Қожақова Ләззат Біләлқызы

Қожақова Ләззат Біләлқызы

Өзі туралы мәлімет

Туған жылы және күні: 12.08. 1975 жылы

Туған жері: Қызылорда қаласы.

Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.                 

Мақсаты

Қазақстанның кино, телевизия, театр және бейнелеу өнерінің дамуына жеке үлесін қосу.

Білімі

19851990 – 4-ші сыныптан 8-ші сыныпқа дейін редколлегия мүшесі, С. Сейфуллин атындағы № 4ші орта мектеп,Қызыл-Орда қаласы.

19851989 – Қызыл-Орда қалалық балалар көркемсурет мектебі- «Қызыл диплом». Дипломдық жұмысының тақырыбы:»Алау жанында».

19901994 – Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде оқуын жалғастырды, Алматы қаласы. «Станоктық кескіндеме» бөлімі, (Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, этнограф – қарутанушы Қалиолла Саматұлы Ахметжановтың шеберханасы). Мамандығы: «Сурет салу және сызу мұғалімі», Диплом тақырыбы:»Беташар».

19941999 –  – Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты, (Кеңестік және қазақ деректі және мультипликациялық кино режиссері. Ерсайын Әбдірахманов шеберханасы (1946-2001). Дипломды екі тақырып бойынша қорғады, оригиналды тақырыбы: «Жер шетіндегі үй» және тақырыбы:»Ер Төстік» таңғажайып қазақ ертегісіне 18 кейіпкер бейнесін ұсынды. Диплом бойынша мамандығы: «Режиссер, суретші-мультипликатор».

Жұмыс тәжірибесі

1999 оқуды аяқтағаннан кейін, Қазақстандағы мультипликация режиссурасы мектебінің негізін қалаушылар, тәлімгер педагогтар;

 А.А. Хайдаровтың, декан Е. Абдрахмановтың және доцент

Г. Е. Бекишевтің ұсынымы бойынша оқытушы қызметіне кірісті.

19992007 – Аға оқытушы, «Кино және ТВ» факультеті,»Кино өнері» кафедрасы,  «Арнайы сурет», «Арнайы кескіндеме», «Анимация техникасы», «Анимация теориясы», «Режиссура» пәндері бойынша дәріс берді.

2000 – «Режиссер, суретші-мультипликатор»мамандығының ерекшелігі ескерілген «Арнайы сурет», «Арнайы кескіндеме» пәндері бойынша оқу-әдістемелік бағдарламалардың авторы.

2004– Курс шебері, жетекші, осы жылы «Режиссер, суретші-мультипликатор» мамандығына қабылдаған шәкірттері түгел осы салада қызмет жасауда. Оның ішіндегі ең танымал шәкірттері:

 1) Абельдинов Адай – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» жанындағы анимациялық бөлімінің басшысы, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА аға оқытушысы (Алматы қаласы);

 2) Оразалы Жәнібек – Қазақстан анимациялық киностудиялар бірлестігінің басшысы, «Шабыт» ҚазҰӨУ аға оқытушысы (Нұр-Сұлтан қаласы).   

2009 – Аға оқытушы, куратор.»Сымбат» Сән және бизнес академиясы, «Графикалық дизайн» факультеті, «Сурет және кескіндеме» кафедрасы, Алматы қаласы. Жарнама теориясы», «Графиканың заманауи түрлері», «Жарнамалық және баспа графикасы», «Графикалық дизайн элементтері мен процестері»,»Сурет» және «Кескіндеме» пәндерінен дәріс берді. Қызмет уақыты-жарты жыл.

20052012 – Қоюшы-суретші және мультипликатор.»Эрнест Резерфорд», «Альберт Эйнштейн» атты ғылыми-танымдық анимациялық фильмдерінде, «ILS edutainment» ЖШС, Алматы каласы.

20142015 – Кешкі курс оқытушысы. Ольга Крюкованың алғашқы сән және дизайн мектебі, стилист-визажист мен сән-дизайнерлеріне «Арнайы сурет» және «Арнайы кескіндеме » пәндері бойынша.

20122019 –  Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының мүшесі, костюм      суретшісі, театрдың баспа өнімдерінің графикалық дизайнері, қуыршақтар жасау шебері, суретші-бутафор және гример, Астана Қуыршақ театры МКҚК.

20192020 – «Балапан»телеарнасының дизайнері,»Қазақстан» КазТРК. 20192021 –  Курс шебері, оқытушы, «Шабыт» Қазақ Ұлттық Өнер Университеті , «Киноөнері және телевидение» факультеті, «Кино және телевидение режиссурасы» кафедрасы,»Анимациялық кино режиссурасы» мамандығы үшін.

2021 оқу жылынан бастап «Шабыт» ҚазҰӨУ,»Кино және телевидение режиссурасы» кафедрасының менгерушісі қызметінде.

Шығармашылық жұмыстар

2001 – Комикс суретшісі. «Қазақша сөйлеуді үйренеміз!»,

«Айгөлек» балалар қазақстандық балалар журналының редакциясы.

20032004 –  Суретші-аниматор, суретші-иллюстратор.

«Алмаз» мультфильмі, «Крококатхус» жеке жарнама агенттігі.

2005 – Комикстер жетекшісі,»Универсал» баспаханасымен ынтымақтастық.

20032006 – Қоюшы суретші, суретші-аниматор, фон суретшісі, «Құйыршық» атты анимациялық сериалының, 2, 3 және 5-ші серияларында. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм», Анимациалық студиясы.

2004 – Суретші-аниматор. «Мен сенемін» атты музыкалық клипінде.

2005 – Суретші-аниматор. «Менікі» мультфильмінде.

2005 – Режиссер және суретші-аниматор. «SMILE» жаңа жылдық анимациялық жарнамалық-құттықтау ролигі, «АЙЯ»ойын-сауық паркі.

2012 – Кейіпкерлердің суретшісі. «Алтын сақа» мультфильмінде.

20052012 – Қоюшы-суретші және суретші-аниматор. «Эрнест Резерфорд», «Альберт Эйнштейн» атты ғылыми-танымдық анимациялық фильмдерінде, «ILS edutainment» ЖШС.

2012 – Қоюшы суретші, раскадровка суретшісі. Аутсорс компания, «Балапан» телеарнасы, «Ер, Дос, Би ерліктері» мультфильмінің бірінші сериясында.

2013 – Қоюшы суретші, суретші-аниматор. Астана қаласы өртке қарсы қызмет комитетінің тапсырысы бойынша «Өрт» әлеуметтік анимациялық ролигінде.

2013 – Шұлық-қуыршақтардың қоюшы-суретшісі. «Муха» студиясы ЖШС, «Хабар» Агенттігі АҚ тапсырысы,»СНОСКИ» ойын-сауық телебағдарламасында.

2013 – Костюм суретшісі. «Доктора сказочники» жобасы, ЖК»Ауталипова» Д.М.

2013 – Костюмдердің қоюшы-суретшісі және гример, «Арыстан патшасы» мюзикл, балалар спектаклінде, МКҚК Астана «Қуыршақ театры».

2014 – Қоюшы суретші, Қазақстан ТРК АҚ, «Балапан» телеарнасының тапсырысы,»Бақорда» ЖШС, «Білгіштер бекеті» балалар танымдық бағдарламасының мультипликациялық кірісінде.

2015 – Қоюшы-суретші, Жарықтандыру, үнемдеу!» атты анимациалық ролигінде.ЖК аутсорс телеарна компаниясы,»Хабар» АҚ агенттігі.

2016 – Қуыршақ авторы. Қанбаевпен әзіл-сықақ бағдарламасы,»Хабар» АҚ агенттігі.

2016 – Сюжеттік суретші, комикс суретшісі және жарнамалық роликтер раскадровкасы, ЖК «Әлемстар»студиясы.

20182019 – Қоюшы режиссері және суретші-аниматор,

Аутсорс компания, «Қазақстан» Қаз ТРК АҚ «Ш.Уәлиханов», «А. Эйнштейн», «Архимед», «Ньютон»,»Әл-Фараби» фильмдерінің анимациялық топтамасында.

20182019 –  Қуыршақтардың авторы. Аутсорс компания,

«Қазақстан» КазТРК,»Балапан»телеарнасы,»Сезім қаласы» телевизиялық  жобасында.

20132020 жылдары, түрлі шығармашылық жобаларға арналған театрлық, имидждік қуыршақтар мен костюмдердің авторы, әрі орындаушысы.

2020 –  Анимациялық иллюстрациялар режиссері, Аутсорс компания, «Қазақстан» КазТРК, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, мүсінші Х.Наурызбаевқа арналған деректі кинокөрсетілімінде.

2021 – Гример, Аутсорс компания,»Қазақстан» КазТРК, «Балапан»телеарнасы, «Сиқырлы бөлме» телевизиялық  жобасында.

Шығармашылық жетістіктер

және марапаттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1996 – Әлеуметтік мәселеге карикатура жанрындағы алғашқы шығармашылық жұмыстары «Аргументы и факты», «Ара», «Шмель» (Алматы қ.)

1997 – Қазақстанда Сорос Қоры жариялаған «Адам құқықтары» тақырыбындағы карикатуристер конкурсында, Екінші орын иегері және карикатуралар конкурсына қатысқаны үшін Сертификат.

1998 – Қазақстанда Сорос Қоры өткізген «Адам құқығы: екінші тыныс» көрмесі, «Қайыршы» мультипликациялық ролигімен.

1998 – Суретші-шаржист, Күлкі күніне арналған бағдарламасында, КТК телеарнасы.

1998 – Словения Республикасы, Любляна қаласында өткен 2-ші жас таланттар фестивалінің Қатысушысы, демеушісі Сорос қоры.

1999 – «Мен» студенттік шығармашыл жастар фестиваліне белсенді қатысқаны үшін Диплом, Т. Жүргенов атындағы театр және кино институты.

1999 – Ыстамбулда (Түркия) өткен «Aydin Dogan» халықаралық карикатуристер конкурсының қатысушысы.

1999 – Мәдениет министрлігінің желісі бойынша Ыстамбұлға (Түркия) карикатура фестиваліне шақырылды.

2000 – «Казкоммерцбанк» АҚ жариялаған жарнамалық карикатура жанрындағы конкурста жеңіске жетті, кейінгі ынтымақтастықпен.

2012 – «Балапан» телеарнасының тендеріне қатысты (Қазақстан ТРК жанында), «Ер,Дос,Би ерліктері» мультисериалдың Қоюшы суретшісі.

2014 Алғыс хат. Еліміздің елордасындағы мәдениет пен театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін, Астана қаласы мәдениет басқармасының бастығы Б.Мажағұлов.

2014 Сертификат. Алматы қ., ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ұйымдастыру комитеті және «Қазақстан халқының рухани Даму Қоры» АҚ шетелдік шеберлердің қатысуымен өткен Қазақстан театр қайраткерлерінің 15-ші Республикалық практикумына қатысқаны үшін.

2017Сертификат. Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасы берген Beginner – «Самұрық-консалтингте» жаңадан келген ағылшын тілі курсынан өткендігі туралы. Директор Үмбеталиева Ж. М.

2018Құрмет грамотасы. Мәдениет және өнер, серіктестік, жоғары кәсіби қасиеттер, адал және ұзақ мерзімді жұмысы және Астана қаласының үйлесімді дамуы мен рухани байытуына белсенді қатысқаны үшін». Қазақстандық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Иманқұлова.

2019 Алғыс хат. Балапан телеарнасының дамуына қосқан үлесі және бағдарламаның сапалы шығуына қосқан жемісті еңбегі үшін, «Қазақстан» РТРК жанындағы «Балапан»телеарнасының директоры М.Жұмабай.

2020 Сертификат. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және «Erasmus» қоры+Еуроодақ бағдарламасы ұйымдастырған «Оқытудың инновациялық технологиялары және дидактикалық модельдер»курсынан өткені туралы. Нұр-Сұлтан қаласы.

2020Алғыс хат. ҚазҰӨУ қоғамдық-мәдени дамуына қосқан үлесі үшін, Ректор А.Мұсақожаева.

2020Диплом. Қазақстан педагогтарының Асооциациясы ұйымдастырған «Тәуелсіз Қазақстанның үздік педагогы-2020» байқауына ұсынылған үздік жұмыстары үшін. Төраға Т.Оразбаев.

2020«Үздік педагог» төсбелгісі. № 0888 куәлік, Ұрпақты және елді тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Қазақстан педагогтар қауымдастығы Президиумының шешімімен берілді. Төраға Т. Оразбаев.

2020 Сертификат. «Приоритет 2030» академиялық көшбасшылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. С. А. Герасимов атындағы БүкілРесейлік мемлекеттік кинематография институты.

Тілдерді білуі

Қазақ (ана тілі), Орыс тілі еркін, ағылшын тілі-бастауыш.

Компьютерлік дағдылар

Тәжірибелі компьютер қолданушысы (кәсіби графикалық бағдарламалар: Adobe Photoshop, Toon Boom, Adobe After)

Қызығушылықтар мен хобби

Тарих, этнография, кино, спектакльдер, жүзу, бадминтон, тігу, қуыршақтар, медицина, парапсихология, астрология және ойын-сауық бағдарламалары.

Жеке қасиеттер

Жауапты, адал, коммуникабельді, креативті, жылдамдық пен сапаны бағалайды.