Шеберлік сағаты

КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенова атындағы Xl Халықаралық байқауының өткізілуіне байланысты әділ қазылар алқасының мүшелері Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Санкт-Петербург консерваториясының жеке ән орындау кафедрасының профессоры Тамара Новиченко, Өзбекстан Республикасының халық әртісі, Алишер Навои атындағы Мемлекеттік Академиялық Үлкен театрдың солисті, халықаралық байқаулардың лауреаты Рамиз Усманов 9 қазан күні ҚазҰӨУ-нің Ф.Шопен атындағы кіші залда өздерінің мастер классын «Вокалдық өнер» кафедрасының студенттеріне өткізеді.