Халықаралық байқаудың қазылар алқасы

Сергей Владимирович Бодров (АҚШ) — кеңестік және ресейлік кинорежиссер, сценарист, продюсер, журналист, жазушы. «Кавказ тұтқыны» және «Моңғол» фильмдері үшін «Оскар»сыйлығының екі дүркін номинанты.

Мартонова Андроника (Болгария) — кинотанушы, киносыншы және Азия киносы саласындағы зерттеуші. Болгария Ғылым академиясының доценті, философия докторы – өнертану институты, экрандық өнер факультеті.

Махмудов Мавзур Мансурович (Өзбекстан) — кеңестік және өзбек сценаристі және анимациялық киноның режиссері. «Өзбекфильм»киностудиясының мультобединиясының қоюшы-режиссері. Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (2009).

Толомушова Гүлбара (Қырғызстан) — Ш. Айтматов киноүйінің маманы. Бішкекте өткен «Үміт»ТМД елдері жас киносы форумының бағдарламалық директоры. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.

Әбішев Серік (Қазақстан) – қазақстандық кинорежиссер, продюсер.

Қазақстандық байқаудың қазылар алқасы

Қазылар алқасының төрайымы-Абикеева Гульнара Ойратовна. Қазақстандық кинотанушы және киносыншы, Қазақстан киносыншылары қауымдастығының президенті. Халықаралық кинофестивальдің қатысушысы, «Еуразия» кинофестивалінің арт-директоры (2005-2013). Қазақстан және Орталық Азия кинематографиясы туралы бірнеше кітаптың авторы. Өнертану докторы (2010). Халықаралық кинопресс (ФИПРЕССИ) Федерациясының және Азия киносын жылжыту желісінің (СПАК) мүшесі.

Мұқышева Назира Рахманқызы. Кинотанушы, киносыншы, өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық өнер университеті «Өнертану» кафедрасының профессоры, Қазақстан кинематографистер Одағының мүшесі. Қазақ киносы туралы бірнеше кітаптың авторы. «Құрмет» орденінің иегері (2017), «Құлагер» ұлттық кинематографиялық жүлдесінің иегері (2018)

Смаилова Инна Тілекқызы. Кинотанушы, өнертану кандидаты, Қазақ Ұлттық Өнер университеті «Өнертану» кафедрасының профессоры.

Нөгербек Баубек Бауыржанұлы. Кинотанушы, Phd докторы, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның “Кино тарихы және теориясы” кафедрасының меңгерушісі.