Оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор

Турумбетова Ақбота Ерболатқызы

философия докторы (PhD), ҚазҰӨУ оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарының проректоры, ҚазҰӨУ домбыра кафедрасының доценті, ҚР Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Қ.Жантлеуов, «Шабыт» т.б. халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты.

2001 жылы Алматы П.И.Чайковский атындағы музыкалық колледжін домбыра мамандығы бойынша үздік аяқтап, 2003 жылы сол оқу орнын фортепиано мамандығы бойынша бітірді. 2001 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының домбыра аспабына ҚР Халық әртісі, профессор Қ.Ахмедияровтың сыныбына қабылданды. 2005 ж. Астана қаласындағы Қазақ ұлттық академиясын 062141 – Халық аспаптары – Домбыра мамандығы бойынша аяқтады. 2010 ж. 6М040400 – «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығының магистратура деңгейін өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор П.Ш.Шегебаевтың жетекшілігімен үздік бітіріп, дәстүрлі музыкалық өнер магистрі академиялық дәрежесін алды. 2017 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің 6D040100 – Музыкатану мамандығы бойынша докторантура деңгейін аяқтады (ғылыми жетекшісі – өнертану ғылымдарының докторы, профессор У.Р.Джумакова). 2018 жылы «Түркі халықтарының аспаптық музыкасы домбыра орындаушылығында» атты докторлық диссертация қорғап, 6D040100 – Музыкатану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алды.

А.Е.Турумбетова 2014-2017 жылдар аралығында Ғ.Тоқай атындағы Қазан Федералдық университетінің татаристика және түркологияның Жоғары мектебінде, сондай-ақ, Н.Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясында (Татарстан Республикасы) өнертану ғылымдарының докторы, профессор В.Р.Дулат-Алеевтің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті. Онын мақалалары «Scopus» базасында, алыс және жақын шетелдегі және ККСОН БҒМ ұсынған басылымдарда жарияланды.

Ею опубликованы статьи в публикациях рекомендованных ККСОН МОН РК, в журнале входящей в базу «Scopus», в материалах международных конференций. 

Турумбетова А.Е. 2005 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Қазақ ұлттық өнер университетінің домбыра кафедрасында қызмет атқарып келе жатыр. 2013-2014 жылдар аралығында домбыра кафедрасының меңгерушісі, 2017-2018  жылдары ҚазҰӨУ колледж және мектеп бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру қызметінің басшысы, 2018-2019 жылдары жоғары және жоғары білімнен кейінгі академиялық мәселелер бойынша қызметінің басшысы лауазымдарын атқарып келді. 2019-2020 оқу жылынан бастап ҚазҰӨУ оқу және оқу-әдістемелік проректоры болып қызмет атқаруда. ҚазҰӨУ домбыра кафедрасында педагогикалық қызмет атқара жүріп 30-дан аса халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттарын дайындады.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR