Ешмұратова Құралай Халекетқызы

Ешмұратова Құралай Халекетқызы

Байланыс мәліметтері: kuralai87752560044@mail.ru

Академиялық қызметі: Профессор

Ғылыми дәрежесі: ҚР еңбек сіңірген артисі

Білімі: жоғары /біліктілігі: Режиссер

Оқу орны: 1. Құрманғазы атындағы консерватория/ Мемлекет: ҚР / жылы: 1967 / қызмет бағыты: драма театрының актрисасы

2. С. В. Образцов шеберханасы, жоғары режиссура курсы / Мемлекет: Ресей / жылы: 1974 / қызмет бағыты: Қуыршақ театрының режиссері

Кәсіби қызметі: Жұмыс тәжірибесі 53 жылдан астам:

1. Алматы қаласының қуыршақ театры / Бас режиссер

2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қуыршақ театры МКҚК/ Бас режиссер

3. Ұстаздық қызметі 25 жылдан астам:
1. АГТХИ Алматы қ.

2. ҚазҰӨУ Нұр-Сұлтан қ.

Қ. Х. Ешмұратова Қазақстан қуыршақ театры өнері туралы «Қуыршақ өнерінің даму жолдары» атты монография, көптеген мақалалар, зерттеу жұмыстарын, қуыршақ жүргізу өнері бойынша әдістемелік еңбектер жазды.
Жетістіктері: Ешмұратова Қ.Х. өзінің еңбек жолында: «Құрмет», «Халықтар достығы» ордендерімен, «Еңбек ардагері», «Ерен еңбегі үшін», және Тегеранда (Иран) өткен Халықаралық фестивальде «Алтын маска» медальдарымен марапатталды.
2015-2018 жылы, Нұр-Сұлтан қаласында, қазақ қуыршақ театрының негізін қалаушы және тұңғыш кәсіби режиссері,
КСРО халық артисі, Социалистік Еңбек Ері С.В. Образцовтың шәкірті, Құралай Ешмұратованың шығармашылығына арналған Халықаралық фестиваль өтіп, оған 48 елдің қуыршақ театрлары қатысты.
Қ. Х. Ешмұратованың қойылымдары Франция, Япония, Африке, Болгария, Түркия, Ресей және т.б шетелдерде өткен Халықаралық фестивальдерге топ жарды.

Қ.Х. Ешмұратованың ҚазКСР-нің еңбек сіңірген артисі – А. Жайлімісов, С, Бейшенов, Қ. Абуева, ҚР Мәдениет қайраткерлері – С. Мақұлбеков, Г. Ілиясова, Д. Бейсенбаев, А. Садықова сынды қуыршақ театры өнеріне адал шәкірттері, кейінгі буынға үлгі болып табылады.

Шет тілдері: орыс тілі (еркін), ағылшын тілі (сөздікпен)

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR