Есімдер. Рахат Би Абдысагин

Рахат-Би Төлегенұлы Әбдісағин (1999 жылы 2 ақпанда Алматыда туған) — пианист, музыкант, композитор.
«Ең дарынды өнерпазға» Қазақстан Республикасы Президенті кубогының иегері, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Мәдениет пен өнерді дамытудағы еңбегі үшін» белгісімен марапатталған.

10 жасында музыка жаза бастады. Көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты, П.И.Чайковский атындағы халықаралық байқау лауреаттары қауымдастығының мүшесі.

Музыкамен қатар, Рахат-Би математикаға, физикаға, тарихқа, кітап оқуға, көркемсуретке қызығады. Сонымен қатар, ол ғылыммен айналыса жүріп 14 жасында Мәскеуде өткен VII халықаралық ғылыми жобалар бақауында 1 орын алған.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR