Лейло Ақназарқызы Бекназар-Ханинга

Т.А.Ә: Лейло  Ақназарқызы Бекназар-Ханинга

Байланыс мәліметтері

8 701 474 82 10

lbeknazar@bk.ru

Академиялық қызметі: Өнертану профессоры

Ғылыми дәрежесі: Профессор ЖАК

Білімі:

1977-81 жылдары Алматы көркем театр институтында драмалық «театр және кино артисі» мамандығын тәмамдады. КСРО Халық артисі,  Мемлекеттік сыйлықтың иегері  Х.Бөкееваның шеберханасында  шыңдалған Лейло Ақназарқызы  сол жылы М.Әуезов  атындағы Қазақ академиялық  драма театрының құрамына 1981 жылы алынды.

Қызмет бағыты:

Театр, кино, ТВ, дубляж

Кәсіби қызметі:

  1. 36 жыл тәжірибе,
  2. 1982 жылы М. Әуезов атындағы драма театрына 5 ақпанда қабылдады,
  3. 1999 жылы Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің шақыруымен әрі ҚР Мәдениет Министірлігінің жолдамасымен Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрына және М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрына қызметке келді.
  4. 2002 жылы Қазақ  Ұлттық  музыкалық академиясында «Театр және режиссура» кафедрасының  меңгерушісі болып тағайындалып,  кафедраның негізін қалады. Сол уақыттан бері осы кафедрада ЖАК профессор дәрежесімен студенттерге білім беруде.

Жетістіктері:

    Лейло  Ақназарқызы Бекназар-Ханинга —  танымал театр және кино артисі,   Қазақстан  Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» Ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасы  Жастар сыйлығының лауреаты, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры (ЖАҚ).

М.Әуезов  атындағы Қазақ академиялық  драма театрының сахнасында  сомдаған рольдері:  Т.Ахтанов  «Жоғалған дос» — Ғалия, С.Сматаев «Жұлдызым менің жоғары»-Шолпан, Б.Мұқай «Тоят түні»-Баян, М.Әуезов «Айман-Шолпан» — Шолпан, И.Ғайып  «Мен ішпеген у бар ма?» — Әйгерім,  «Шыңғыс хан» Құлан, У.Шекспир «Асауға тұсау» — Катарина,  Б.Атабаев, А.Тасымбеков «Кебенек киген арулар» — Жания, Володин «Кесіртке» — Әнші,  Е.Аманшаев «Сұлтан болсам егер мен» — Зарина, Е.Шварц «Күлше қыз» — Күлше қыз,Ш.Хусайнов «Үкілі Ыбырай» — Алтын, «Парсы аңыздары» — Зарина, М.Байжиев «Қалыңдық пен күйеу» — қалыңдық т.б. секілді сан түрлі рольдер актриса шеберлігінің шындалуымен көрермендер көзайымына айналды. Талмас  ізденімпаздығымен  таланттар  шоғырынан  орын  алған  өнерпаз қарашаңырақта он сегіз жыл қызмет етті.

       Ел астанасы Ақмолаға ауысып, әр саланың бетке ұстар мамандары күш біріктірген уақытта Лейло Бекназар-Ханинга                      1999 жылы Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің шақыруымен әрі ҚР Мәдениет Министірлігінің жолдамасымен Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрына және М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрына қызметке келді.

            Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрына және М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрларында: А.Чеховтың «Ваня ағай» — Елена Андреевна;  Ә.Нүрпейісов «Қан мен тер» — Ақбала; М.Әуезов «Қара Қыпшақ Қобыланды» — Қарлыға, «Айман -Шолпан» — Теңге; М.Шаханов «Шыңғысханның соңғы күндері» — Ақерке; Д.Исабековтың «Алтын тордағы тоты» — Актриса; Ж.Мольер «Тартюф» — Дарина;

Е. Жуаcбек «Үйлену»-Дерекгүл, «Сен үшін» — Әйел; Ж.М.Шевре «Ізгілік формуласы» — Маривонн, Р.Мұқанова «Сарра» — Сарра.

      2002  жылы  Қазақ  Ұлттық  музыкалық академиясында «Театр және режиссура» кафедрасының  меңгерушісі болып тағайындалып,  кафедраның негізін қалады. —  Профессор (ЖАҚ)  қырықтан астам шәкірттері – Халықаралық байқаулардың лауреаттары, Қазақстан «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының, Қазақстан Республикасы «Дарын» Жастар сыйлығының иегерлері.

Д.Исабековтың «Алтын тордағы тоты» драмасындағы  Актриса, А.Чеховтың «Ваня ағай» драмасындағы Елена Андреевна және М.Шахановтың «Шыңғысханның соңғы күндері» пьесасындағы Ақерке,  Е.Жуасбектің «Сен үшін» комедиясындағы Әйел бейнесі, 2012 жылы Қостанай  қаласында  І.Омаровтың 100-жылдығына арналған Республикалық Театрлар фестиваліне — Ж.М.Шевренің «Ізгілік формуласы» атты комедиямен қатысып  «Ең үздік әйел» номинациясына ие болды. 

     Халықаралық фестивальдарде жеті мәрте «Ең үздік актриса» атағына ие болу бұған дейін болмаған жетістік. Мұндай жетістікке Лейло  қазақ  және  орыс тілдеріндегі  спектакльдерде қатар ойнай беретін мүмкіндігінің, тума талантының арқасында жетті.

         «Сахнагер» Ұлттық Театр жүлдесінің «Театр өнерінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» марапат иегері. Халықаралық, республикалық фестивальдерінің  жеті  мәрте «Ең үздік актриса» жүлделерінің  иегері.

        «Қазақфильм», «Мосфильм», «Қырғызфильм» киностудияларында киноға түсті: «Күзет бастығы»-Күләш (реж: А.Тәжібаев),«Провинциальный роман»-Зарема  (реж: М.Убукеев), «Стужа» — Гуля  (көркемдік жетекші  А.Кончаловский, реж:М.Омаров), «Ақ білек» — Тоқал (реж:К.Дүйсенбаев), «Бибол» — балалар үйінің директоры (реж:Т.Теменов), «Ана жүрегі» — Райгүл Ахметқызы (реж:С.Омаров), «Рауан»  — Ханшайым (реж: С.Омаров), «Келінжан» — Күлімхан ене   (реж:Е.Нұрғалиев), «Любовь.Надежда. Астана» — Мать (реж:И.Голубоков).

         2019 жылдың Алматыда 5-6 қыркүйекте драматург Р.Мұқанованың «Фариза» спектаклі М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында көрерменге ұсынылды.  Режиссері – Ф.Молдағали.  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, профессор Л.Бекназар-Ханинга спектакльде Тағдыр рөлін сомдады.

   Аталмыш спектакль  31 қазанда Мәскеу қаласындағы «Современник» театрының сахнасында, 15-16 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, құрметке ие болды.

Лауреаттар:

Астана қаласының театр әртістері арасында өткен “Көңілді старт” сыйысы 1 орын «Драма театры және кино актері» мамандануының 2 курс студенттер марапатталады. 2019 Курс жетекшісі: Лейло  Ақназарқызы Бекназар-Ханинга

Амангельды Рустем Айдосулы  III Халқыаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Анварова Ситора  III Халықаралық конкурс Jumeirah SoundsГран При. Дубай 2019 ж.

Амангельдыева Арелана Нуржановна — III Халқыаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Арыстанов Азамат Ғабитұлы III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Арқабеков Досымжан Нұржанұлы III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Бекимов Бекнұр Әлібекұлы III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Бодашева Гүлназ Қанатқызы III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Ділдабеков Мұхтархан Нұрымжанұлы III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.2019

Елеусинов Нургиса Сагадинович III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Жақсылық Данияр Нұрғазыұлы III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Жұмабаева Дина Нұртайқызы III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Махметов Айдын Ерғанатұлы III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Мақсатұлы Намыс III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Мыңбай Нұртілеу Нұрмаханбетұлы III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Мұрат Әліби Мұратұлы III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Оразаева Ұлжан Қайырбайқызы III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Султанов Арман Мухамбеткалиевич III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Туйгунбеков Жалгас Женисович III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Турсынжан Думан Талгатович III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При.  Дубай 2019 ж.

Шаркеева Айғаным Аскарқызы III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Шығысханқызы Жанымгүл III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Юсупов Әлибөкейхан Нағашыбай III Халықаралық конкурс “ Jumeirah Sounds” Гран При. Дубай 2019 ж.

Алматы қаласы Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында “Жоғары оқу орындары арасында өткен XII Республикалық студенттік пәндік Олимпиадасы.

  1. Бодашева Гульназ — «Ең үздік әйел бейнесі” үшін марапатталады.2020
  2. Оразаева Ұлжан — “Ең үздік әйел бейнесі” үшін марапатталады. 2020
  3. Амангельдиева Арелана — “Ең үздік әйел бейнесі” үшін марапатталады. 2020
  4. Юсупов Алибөкейхан — “Екінші пландағы ер адам бейнесі” үшін марапатталады.
  5. Мыңбай Нұртілеу — “Екінші пландағы ер адам бейнесі” үшін марапатталады.
  6. ІІ-орын иегері “Қазақ Ұлттық Өнер Университеті” М.Әуезов “ Қарагөз” үзіндісімен «Драма театры және кино актері» мамандануының 2 курс студенттер марапатталады 2020. Курс жетекшісі: Лейло Ақназарқызы Бекназар-Ханинга
  7. ІІІ-орын иегері “Қазақ Ұлттық Өнер Университеті” А.П.Чехов “Ваня ағай” үзіндісімен «Драма театры және кино актері» мамандануының 2 курс студенттер марапатталады 2020. Курс жетекшісі: Лейло Ақназарқызы Бекназар-Ханинга
  8. ІІ-орын “Қазақ Ұлттық Өнер Университеті” Абайдың – 175 жылдығына арналған проза, поэзия,әндерінен құрылған композициясы. «Драма театры және кино актері» мамандануының 2 курс студенттер марапатталады 2020. Курс жетекшісі: Лейло  Ақназарқызы Бекназар-Ханинга
  9. Сахна тілі пәні “ Қара сөз оқу” ІІ-орын иегері Туйгунбеков Жалғас. 2020
  10. Сахна тілі пәні “ Қара сөз оқу” ІІІ-орын иегері Мыңбай Нұртілеу. 2020
  11. Сыған биі” 2 орын «Драма театры және кино актері» мамандануының 2 курс студенттер марапатталады 2020. Курс жетекшісі: Лейло Ақназарқызы Бекназар-Ханинга
  12. Для тебя” биімен 2 орын Бодашева Гульназ, Арыстанов Азамат «Драма театры және кино актері» мамандануының 2 курс студенттер марапатталады 2020. Курс жетекшісі: Лейло Ақназарқызы Бекназар-Ханинга

Меңгерген шет тілдері: Орыс тілі, неміс тілі