Жастарды жеріміздің шын жанашыр иесі екенін іспен көрсетуге, оны қадірлеуге баулуымыз керек

 Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдың 5 қаңтарындағы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көрсетілген проблемалардың маңыздылығы мен өзектілігі анық, атап айтқанда:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін дамыту кезеңі;
  • алдағы он жылдағы міндеттер мен проблемалар туралы;
  • мемлекет пен қоғамның біртұтастығының маңыздылығы;
  • заманауи мәселелерді шешуде әр азаматтың белсенділігі;
  • Қазақстан Республикасының қазіргі шекараларының мызғымастығы туралы;
  • жастарды жеріміздің шын жанашыр иесі екенін іспен көрсетуге, оны қадірлеуге баулуымыз керек екені;
  • басқа тілдердің маңыздылығын сақтай отырып, ұлтаралық қатынас тілі ретінде қазақ тілін дамытудың маңыздылығы туралы;

Мемлекет басшысының мақаласында Қазақстанның өсу және қалыптасу кезеңдері түгел қамтылған. Бәріміз үшін басты құндылық пен байлық — мемлекеттік тәуелсіздік! Ол туралы алыс ата-бабаларымыздың ондаған ұрпақтары армандады! Біз мемлекеттік тәуелсіздігімізді жоғалтпауымыз керек! Сондай-ақ, халықтың соңғы 30 жылдағы тарихи жетістіктерін бағалаудың дұрыстығын, күнделікті қарым-қатынас пен мемлекеттік тілді белсенді қолданудың маңыздылығына қосыламын.  Қазіргі заманғы жастардың мемлекеттік тәуелсіздік құндылықтарын қорғаушы ретіндегі жоғары рөлі мен миссиясын белгілегені оларға өмірлік бағдарлама бола алады деп ойлаймын.

Президентіміз ел мен жерге деген махаббат тәлім-тәрбиеден басталатынын айтады. Ендеше біздер өз  оқу орындарымызда жастарға осынау құндылықтарды дұрыс үйрете білуіміз өте маңызды. Туған жерді аялап, құрметтеу, көркем табиғатын сақтап, мақтан тұту, Тәуелсіздіктің бір шыңы — көп ұлтты Қазақтанның ауызбірлігі екенін әр кез есте сақтап, қошеметтеу!

Маған, әсіресе, мақаладағы Тәуелсіздік — ең үлкен құндылық екендігі туралы ойлар ұнады. Оның тарихи терең тамырлылығына ерекше көңіл аударып, түпкілікті зерттеулер жүргізіп, біздің кино және өнер индустриямызда осынау ұлтымыздың тарихын нақты да шыншылдықпен көрсету керектігіне   жоғары деңгейде нақты бағыт берілуі – өте сирек кездесетін жағдай деп ойлаймын.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы мәселелер өзекті де мазмұнды және болашағымыздың бағдарламасы деп толығымен қолдаймын.

ҚР музыкалық қайраткерлер    одағының төрағасы,
ҚР Еңбек Ері,
профессор     Айман Мұсахаджаева

 

 

 

 

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR