Miss KazNUA 2021

Бұл жолы өткен байқауымыз ерекше болды. Себебі алғаш рет өте ауқымды жоба көрерменсіз тек әділ-қазы алқалары алдында, яғни онлайн форматта өткізлген еді. Байқауға алғашында 52 қыздың арасынан 12 қыз іріктелініп алынды. Нағыз талантты арулардың сыналатын дайындық кезеңінен байқау жетекшілерінің шешімі бойынша ең мықты — талантты деген 6 ару қызымыз ақтық мәреге жолдама алды.
Ақтық мәреде аруларымызға еліміздің бетке ұстар азаматтары, өз ісінің мамандары төрелік етті. Соның ішінде атап айтар болсақ:
1. Ольга Мирославовна Радеш — көркемдік гимнастикадан Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы, Примавера моделдік агенттігінің негізін қалаушы, Астана Аруы байқауының директоры.
2. Әліби Желдербаев Қазақстан Аруы ұлттық сұлулық байқауы және Астана Аруы ұлттық сұлулық байқауының скаут директоры, Қызылорда Аруы сұлулық байқауының директоры, Примавера модельдік агенттігінің директорының орынбасары.
3. Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы – Ақұлан Тастемір
4. Астана Аруы, Х фактор байқауларының Бас стилист – визажисті, make-up тренер, Atabaeva make-up school мектебінің негізін қалаушы – Бахытжан Булатовна
5. Кристина Радеш- Мисс Астана және 1 Вице Мисс Казахстан 2006
6. Халықаралық байқаулардың лауреаты, Милан қаласындағы Джозеппе Верди атындағы консерваториясының түлегі,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,опера-эстрада әншісі — Жулдыз Уалихан
Сахна төрінде бар өнерлерін салған арулар әділ-қазы алқаларының ыстық ықыласына бөленіп, жоғары деңгейде өздерін көрсете білді. Әділ-қазы алқаларының шешімі бойынша:
II Vice Miss KazNUA – Мусургалиева Жибек (1 курс)
I Vice Miss KazNUA – Сагинова Саида (1 курс)
MISS KAZNUA 2021 – Нигомет Елара (2 курс)
Ұйымдастырушылар атынан Ректорымыз Айман Қожабекқызына және байқауымыздың бас визажисттері Atabaeva make-up командасына улкен Алғысымызды білдіреміз! Ізгі ниетпен @miss_kaznua @shyndauletovich

@atabayeva_make_up
@gulzhan_pro_beauty
@abenova_stylist
@arailym_makeup
@Akmol_beauty

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR