1998 ж. – ҚР Үкіметінің 31 наурыздағы № 269 қаулысымен Астанада Қазақ ұлттық музыка академиясы (ҚазҰМА) құрылды.
1998 ж. – ҚР Білім министрінің 15 сәуірдегі № 28 бұйрығымен жаңа ЖОО ректоры болып ҚР Халық артисі, профессор Айман Мұсақожаева тағайындалды.
1998 ж. – 2 маусымда Академияның ресми ашылуы болып, оған ҚР Президенті Н. Назарбаев қатысты.
2000 ж. – ҚазҰМА бас корпусы қайта жөндеуден өткізілді.
2002 ж. – алғаш рет «Актерлік шеберлік» және «Режиссура» мамандықтары бойынша білім алушылар қабылданды.
2003 ж. – алғаш рет «Эстрада өнері» мамандығы бойынша білім алушылар қабылданды.
2005 ж. – Орган залы ашылды.
2005 ж. – скрипкашылардың І Халықаралық конкурсы өтті.
2007 ж. – орган және арфа сыныптары ашылды.
2009 ж. – ҚР Үкіметінің 12 қыркүйектегі Қаулысына сәйкес ҚазҰМА жаңа мәртебеге ие болып, Қазақ ұлттық өнер университеті болып өзгертілді (ҚазҰӨУ).
2010 ж. – жаңа шығармашылық мамандықтар ашылды: «Мәдениеттану», «Өнертану», «Хореография», «Кескіндеме», «Мүсін», «Режиссура», «Операторлық өнер», «Сценография».
2014 ж. – ҚазҰӨУ есеп беру концертіне ҚР Президенті Н. Назарбаев пен Малайзияның премьер-министрі Наджиб Тун Разак қатысты.
2015 ж. – ҚазҰӨУ-де ХҮІІІ Бүкіләлемдік ICTM (Дәстүрлі музыка бойынша халықаралық кеңес) конференциясы өтіп, оған 70-тен астам елден келген музыкалық өнер саласының жетекші ғылыми сарапшылары мен ұйымдастырушылары қатысты.
2017 ж. – ҚазҰӨУ-де П. И. Чайковский атындағы Х Халықаралық жасөспірімдер конкурсы өткізілді.
2017 ж. – LXX Халықаралық Канн кинофестивалінде (Франция) қазақстан киносы павильоны ұйымдастырылып, ҚазҰӨУ студенттерінің қысқаметражды фильмдері көрсетілді.
2017 ж. – ҚазҰӨУ Aсtana EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы мәдени бағдарламаға қатысты.
2017 ж. –Нью-Йорк Кино академиясымен (NYFA) және Голливудтың Музыкалық институтымен ынтымақтастық келісімшартына қол қойылды.
2018 ж. – Astana Art Science Forum Халықаралық ғылыми форумы өткізілді.
2018 ж. – « А. Қ. Мұсақожаева коллекциясы және сирек басылымдар қоры» атты оқу залы ашылды.
2018 ж. –Жас композиторлардың «Самал» І Халықаралық байқауы өткізілді.