https://www.facebook.com/kaznuikz/
rector@kaznui.kz
+7 (7172)70 44 23
Нур-Султан, проспект Тауелсиздик, 50

Айман Мусахаджаева Кожебекқызы

Айман Кожебекқызы Мусахаджаева – көрнекті скрипкашы, ҚазССР Халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, профессор, белгілі қоғам қайраткері.

Айман Мусахаджаева 1958 жылы Алматыда дүниеге келген. 1965 жылдан 1976 жылға дейін К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектебінде профессор Н.М. Патрушеваның скрипка сыныбында оқыды (қазір – К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернаты).

Мамандандырылған мектепті бітіргеннен кейін Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына (қазір – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) түсті. 1978 жылы П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясына екі рет Ленин орденінің иегері, Ресейдің Халық әртісі, профессор Валерий Климовтың сыныбына ауысты (қазір – П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы). Белгілі жоғары оқу орынын Айман Мусахаджаева үздік бітірді. 1983 жылдан 1986 жылға дейін сол мекеменің ассистентура-тағылымдамада оқуын жалғастырды.

1983 жылдан бастап Айман Мусахаджаева – Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке орындаушысы (қазір – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы). 1990 жылдан бастап Құрманғазы атындағы АМК қабырғасында доцент және кафедра меңгерушісі, одан кейін профессор (1993) лауазымында оқытушылық қызметі басталды.

1993 жылы Айман Мусахаджаева өзінің бастамасымен құрылған «Солистер академиясы» Мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. 1998 жылы Айман Мусахаджаева Қазақстанның жаңа ЖОО – Қазақ ұлттық музыка академиясын басқарды. 2010 жылы ҚазҰМА негізінде құрылған Қазақ ұлттық өнер университетінің ректор қызметін қазіргі күнге дейін атқарып келеді.  

Көп жылдар бойы Айман Мусахаджаева шығармашылық, ағартушылық, ұйымдастырушылық, оқытушылық және қоғамдық жұмыстарды жүргізеді.

Айман Мусахаджаева – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшесі (02.2011-04.2011), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, Қазақ ұлттық өнер университетінің Бастауыш партия ұйымының төрағасы және т.б.

Айман Мусахаджаева Қазақстан Республикасының Халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек Ері», ЮНЕСКО-ң «Әлем әртісі», Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Астана қаласының Құрметті азаматы» және т.б. атақтарына ие болды.

2002 жылы Айман Мусахаджаеваның есімі IВС «XX ғасырдың 2000 көрнектi музыканты» дүниежүзiлiк құрметтi тiзiміне, сондай-ақ Кембридж университетiнің «ХХ ғасырдың көрнекті музыканттары» энциклопедиялық сөздігіне (2002) енгiзiлген. Кембридж қаласының Биографиялық орталығы «2003 жылғы Халықаралық музыкант» құрметті атағын берді.

Айман Мусахаджаева Белград қаласында өткен Халықаралық байқаудың, Генуада Н.Паганини атындағы Халықаралық байқаудың, Токиода Халықаралық байқаудың, Я.Сибелиус атындағы Халықаралық байқаудың, VIII П.Чайковский атындағы Халықаралық байқаудың, концерттік қызметі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан меценаттарының «Платиналы Тарлан» тәуелсіз сыйлығының, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының, «Достастық жұлдыздары» Мемлекетаралық сыйлығының және т. б. лауреаты.

Айман Мусахаджаева ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (екі рет: 2003 және 2008 жж.), Халықаралық шығармашылық академиясының академигі, Италия Президенті «Еңбегі үшін» орденінің иегері, П. Чайковский атындағы Халықаралық байқау лауреаттары қауымдастығының мүшесі және т.б.

Айман Кожебекызы Достық орденімен, «Астана», «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Gloria Artis мәдениетінде еңбегі үшін», Густав Малера Күміс медалімен және т.б. медальдермен марапатталған. 

Айман Мусахаджаеваның бастамасымен Қазақстанда халықаралық байқаулар мен фестивальдер өткізіледі. Олардың арасында – Халықаралық «Астана-Мерей» скрипкашылар байқауы және Халықаралық скрипкашылар байқауы бар. Әлемнің беделді музыканттарының пікірінше, Т. Шимицу,     М. Аббадо, Э. Грача, А. Винницкий және т.б. бұл іс-шаралар жоғары орындаушылық деңгейімен ерекшеленеді.

Айман Кожебекқызы халықаралық байқаулар мен фестивальдердің қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитеттеріне қатысады. Сонымен, ол беделді британдық International FilmGuide басылымы әлемнің жетекші кинофестивальдерінің шорт-парағына қосқан, 2017-2018 жылдары «Еуразия» Халықаралық кинофестивалін басқарды.

Айман Мусахаджаева Пианист Павел Гилиловпен бірге «Deutsche Grammophon» дыбыс жазу фирмасында екі CD және Мануэль Эрнандес Сильва жетекшілік ететін Wiener Symphoniker оркестрімен концерттік бағдарламасын шығарды.

Айман Мусахаджаева атақты музыканттар, соның ішінде Миша Майский, Бруно Канино, Виктор Третьяков, Эдуард Грач, Павел Гилилов, Владимир Спиваков, Сергей Ралдугин, Кристиан Шульц, Гудни Эмильссон және басқалармен тығыз қарым-қатынаста өнер көрсетеді.

Әр жылдары әлемнің ең озық камералық және симфониялық оркестрлері – Winner Symphonicer Orchestra, Royal Symphony orchestra, Ресейдің Ұлттық симфониялық оркестрі, Еуропа жастар симфониялық оркестрі және Владимир Ашкенази, Павел Коган, Саулюс Сондецикс, Михаил Плетнев, Михаил Юровский, Владимир Федосеев және басқа көптеген музыкалық ұжымдармен концерттік шаралар ұйымдастырды.     

Айман Мусахаджаева әлемнің ең үздік концерт залдарында: Мәскеу консерваториясының Үлкен залы (Мәскеу), Юнеско залы, Carnegy hall (Нью-Йорк), Lincolne Centre (Нью-Йорк), Avery Fisher Hall (Нью-Йорк), Musicferein Gaveau (Вена), Cortot (Париж), Pleyel Concert Hall (Париж), Santa Cecilia (Рим), Queen Elizabeth Hall (Лондон), Vigmor Hall (Лондон), Barbican Hall (Лондон), Royal Festival Hall (Лондон), Guildhall (Лондон), Conzert Haus (Берлин, Вена) және т.б. өнер көрсетеді.

Айман Мусахаджаеваның концерттік бағдарламалары Антонио Страдиваридің 1732 жылы шығарылған скрипкасымен орындалады.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR