Мейрамов Тлектес Уахитұлы

Акадамиялық қызметі: Профессор

Ғылыми дәрежесі: ЖАҚ профессоры, ҚР халық артисі.

Білімі:

1971ж.- Құрманғазы ат. Өнер институты, Алматы.

2016ж.-Б. Бейшеналиева ат. Өнер институты, Бішкек. Қырғыз   Республикасы

Қызмет бағыты – Театр өнері

Кәсіби қызметі:

1971 – 1989 ж.ж М. Әуезов ат. академиялық драма театры – артист.

1989-1990 ж.ж – ҚР. мәдениет министрлігі театр бөлімінің басшысы

1990 – 2001ж.ж М. Әуезов ат. академиялық драма театры – артист.

2001 – 2007ж.ж. – Ғ. Мүсірепов ат. академиялық  балалар мен жасөспірімдер театры – директор, көркемдік жетекші

2007-2011ж.ж. – Астана қ. Жастар тетры – көркемдік жетекші.

Қосымша жұмыс:

1973 -1984ж.ж. – М. Әуезов ат. театры жанындағы студия – оқытушы

1984 – 2007ж.ж. –  Т. Жүргенов ат. Өнер Академиясы – оқытушы

2007ж.- б.к. Қазақ Ұлттық Өнер Университеті – оқытушы.

Ғылыми еңбектер, басылымдар – Шеберлікке бастар жол (оқу құралы)

Біліктілікті арттыру курстары -Т. Жүргенов ат. Өнер Академиясы – 2017ж (72с)

Жетістіктері:

1993 ж.- «Үздік ер адам ролі»; «Шыңғысхан» сп. Шыңғыс хан бейнесі үшін (авторы И. Оразбаев )

 2004 ж.- «Үздік ер адам бейнесі»;   «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» сп. Қарабай бейнесі үшін. (авт. Ғ. Мүсірепов).

2012 ж. – «Ең үздік ер адам бейнесі»; «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясындағы Науан ролі үшін. (авт. Ғ. Мүсірепов)

Лауреаттар:

Абай А. – «үздік әйел бейнесі – Алматы-пәндік олимпиада

Әбенова А – «екінші пландағы үздік роль»- Алматы,  пәндік олимпиада

Алдонгаров Д. – «ең үздік пластикалық шешім» -пәндік олимпиада, Алматы.

Абай А. – «актер-әнші» байқауы – Бас жүлде. Астана, ҰӨУ

Еріков Ә. – «ең үздік ер адам ролі» ТТТ фестивалі, Қарағанды.

Меңгерген шет тілдері: Орыс тілі

Қосымша:

Театр  және  кино саласындағы  еңбегімен бірге әдеби-шығармашылық жұмыстармен де айналысады. А.Гельманның «Наедине со всеми», Н.Абдуллоевтың  «Двое», И.Вовнянконың «Смерть стриптизера» пьесаларын қазақшаға аударып, І.Есенберлиннің «Ғашықтар», Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ түн» романдарын, Р. Отарбаевтың «Дүниеғайып» повесін, О’ Генридің «Үндістердің көсемі» әңгімесін   сахнаға, ал М.Әуезовтың «Абай жолы» романын телеарнаға лайықтап инсценировкалар жасады.

Т. Мейрамов моноспектакль жанрына қадам жасаған тұңғыш қазақ актері. Әр жылдары Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясын, Р.Сейсенбаевтың «Майдан әндері», Н.В. Гогольдің «Жындының жазбалары» әңгімелерін,  У.Шекспир, А.Грибоедов, Ғ. Мүсірепов шығармалары бойынша дайындаған «Ақылдан азап» спектакльдерін жалғыз орындап  шықты. Бірнеше  Халықаралық  және  Республикалық театрлар фестивальдерінде,  О.Бөкей атындағы көркемсөз оқушылар байқауларында  қазылық етті.

В. Пұсырмановтың «Серебряный рог Алатау», «Прощай, красавица»,  Моңғол киностудиясымен бірлесіп  түсірген «Стрелок Хумучи»,  С. Тәуекелдің «Жерұйық», А.Сатаевтың «Жау жүрек мың бала», р. Әбдірашевтың «Қазақ хандығы» Р. Сүлейменовтың «Когда ангелы спят» т.б.  фильмдерге түсті .

Халық артисі Т.Мейрамовтың шығармашылығы сахналық жоғары мәдениетімен,  эстетикалық  талғампаздығымен, актерлік ізденімпаздығымен ерекшеленеді.