Шығармашылық қызмет

Қазақ ұлттық өнер университеті шығармашылық қызметі дамыған көркем білім беру ЖОО болып табылады.  Ол фестивальдер, байқаулар, концерттер, көрмелер, спектакльдер, шеберлік сабақтар және т.б. сияқты жұмыс түрлерін қамтиды. Орган залында, Еркеғали Рахмадиев атындағы Үлкен залда, Жамбыл Жабаев атындағы Үлкен залда және Фридерик Шопен атындағы кіші залда әр түрлі жастағы ҚазҰӨУ білім алушыларының, колледж және ЖОО ұжымдарының, оқытушылар мен профессорлардың, шақырылған солисттердің, дирижерлер мен ұжымдардың қатысуымен шығармашылық кештер үнемі өткізіледі. Өнер университетінің концерттік өмірі көрермендерді түрлі стильдер мен бағыттардың музыкасымен таныстырады.

Қазіргі уақытта ҚазҰӨУ-де 30-ға жуық шығармашылық ұжым жұмыс істейді: Еуразиялық студенттік симфониялық оркестр, Қазақ студенттік халық оркестрі, «Каприччи» скрипкашылар ансамблі, «Айгөлек» скрипкашылар ансамблі, «Шабыт» фольклорлық ансамблі, «Шабыт» домбырашылар ансамблі, «Тілеп» қыл қобызшылар ансамблі, «Жас-Star» ансамблі, «Япурай» виолончелистер ансамблі, Студенттік хор капелла, ҚазҰӨУ үрмелі оркестрі, «Bayan.kz» ансамблі, «Kazakh Percussion Group» барабаншылар ансамблі, «Музыкалық білім» мамандығының хоры, ҚазҰӨУ оқу киностудиясы, Студенттік биг-бенд, «Magic Flute Mix» ансамблі, «Wind voyage» Ағаш үрлемелі аспаптар квинтеті, А. Мәмбетов атындағы оқу театры, «Сырлы саз» фольклорлық ансамблі, «Тарту» шертершілер ансамблі, «Назерке» қобызшылар ансамблі, «Шыңырау» фольклорлық ансамблі және т. б.

Білім алушылардың жоғары кәсіби шеберлігінің көрсеткіші олардың халықаралық байқаулар мен фестивальдарға қатысуы болып табылады: 600-ден астам есем беделді шығармашылық жарыстардың тарихына жазылған. Олардың ішінде Е. А. Мравинский атындағы Халықаралық жасөспірімдер байқауы, Н.А. Римский-Корсаков атындағы Халықаралық жас опера әншілерінің байқауы, Франц Шуберт атындағы Халықаралық хор байқауы, «I Am a Singer» шоуы, «Витебскідегі Славян базары» Халықаралық өнер фестивалі, «Сібір Кубогы», «IFilmfestival» қысқа метражды фильмдердің Тәуелсіз халықаралық кинофестивалі, «Jumeirah Sounbs» Халықаралық жасөспірімдер байқауы, Тибор Варги атындағы Конкурс, Дельфий ойындары және т. б.

Өнер университетінде білім алушылардың өнер көрсету географиясы кең және Ресей, АҚШ, Италия, Германия, Франция, Словения, Ұлыбритания және т. б. сияқты елдерді қамтиды.

ҚазҰӨУ Нұр-Сұлтанда «Astana–Violin» Халықаралық скрипкашылар байқауын, «Астана–Мерей» Халықаралық орындаушылар байқауын, «Shabyt» Халықаралық шығармашылық жастар байқауын, үздік киносценарийлер байқауын, «Ұшқын» Халықаралық студенттік кинофестивалін, «New Music Generation» Халықаралық композиторлар байқауын және т. б. өткізудің бастамашысы болып табылады.

ҚазҰӨУ-нің шығармашылық қызметі білім алушылар үшін мәдени-ағартушылық мәнге ие болды. Қазір университет Қазақстан Республикасының елордасындағы басты өнер орталықтарының бірі болып табылатын жоғары ағартушылық миссияны орындауда.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR