Онлайн конкурс «ҮМІТ»

1 июня @ 08:00 - 2 июня @ 17:00 UTC+6
Загрузка Мероприятия
  • Это мероприятие прошло.

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ

«ТЕАТР ӨНЕРІ ЖӘНЕ ӨНЕРТАНУ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ДРАМА ТЕАТР АКТЕРІ ЖӘНЕ РЕЖИССУРА» КАФЕДРАСЫ

«МУЗЫКАЛЫҚДРАМА ЖӘНЕ ҚУЫРШАҚ ТЕАТР ӨНЕРІ» КАФЕДРАСЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Театр өнері» мамандығы, «Драма театры және кино артисі», «Музыкалық театр артисі» мамандандырылуы бойынша «ҮМІТ» онлайн байқауына 2021 жылдың талапкерлерін шақырады!

ТАЛАНТТЫ ТАҢДАЙМЫЗ!!!

Өткізілу мерзімі: 1-2.06.2021 ж.

Өтетін орны: Қазақ ұлттық өнер университеті, «Театр өнері және өнертану факультеті;

Ұйымдастыру алқасының мекен-жайы: 010000 Нұр-Сұлтан қаласы

даңғ. Тәуелсіздік 50;

тел. +7 7172 70-55-12

тел. 87011971747

тел. 87015183073

эл.пошта: Theatrical_art2021@mail.ru

Өтінім беру мерзімі: 30.05.2021 ж. дейін

Байқау қорытындысы: 03.06.2021 ж. Kaznui.kz ресми сайтында жарияланады;

Байқауға колледж және мектеп түлектері қатысып бағын сынай алады. «Драма театры және кино артисі», «Музыкалық театр артисі» мамандандырулары бойынша «І-Орын» алған жеңімпаздарға (колледж және мектеп бағыты ойынша) СЕРТИФИКАТ табыс етіледі. Аталған сертификат «Талапкер 2021» «Театр өнері» мамандығы бойынша қабылдау емтиханының шығармашылық кезеңінен максималды балл алуға кепілдік береді.

Байқауға қатысушыға қойылатын талап:

1 Қадам.

Microsoft Word бағдарламасында сауалнама парақшасын (анкета) толтырып, сканерден өткізіп,  ұсынылған электронды поштаға PDF немесе JPG форматта жіберу қажет.

Сауалнама парақшасын толтыру үлгісі:

 Сауалнама парақшасы А4 форматта толтырылуы қажет;

—  Үміткердің толық аты-жөні, туған жылы, айы, күні, тұрғылықты қаласы;

 Тәмамдаған мектеп немесе колледж атауын көрсету;

 Байланыс мәліметін көрсету (тел.ном); 

 Жасы, бойы, салмағы;

Сауалнамаға міндетті түрде «Драма театры және кино артисі» немесе «Музыкалық театр артисі» мамандандырулары бойынша қатысатыны туралы анықтап көрсету керек;

 Орындайтын шығармалардың атауы, авторы;

Сауалнаманың жоғары тұсына жеке куәлігінің фотосын орналастыру қажет;

Байқауға қатысушыға қойылатын талап:

2 Қадам.

  • Прозалық шығармадан үзінді — (классикалық немесе заманауи, үзіндінің басталуы және аяқталуы болу керек) Уақыты 2-3 минут;
  • Өлеңпоэзия (классикалық немесе заманауи автор) Уақыты 2 минут;
  • МысалУақыты 2 минут;
  • Этюд — (жан-жануар немесе адамға негізделген шағын оқиғаға құрылған басы-аяғы бар көрініс) Уақыты1- 2 минут;
  • Пластикалық қимыл-әрекет (би — ұлттық немесе заманауи, акробатикалық элементтер) Уақыты 1-2 минут;
  • Ән салу (халық әні, классикалық немесе ретро әндер т.б. өз қалауы бойынша) Уақыты 2 минут;
  • Аспапта ойнау — (мүмкіндігіне қарай) Уақыты 1 минут;
  • Барлығынан 1 (бір) шығарма жеткілікті және жатқа орындау шарт;
  • Әрбір қатысушыға 13 минут уақыт беріледі. Уақытты тиімді пайдалану;

ЕСКЕРТПЕ:

Аталған шығармаларға сапалы (мүмкіндігінше) бейне түсірілім жасап, Youtube каналына жүктеп сілтемесін жане сауалнаманы ұсынылған электронды поштаға жіберу қажет.

Бейне түсірілім барысында тапсырмаларды  орындамас бұрын жеке куәлікті бейне камераға жақын көрсетіп нақты өзі екенін білдіруі қажет;

 Барлық шығармаларды бір бейнеге (видео) жинақтап жіберу қажет (жеке-жеке жіберуге болмайды);

 Сілтеменің кімнен келгенін анықтап жазып жіберу қажет;

 Байқауға  қыздар — 21 жасқа дейін, ұлдар — 23 дейін қатыса алады;

 Қыздардың бойы 165 см кем болмауы керек;

 Ұлдардың 170 см кем болмауы керек;

 Үміткердің бөлмесі жарық әрі тыныш болуы қажет;

 Орындау барысында бөгде адамдар кедергі жасамауы қажет;

 Физикалық тұрғыдан денсаулығында кінәрат болмауы қажет

 Мәтіндерді оқу барысында бейне камераны ортаңғы көлемде (средний план) және би, этюд орындағанда жалпы көлемге (общий план) орналастыру  қажет;

Би және акробатикалық элементтерді т.б. қимыл-қозғалысқа құрылған тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік ережесін мұқият сақтау қажет;

Подробности

Начало:
1 июня @ 08:00 UTC+6
Окончание:
2 июня @ 17:00 UTC+6

Место проведения

Казахский национальный университет искусств
Тауелсиздик 50
Нур-Султан, Akmola 010000 Казахстан
View Место проведения Website
We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR