«Astana – Мегеу» орындаушылардың халықаралық байқауы

2020 жылғы 07-11 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласында мәдениет және спорт министрлігінің (ҚР МСМ) қолдауымен «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің базасында бейнежазбалар бойынша «Astana – Мегеу» орындаушылардың халықаралық байқауы өтеді.
Конкурсқа қатысуға 6 жастан 18 жасқа дейінгі әлемдік қоғамдастықтың барлық елдерінің өкілдері шақырылады. Тұрғылықты жері мен азаматтығына байланысты шектеулер жоқ.
* Конкурс төрт жас тобында келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
• «Домбыра»
• «Ішекті – ысқышты халық аспаптар»: (Қыл-қобыз, Қобыз-прима, Гиджак, Кеманча, Қияқ, Игил, Моринхур, Гудок, Хур және т. б.)
• «Ішекті – шертпелі халық аспаптар»: (Шертер, Кіші Домра, Домра – бас, Дутар, Балалайка, Комуз, Рубаб, Бандура және т.б.)
• «Фольклорлық аспаптар»: (Жетіген, Саз-сырнай, Сыбызғы, Шаң-қобыз, Гусли,Чатхан, Гуджин, Ятаган, Канун, Дудка, Камыль, Хобрах, Курай, Зубанка, Варган, Хомус, Кубыз, Темир Комуз және т.б. )
• «Баян, Аккордеон»
• «Дәстүрлі ән»