Мукей Айгүл Адиятоллақызы

Мукей Айгүл Адиятоллақызы

Байланыс мәліметтері: Е-mail mukei@mail.ru

Академиялық қызметі  Кино және ТВ Режиссурасы кафедраның Доценті

Ғылыми дәрежесі: Доцент

Білімі / біліктілігі:

 

2014-2015 ж. – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

Халықаралық бизнес-мектеп, Іскерлік әкімшілендіру магистрі /Үздік диплом

1997-2002 ж. – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Кино және ТД факультеті

Мамандығы: Автор- телетүсіндірмеші

Үздік диплом

1991-1996 ж. – С. Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік университеті (қазіргі ЕҰУ) Филология факультет

Мамандығы: Орыс тілі мен әдебиетін оқытушы

Қызмет бағыты: Тележүргізуші, журналист, қоғам қайраткері. 

Қазақстандық телевизияда 25 жылдан астам еңбек тәжірибесі бар, соның ішінде 10 жыл бойы «Хабар» телеарнасында кешкі қорытынды жаңалықтардың жүргізушісі болды.

6 жыл – «Ел-арна» телеарнасының директоры.

4 жыл бойы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды. «Құрмет» орденінің кавалері және басқа мемлекеттік марапаттардың иегері. 

«Шабыт» қазақ ұлттық өнер университетінің «Кино және ТД режиссурасы» кафедрасының доценті.

Құрамына «Еврофарма» дәріханалар желісі, «Сандық» мейрамханалар желісі және т.б. кіретін «Ақ-ниет» ЖШС-ң PR директоры.  

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының мүшесі. 

Жетістіктері:

 

– «Құрмет» орденінің кавалері – 2009 жыл

– ҚР Президентінің алғыс хаттары

– ҚР Журналистика академиясының академигі

– «Нұр-Отан» партиясының журналистика саласындағы сыйлығының лауреаты – 2006 жыл

– ҚР Тұңғыш Президенті Қорының мәдениет және өнер саласындағы сыйлығының лауреаты – 2008 жыл

– Жастар одағы сыйлығының лауреаты – 2003 жыл

– Жыл журналисті – 2002 жыл

– «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған

Сондай-ақ басқа мемлекеттік емес марапаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Меңгерген шет тілдері: қазақ тілі

 Орыс тілі – еркін сөйлей алады, қазақ тілі – еркін сөйлей алады , ағылшынша – ауызекі сөйлеу деңгейінде.