға оқытушы Қ.Ә.Әбдіқадыр, Мәдениет қайраткері, аға оқытушы С.Қ.Козлов болды.

Шабыт–Inspiration, «Очарование романсом», «Янтарный соловей», Bella voce, «Большая Опера», Б.Тулегенова, Ш.Қалдаяқов, Н.Сабитов, М.Глинка, М. Хелин, П.Лисициан, С. Монюшко, М.Биешу, П.И. Чайковский және басқалардың атындағы вокалисттер конкурстары бойынша оқытушылар мен студенттер  халықаралық, республикалық конкурстардың дипломанттары, лауреаттары (Ю.Лобынцева, М. Низаметдинов, А. Шатило, Т.Н. Низеев, Е.Чайников, Б.Жанұзақ, А.Ниязова, Н.Мизюк, А.Жылтыргөзов, С.Ахметова, С.Тасбергенова, А.Избамбетов, Г.Жазитова, Р.Баликишиев, А.Малик, Ш.Тыныштық, Н. Сағынтай, А.Аманжолова, А.Әбілда, У.Әубәкірова, Г.Алдадосова және т.б.). Осы түлектер  ҚР бойынша К.Байсейітова атындағы ұлттық опера балет театры, «Астана-Опера»мемлекеттік опера және балет театры, Астана академиялық мемлекеттік филармониясы, ҚазҰӨУ-і колледжі, БММ оқытушылары,  жеке орындаушылар болып табылады.

«Вокалдық өнер» мамандығы бойынша бітірген түлектердің  шығармашылық жетістіктері ҚР Үкіметімен белгіленген. Олардың арасында жеті – ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері – А. Ниязова, С. Байғожин, А. Жылтыргөзов, Т. Хасьянова,  Б. Жанұзақ, С. Ахметова, Ж. Жарқымбаева; екі ҚР Мәдениет қайраткері – Д. Кабыкеева, Б. Жусупова, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттары Н. Мизюк, А. Жылтыргөзов, А. Мәлік, «Құрмет» орденінің иегері А. Қапонова. Президенттік шәкіртақы иегерлері – А. Мәлік, А. Абильда, Н.Сағынтай, А. Аманжолов, С. Бақытжан, Г. Алдадосова бар.

Кафедраның оқытушылары білім беру саласының барлық бағыттары бойынша жұмыс істейді: оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, шығармашылық, ұйымдастыру-тәрбиелеу жұмыстарына белсенді қатысады. Халықаралық, республикалық, университеттік ғылыми-практикалық конференциялар, жаңашылдар, ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттер, оқу құралдары, хрестоматиялық жинақтар, ғылыми жарияланымдар, жаңа элективті курстарды ұйымдастырады. Инновациялық оқыту әдістерін енгізеді, мастер-кластар жүргізеді, республикамыздың оқу орындарына дәрістер, семинарлар, ашық сабақтарды біліктілігін жоғарту курстарын өткізеді. Республикамыздың түрлі оқу орындарында, колледждерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырып, халықаралық, республикалық, аймақтық, қалалық байқаулардың әділ қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысады.

Профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейде дамуына олардың біліктілігін көтеру,  тағылымдамадан өту, халықаралық, республикалық семинарлар, курстар, тренингтерге қатысуы, Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетелдердің танымал ғалымдарымен  тәжірибе  алмасуы  ықпал етеді.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR