Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор

Тойжан Егинбаева Жылқайдарқызы

 ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты, профессор, ҚазҰӨУ ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, Алтынсарин төс белгісімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, «ҚазҰӨУ-нің қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін» медалімен, ҚР БҒМ «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.

Тойжан Егинбаева Жылқайдарқызы 1952 жылы 27 қазанда Талдықорған (қазіргі Алматы) облысы Киров ауданы Куйбышев атынд. ауылда дүниеге келген. 1970 жылы А. Жұбанов атынд. мамандандырылған музыка мектебін бітірді, 1976 жылы Құрманғазы атынд. Қазақ ұлттық консерваториясын «Музыкатану» мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы өнертану докторы, профессор Б.Ғ.Ерзақұлының жетекшілігімен «Абай Құнанбаевтың музыкалық мұрасы және оның Қазақстан композиторларының камералық-вокалдық шығармашылығындағы өзінше ұйғарылуы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Тойжан Егинбаева Жылқайдарқызы еңбек жолын 1976 жылы Қазақ мемлекеттік радиосының музыкалық хабар тарату редакторы ретінде бастаған.

1979 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақ ұлттық өнер университетінде жұмыс істейді. 25 жыл бойы кафедраны басқарды.

Т.Ж. Егинбаева Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заман музыкасының мәселелерін, композиторлық шығармашылықтың көркемдік-стильдік бағыттарын, ұлттық мәдениеттегі фольклорлық және жаңашыл процестердің өзара іс-қимыл мәселелерін әзірлейді. Отандық және халықаралық басылымдарда 80-нен астам жарияланымдары бар, оның ішінде импакт-факторы бар.

2005 жылы Қазақстанда алғаш рет С.А. Күзембаевамен бірлескен авторлықта «Қазақ музыкасының тарихы бойынша дәрістер» (Жоғары мектеп студенттеріне арналған оқу құралы), ал 2011 жылы республика бойынша маман-музыканттарды дайындауда қолданылатын «қазақ музыкасының тарихы бойынша дәрістер» басылып шықты. Оның негізінде 2010 жылы      С.А. Күзембаевамен және Г.Т. Акпаровамен бірлескен авторлықта қазақ және орыс тілдерінде электронды оқу құралы жарық көрді.

2014 жылы Д.Ж. Жұмабековамен бірлескен авторлықта «Қазақстан виолончель өнері (тарих және қазіргі заман)» атты монография жазды. Ол көптеген халықаралық және республикалық конференциялардың қатысушысы. Ол дәріс материалының презентацияларын жасап, шеберлік сабақ түрінде интерактивті режимде оқу сабақтарының басқа түрлерін қолданады.

Ол республикалық ғылыми жобалардың (4 жоба) жетекшісі және қатысушысы болып табылады.

Т.Ж. Егинбаева республиканың музыкалық кадрларын даярлау және тәрбиелеу ісіне үлкен үлес қосып, жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR