Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

Омарова Жанна Нурхалыковна

ҚазҰӨУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, «Мәдениет саласының үздігі», «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының доценті, өнертану ғылымдарының магистрі

1994 жылы Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін «Станоктық кескіндеме» мамандығы бойынша үздік бітірген. Біліктілігі «Сурет және сызу оқытушысы», Алматы қаласы.

1994 жылы Қазақ мемлекеттік көркемсурет академиясына «Сценография» мамандығы бойынша оқуға түсті. Біліктілігі «Суретші-сценограф». 1999 жылы ҚМК академиясын үздік аяқтады.

2000-2013 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында «Сценография» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді.

2014 жылы «World art schools as an object of cultural heritage and modern art» (Флоренция қ.,  Италия) халықаралық тағылымдамасына қатысты.

2015 жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «1993-2015 жылдардағы заманауи сценография екі театр үлгісінде» тақырыбында магистрлік диссертациясын сәтті қорғап, өнертану ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін алды.

ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған жарияланымдарда, «Scopus» базасына кіретін журналда, халықаралық конференциялар материалдарында мақалалар жарияланды.

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚазҰӨУ көркемсурет факультетінің «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының доценті болып табылады.

Жанна Нұрхалыққызының түлектері Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы театр, кино және телевидениенің жетекші мамандары болып табылады.

2019-2020 ж.ж. ҚазҰӨУ көркемсурет факультетінің деканы қызметін атқарды.

2020 жылы Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі, жемісті жұмысы мен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Қазақстан Республикасының мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін көптеген марапаттар мен алғыс хаттарға ие.

Бүгінгі таңда ҚазҰӨУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR