Музыкалық колледждердің студенттері мен ЖММ жоғары сынып оқушылары арасындағы музыкалық-теориялық пәндер бойынша VI халықаралық байқауы

Сәуір 11 @ 00:00 - Сәуір 16 @ 09:00 UTC+6
Loading Events
  • Бұл шара өтіп кетті.

Музыкалық колледждердің студенттері мен ЖММ жоғары сынып оқушылары арасындағы музыкалық-теориялық пәндер бойынша VI халықаралық байқаудың

ЕРЕЖЕСІ

Қазақ ұлттық өнер университеті (бұдан әрі-ҚазҰӨУ) музыкалық – теориялық пәндер бойынша VI Халықаралық байқауды (бұдан әрі-Байқау) қашықтықтан өткізеді. Байқау 2 турда екі номинация бойынша өткізіледі: «Музыкалық әдебиет» және «Этносольфеджио». 

Өткізу уақыты:

Конкурс 2022 жылғы 11 сәуірден бастап өткізіледі, нәтижелері 2022 жылғы 16 сәуірінде жарияланады.

Барлық жазбаша байқау жұмыстары мен презентациялар өтініммен бір хатта – 2022 жылдың 20 наурызынан 1 сәуіріне дейін жіберілуі керек.

Этносольфеджио номинациясында Онлайн-турлар 2022 жылғы 11-12 сәуірлерінде (қатысушылар санына байланысты) өткізілетін болады.

Өтетін орны: ҚазҰӨУ колледжі (Қазақстан Республикасы, Нұрсұлтан қаласы).

Байқаудың мақсаты: жас таланттарды қолдау, одан әрі кәсіби оқыту үшін перспективалы оқушыларды анықтау; музыкалық-теориялық пәндерге қызығушылығын арттыру; оқушылардың шығармашылық қызметін жандандыру.

Негізгі міндеттері:

  1. оқушыларды кәсіби музыкалық білім алуға бағдарлау;
  2. оқушылардың музыкалық-теориялық дайындық деңгейін арттыру;
  3. кәсіби педагогикалық шеберлікті арттыру;
  4. оқытушылардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру;
  5. музыкалық-теориялық цикл пәндері бойынша оқушылардың оқу сапасы мен кәсіби шеберлігін жетілдіру;
  6. Қазақстанның және шетелдердің музыкалық жоғары оқу орындарының болашақ талапкерлерін, талантты жастарды анықтау.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Қатысу шарттары

1.1.1. «Музыкалық әдебиет» номинациясында конкурсқа Музыкалық колледждердің/училищелердің және өнер колледждерінің/училищелерінің «Музыка теориясы», «Аспаптық орындаушылық (түрлері бойынша)», «Хормен дирижерлау», «Ән салу (түрлері бойынша)» мамандықтары бойынша 3-4 курс студенттері, сондай-ақ бағдарламалар бойынша оларға сәйкес келетін ОМММ жоғары сынып оқушылары қатыса алады.

1.1.2 «Этносольфеджио» номинациясында байқауға «Домбыра» мамандығының 3-4 курс студенттері, «Музыка теориясы» мамандығының 2-4 курс студенттері қатыса алады.

1.1.3 Байқаудың жұмыс тілдері – қазақ және орыс тілдері.

1.1.4 Әр топтағы қатысушылардың реті әліпбилік тәртіппен анықталады.

1.2 Қаржылық шарттар

Байқауға қатысу – тегін.

1.3 Конкурстық Санаттар

Байқау қатысушылары екі топқа бөлінеді: орындаушылар және теоретиктер.

Әр топ 2 деңгейге бөлінеді:

ТопДеңгейіКолледж/училище курсы, ОМММ сыныбыМамандық
ОРЫНДАУШЫЛАР1III курс, ОМММ жоғарғы сыныптары«Аспаптық орындаушылық», «Хормен дирижерлау» және «Ән салу» (түрлері бойынша)
2IV курс, ОМММ аяқтаушы сыныптары«Аспаптық орындаушылық», «Хормен дирижерлау» және «Ән салу» (түрлері бойынша)
ТЕОРЕТИКТЕР1 («Этносольфеджио» номинациясында ғана)II курс«Музыка теориясы»
2III курс«Музыка теориясы»
3IV курс«Музыка теориясы»

1.4 Өткізу кезеңдері

Байқау екі кезеңде өткізіледі.

«Музыкалық әдебиет» номинациясы бойынша:

Байқаудың 1 кезеңі – жазбаша жұмыстар

Байқаудың 2 кезеңі – бейнепрезентация

КезеңӨткізу орныМатериалдарды қабылдауӨткізу мерзімі
1 кезеңөтінімді және конкурстық жұмысты байқаудың электрондық поштасына жіберу.2022 жылғы 20 наурыздан 1 сәуірге дейін2022 жылғы 11-16 сәуір
2 кезеңYouTube арнасындағы бейне презентация2022 жылғы 20 наурыздан 1 сәуірге дейін2022 жылғы 11-16 сәуір

«Этносольфеджио» номинациясында:

Байқаудың 1 кезеңі –  Қашықтан

Байқаудың 2 кезеңі – Онлайн

КезеңӨткізу орныМатериалдарды қабылдауӨткізу мерзімі
1 кезеңШығармашылық жұмыстар: Бейнепрезентация. Импровизация.Бейнепрезентация: 2022 жылғы 20 наурыздан 1 сәуірге дейін

Импровизация: 

2022 жылдың 10 – 11 сәуірі

2022 жылғы 11-16 сәуір
2 кезеңЖазбаша жұмыстар: Талдау.

Домбыралы сынақхат.

2022 жылғы 11 – 12 сәуірі2022 жылғы 11-16 сәуір

 1.5 Байқаудың қазылар алқасы

Қазылар алқасының құрамын байқау ұйымдастырушылары (ҚазҰӨУ) айқындайды.

Қазылар алқасының құзыреті:

  • Тапсырмалардың нәтижелерін тексереді және бағалайды;
  • Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің кандидатураларын анықтайды;
  • I, II, III дәрежелі дипломдардың санын анықтауға, Гран-при беруге, сондай-ақ арнайы дипломдарды беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға құқылы. Қазылар алқасы жекелеген санаттарда дипломдар бермеу құқығын өзіне қалдырады;
  • Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.

Байқау нәтижелері Қазақ ұлттық өнер университетіне «Музыкатану» мамандығына және басқа да орындаушылық мамандықтарына (бакалавриат) түсу кезіндегі сынақтарда ескерілуі мүмкін.

1.6 Өтінімді ресімдеу

– Қатысу үшін өтінімдерді екі форматта жіберу қажет (1. оқу орны басшысының қолы қойылған және мөр басылған скан-көшірме; 2. қатысушылар мен олардың басшыларының деректерін марапаттау материалдарында дәлме-дәл көшіру үшін Word форматында) 2022 жылдың 20 наурызынан 1 сәуіріне дейін ұйымның электрондық мекен-жайына olimpiada.kaznui@mail.ru.

Қатысушының өтінім файлын атау – Тегі. Номинация. Өтінім. (Мысалы: Базаров. Муз әдебиет. Өтінім. Немесе: Жұмабек.Этносольфеджио. Өтінім)

Өтінім нысанын 1-қосымшада қараңыз.

Музыкалық Әдебиет номинациясында хатқа 1 және 2 турдағы (кезеңдегі) байқау жұмыстарының файлдары қоса тіркеледі. Ресімдеуге қойылатын талаптарын 2.2-тармақта қараңыз.

Этносольфеджио номинациясында («Музыка теориясы» мамандығы бойынша) хатқа 1-турдың (кезеңнің) конкурстық жұмыстарына сілтемелер қоса тіркеледі, 4.1.3-тармақты қараңыз .

1.7 Марапаттау

Байқаудың барлық қатысушылары келесі дипломдармен марапатталады: 1, 2, 3 дәрежелі Диплом, жеке номинациядағы Диплом, байқауға қатысушының Сертификаты, қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлде.

1.8 Байланыс ақпараты:

Конкурсты өткізу бойынша ақпарат ҚазҰӨУ сайтында орналастырылады: https://kaznui.kz/ .

Байқауды өткізу бойынша барлық сұрақтарды электрондық поштаға жіберуге болады: olimpiada.kaznui@mail.ru

Байланыс телефондары:

8 775 857 15 69 – Харламова Татьяна Валерьевна /музыкалық әдебиет/

8 701 371 72 19 – Мухамеджанова Жанар Турсуновна /этносолфеджио/

  1. «МУЗЫКАЛЫҚ ӘДЕБИЕТ» номинациясындағы КОНКУРСТЫҚ ТАЛАПТАР

«МУЗЫКА ТЕОРИЯСЫ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

КОЛЛЕДЖДІҢ 3-4 КУРС ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН

Екі байқау туры ортақ тақырыппен біріктірілген: «ХХ-ХХІ ғасырлардың академиялық музыкасындағы мәдени-стильдік өзара қарым-қатынас көріністері (қандай да бір шығарма үлгісінде)». 1-кезеңдегі жазбаша талдау және 2-кезеңдегі ауызша бейнепрезентация бір-бірін толықтыруы тиіс.                   

2.1. 1 кезең: жазбаша жұмыс.

Жұмыста талдауға таңдап алынған шығарманың дәуірін, стилін, жанрын, оның музыкалық құралдар кешенін, бейнелі дүниесін, қатысушының өзінің жеке әсерін атап өткен жөн. Оқушылар тақырыпта жазбаша жұмыстың нақты жанрын (эссе, аналитикалық зерттеу, сыни мақала, реферат) таңдап, сол жанрда орындай алады.

Есту қабілетінің дәлдігі, мәтіннің мазмұны, оның тереңдігі, баяндау шеберлігі (лексика, логика, эрудиция), ойлаудың бірегейлігі, таңдалған жанрдың ұстамдылығы (егер қатысушы оны көрсетсе) бағаланады.

Тапсырма тек теориялық білімге ғана емес, сонымен қатар кәсіби эрудицияға, шығармашылық қызығушылыққа бағытталған. Қазылар алқасы жазбаша жұмыстарды «Антиплагиат» жүйесі арқылы тексеруге құқылы.

2.2. Жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар:

Жұмыстар көлемі 5 беттен аспайтын, форматы А 4, кегль 14, Times New Roman, интервалы-бір, шегі – сол жағы 3 см, қалғаны 2 см қабылданады. ғылыми басылымдарды ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес жұмыс соңындағы дереккөздерге сілтемелер болуы керек. Жоғарғы оң жақ бұрышында – автордың тегі, аты, әкесінің аты, төменде интервал арқылы – оқу орны, курсы, жетекшінің аты-жөні. Төменде ортасынан -жұмыстың атауы, жанрдың атауы (бар болған жағдайда) бас әріптермен, қалың қаріппен жазылады.

Материалдар өтініммен бірге бір файлда электронды түрде келесі мекен-жайға жіберіледі: olimpiada.kaznui@mail.ru, 2022 жылғы 20 наурыздан 01 сәуірге дейін. Конкурстық жұмыстардың файлдары келесі түрде ресімделеді:

  • 1 кезеңнің байқау жұмысы (аты: тегі. 1 тур. Мысалы: Базаров. 1 тур);
  • 2 кезең материалдары-YouTube-тағы бейнепрезентацияға сілтеме (хаттың тақырыбы «қатысушының тегі, 2-тур номинациясы»).

2.3 2 тур: бейне презентация (YouTube арнасында роликтерді орналастыру)

Тапсырма теориялық білімді, практикалық дағдыларды, эрудицияны, кәсіби қызығушылықты, материалды ұсынудағы логикалық дәйектілікті, шеберлікті, материалды еркін меңгеруді анықтауға бағытталған.

Бейнепрезентацияға қойылатын талаптар:

  • Көлемі 15-25 слайд. Бірінші слайдта автордың, жетекшінің аты-жөні, оқу орнының атауы болуы керек. Соңғы слайд-ақпарат көздерінің тізімі.
  • Қатысушының ауызша сөйлеуін бір дубльмен жазу керек.
  • Мәтінді жатқа айту керек.
  • Презентация бейне баяндаманың иллюстрациялық сүйемелдеуі болып табылады. Презентацияда мәтіндік және иллюстрациялық слайдтар кезектесуі мүмкін.
  • Музыкалық мысалдарды міндетті түрде көрсету.
  • Сөйлеу уақыты: 10 минутқа дейін.

Баяндама-презентацияда мыналар қамтуы керек:

  1. Бағыттаушы идея. Ол баяндама тақырыбының тұжырымдамасында және оның мазмұнында көрініс тапқаны жөн;
  2. Ұсынылған тақырыптың өзектілігін негіздеу;
  3. Мақсаты мен міндеттері;
  4. Баяндаманың мазмұны алға қойылған және көрсетілген мәселеге байланысты міндеттерді шешуге бағытталуы керек.

КОЛЛЕДЖДІҢ «АСПАПТА ОРЫНДАУШЫЛЫҚ», «ХОРМЕН ДИРИЖЕРЛАУ», «ӘН САЛУ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ 3-4 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ және олармен бірдей оқу бағдарламасын өтетін ОМММ СЫНЫПТАРЫНА

Конкурстың тақырыбы еркін, қатысушының таңдауы бойынша, ХХ-ХХІ ғасыр композиторының академиялық бағыттағы музыкалық шығармасын қарауға негізделуі тиіс.

Екі байқау кезеңдері ортақ тақырыппен біріктірілген. 1-кезеңдегі жазбаша талдау және 2-кезеңдегі ауызша бейнепрезентациясы бір-бірін толықтыруы тиіс.

2.4. 1 кезең: жазбаша жұмыс.

Жұмыста талдауға таңдап алынған шығарманың дәуірін, стилін, жанрын, оның музыкалық құралдар кешенін, бейнелі дүниесін, қатысушының өзінің жеке әсерін атап өткен жөн. Оқушылар тақырыпта жазбаша жұмыстың нақты жанрын (эссе, аналитикалық зерттеу, сыни мақала, реферат) таңдап, сол жанрда орындай алады.

Есту қабілетінің дәлдігі, мәтіннің мазмұны, оның тереңдігі, баяндау шеберлігі (лексика, логика, эрудиция), ойлаудың бірегейлігі, таңдалған жанрдың ұстамдылығы (егер қатысушы оны көрсетсе) бағаланады.

Тапсырма тек теориялық білімге ғана емес, сонымен қатар кәсіби эрудицияға, шығармашылық қызығушылыққа бағытталған. Қазылар алқасы жазбаша жұмыстарды «Антиплагиат» жүйесі арқылы тексеруге құқылы.

2.5. Жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар:

Жұмыстар көлемі 5 беттен аспайтын, форматы А 4, кегль 14, Times New Roman, интервалы-бір, шегі – сол жағы 3 см, қалғаны 2 см қабылданады. ғылыми басылымдарды ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес жұмыс соңындағы дереккөздерге сілтемелер болуы керек. Жоғарғы оң жақ бұрышында – автордың тегі, аты, әкесінің аты, төменде интервал арқылы – оқу орны, курсы, жетекшінің аты-жөні. Төменде ортасынан -жұмыстың атауы бас әріптермен, қалың қаріппен жазылады.

Материалдар өтініммен бірге бір файлда электронды түрде келесі мекен-жайға жіберіледі: olimpiada.kaznui@mail.ru, 2022 жылғы 20 наурыздан 01 сәуірге дейін. Конкурстық жұмыстардың файлдары келесі түрде ресімделеді:

  • 1 кезеңнің байқау жұмысы (аты: тегі. 1 тур. Мысалы: Базаров. 1 тур);
  • 2 кезең материалдары-YouTube-тағы бейнепрезентацияға сілтеме (хаттың тақырыбы «қатысушының тегі, 2-тур номинациясы»).

2.6 2 тур: бейне презентация (YouTube арнасында роликтерді орналастыру)

Тапсырма теориялық білімді, практикалық дағдыларды, эрудицияны, кәсіби қызығушылықты, материалды ұсынудағы логикалық дәйектілікті, шеберлікті, материалды еркін меңгеруді анықтауға бағытталған.

Бейнепрезентацияға қойылатын талаптар:

  • Көлемі 15-25 слайд. Бірінші слайдта автордың, жетекшінің аты-жөні, оқу орнының атауы болуы керек. Соңғы слайд-ақпарат көздерінің тізімі.
  • Қатысушының ауызша сөйлеуін бір дубльмен жазу керек.
  • Мәтінді жатқа айту керек.
  • Презентация бейне баяндаманың иллюстрациялық сүйемелдеуі болып табылады. Презентацияда мәтіндік және иллюстрациялық слайдтар кезектесуі мүмкін.
  • Музыкалық мысалдарды міндетті түрде көрсету.
  • Сөйлеу уақыты: 7 минутқа дейін.

Баяндама-презентацияны өз мамандығымен байланыстыру ұсынылады.

Презентацияны бағалау критерийлері:

  1. Баяндаманың мазмұны, оның тереңділігі;
  2. Баяндама мәтінін еркін меңгеру;
  3. Материалды ұсынудағы логикалық жүйелік;
  4. Ойлаудың өзіндік ерекшелігі;
  5. Бейнеқатар мен музыкалық иллюстрацияларды енгізудің үйлесімділігі.

 

  1. «ЭТНОСОЛЬФЕДЖИО» номинациясындағы КОНКУРСТЫҚ ТАЛАПТАР

3.1 Номинация ДОМБЫРА мамандығының 3-4 курс студенттері

3.1.1 І тур – Қашықтық кезең

Шығармашылық тапсырма. Берілген күй тақырыбына Импровизация.

Бұл турдың тапсырмасы қатысушыларға 2022 жылдың 10 сәуірінде сағат 09.00-де Нұрсұлтан қаласы уақытымен жіберіледі. Бұл тапсырманы орындау үшін 1 күн беріледі. Орындалған жұмыстарды тапсыру мерзімі-2022 жылғы 11 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан қ.уақыты бойынша сағат 09.00-ге дейін.

3.1.2 Тапсырмаға қойылатын талаптар:

Осы тапсырманы орындау үшін, турды өткізуге бір тәулік қалғанда, қатысушыларға What’s App платформасына күй тақырыбы жіберіледі. Қатысушы домбыра өнерінің дәстүрлі канондарына сәйкес өзінің импровизация – композициясын жасауы тиіс. Өз қалауы бойынша сайыскер күй жанрын немесе стилін таңдап, өз шығармасына өз атын бере алады.

Қазылар алқасының тексеруіне шығарма ноталық нұсқада және бейнедегі күйдің орындалуының жазбасында тапсырылады. Орындалған жұмыстар белгіленген мерзімнен кешіктірілмей, яғни 2022 жылғы 11 сәуірде, сағат 09.00-де, Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша жіберілуі тиіс. Мерзімнен кейін жіберілген тапсырмалар айыппұлға ие болады. Өз жұмыстарын жібермеген қатысушылар конкурсқа одан әрі қатысудан шығарылады.

3.1.3 Өткізудің техникалық шарттары:

Импровизацияның музыкалық мәтіні сканерленген түрде, фотосуретте немесе компьютерде музыкалық редакторда терілген түрінде қабылданады. Жұмыстар PDF және JPG форматында қабылданады. Қолмен жазылған мәтін қара сиямен қолмен нота дәптерінің парағына жазылуы керек. Жазба ұқыпты, түсінікті, түзетусіз болуы керек. Фотосурет айқын, сапалы болуы керек.

Күйді орындаудың бейнежазбасы бір бұрыштан монтажсыз түсірілуі тиіс, түсіру кезінде камераны көлденең қалыпта ұстау керек. Жазу пішімі – MP4.

Видеозапись исполнения кюя должна быть снята с одного ракурса, без монтажа, камеру при съемке держать в горизонтальном положении. Формат записи – MP4.

Орындалған жұмыстар ұйымдастырушылардың электрондық мекен-жайына жіберіледі: olimpiada.kaznui@mail.ru. Хатта: қатысушының тегі, аты, номинациясы, нөмірі, кезеңі жазылуы керек (мысалы: Жұмабек Асхат. Этносольфеджио 1 тур).

3.1.4 Тапсырманы бағалау критерийлері:

Тапсырмада бағаланады:

  1. Импровизация және композиция дағдыларын игеру;
  2. Дәстүрлі нысандар мен құрылымдарға сәйкестік;
  3. Өңірлік және жергілікті дәстүрлердің ерекшеліктерін пайдалану / стереотиптік ладоинтонациялық айналымдар, ырғақ қалыптары ,қағысы, аппликатуралық штрихтар/;
  4. Шығарманың өзіндік ерекшелігі.

Тапсырма он балдық жүйе бойынша бағаланады.

3.2.1 ІІ тур (кезең) Онлайн

Домбыралы сынақхат. Жазбаша жұмыс.

2 кезеңнің өтетін күні мен уақыты: 2022 жылғы 11 сәуір – Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 10.00.

3.2.2 Тапсырмаға қойылатын талаптар:

Тапсырма ZOOM платформасында онлайн форматта өткізіледі. Тапсырманы орындау үшін 20 минут беріледі. Күй аудиожазбасын тыңдау 8-10 рет жүргізіледі. Тапсырманы орындап, тексеруге бергеннен кейін сайыскерге бонус ретінде домбырамен жатқа диктант (күй) орындап, қосымша ұпай алу мүмкіндігі беріледі.

3.2.3 Өткізудің техникалық шарттары:

Қатысушылар жұмысқа кіріспес бұрын хатшы мен қазылар алқасының мүшелеріне қажет емес заттардың болмауы үшін өздері орналасқан бөлмені камера арқылы жұмыс үстелін көрсетеді. Сынақхат жазу кезінде қатысушылар камераны қазылар алқасының мүшелеріне үстел мен жұмыс орны көрінетіндей етіп қоюы керек. Қатысушыларға жұмыс орнынан кетуге, алаңдауға, сөйлесуге, микрофонды өшіруге тыйым салынады. Ережені бұзғаны үшін қазылар алқасы қатысушыларға айыппұл ұпайларын қолдануға құқылы.

Сынақхат музыкалық дәптердің парағына қарындашпен жазылуы керек. Жазба нақты және түсінікті, сынақхаттың фотосуреті жақсы сапалы, JPG форматында болуы керек. Фотофайл What’sApp-та техникалық хатшыға жіберіледі.

3.2.4 Тапсырманы бағалау критерийлері:

Сынақхат келесі параметрлер бойынша бағаланады:

  1. Сынақхатты сауатты және дұрыс жазу;
  2. Жазу уақыты (жұмысты қысқа мерзімде аяқтаған кезде бонустық ұпайларды алуға болады);
  3. Сынақхатты жатқа жатқа қайталағысы келген қатысушыға қосымша ұпай беріледі.

Тапсырма он балдық жүйе бойынша бағаланады.

  1. «ЭТНОСОЛЬФЕДЖИО» бойынша байқау талаптары

4.1 Номинация МУЗЫКА ТЕОРИЯСЫ мамандығының 2-4 курс студенттері

4.1.1 І тур – Қашықтық кезең

Берілген тақырып бойынша бейне презентация. Күй талдауы.

4.1.2 Тапсырмаға қойылатын талаптар:

Тапсырма дәстүрлі халық музыкасының тарихы мен теориясы бойынша теориялық білімдерін, этносольфеджио курсы бойынша практикалық дағдыларды, жалпы эрудицияны, кәсіби қызығушылықты ашуға бағытталған. Презентация мазмұнының алғы шарты дәстүрлі аспаптық музыка үлгілерін тұтас талдау болып табылады. Қазақ оқу орындарының студенттері үшін бұл қазақ аспаптық музыкасының үлгілері мен жанрлары болуы мүмкін. Басқа елдерден келген қатысушылар өздерінің ұлттық музыкалық мәдениеттерінің аспаптық жанрларын пайдалана алады.

Презентацияға қойылатын талаптар:

  • Көлемі 15-25 слайд. Бірінші слайдта автордың аты-жөні, жетекшісі, оқу орнының аты болуы керек. Соңғы слайд – ақпарат көздерінің тізімі.
  • Презентация мәтін мен иллюстрациялық слайдтар арасында ауыса алады.
  • Музыкалық мысалдарды міндетті түрде көрсету.
  • Орындау уақыты: 10 минутқа дейін

4.1.3 Өткізудің техникалық шарттары:

Қатысушы өз өнерін жақсы сапада жазуы керек, түсіру кезінде камера көлденең күйде болуы керек. Материалды қатысушы YouTube-тағы жеке арнаға жүктейді. YouTube-тағы бейне презентацияға сілтеме өтініммен бірге ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына келесі мекенжай бойынша жіберіледі: olimpiada.kaznui@mail.ru. 2022 жылғы 20 наурыздан 01 сәуірге дейін.

4.1.4 Тапсырманы бағалау критерийлері:

  1. Дәстүрлі музыканы жан-жақты талдау дағдыларының болуы;
  2. Материалды ұсынудағы логикалық дәйектілік;
  3. Эмоциясы мен көркемдігін сөз сөйлеу;
  4. Халықтық музыкалық аспапта музыкалық мысалдарды орындайтын қатысушы қосымша балл алады.

4.2.1. ІІ тур (кезең) Онлайн

Жазбаша жұмыс. Дәстүрлі әнді талдау және интонациялау.

2 кезеңнің өтетін күні мен уақыты: 2022 жылғы 11 сәуір – Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 14.00.

4.2.2 Тапсырмаға қойылатын талаптар:

Тапсырма қашықтық форматта өткізіледі. Қатысушылардың жалпы чатына дәстүрлі вокалдық жанрда орындалған аудиожазба ұсынылады. Қатысушылар осы туындыға музыкалық талдау жасайды. Жұмыста аймақты, жанрды, мазмұнды, музыкалық құралдарды, жұмыстың құрылымдық, ладтық, ырғақты және әуезді ерекшеліктерін анықтаған жөн. Талдау еркін түрде жүргізіліп, Word форматында тексеруге ұсынылады. Сондай-ақ, қатысушылар осы үлгіні нотамен хаттап, оны интонациялауы керек. Орындап /интонациялау/ және нотамен хаттағаны үшін қазылар алқасы қатысушыға бонустық ұпайларды қосуға құқылы.

4.2.3 Өткізудің техникалық шарттары:

Жұмысты бастамас бұрын, техникалық хатшы What’s App мессенджерінде қатысушылар тобын құрайды. Тапсырма белгіленген уақытта жіберіледі. Тапсырманы орындауға 2,5 сағат бөлінеді. Жұмыстар Word форматында орындалады және жеке хабарламамен техникалық хатшыға тапсырылады. Қосымша файлдар – нотамен хаттау фотосуреті және орындаудың (интонацияның) аудио жазбасы да көрсетілген мерзімде жіберілуі керек.

4.2.4 Тапсырманы бағалау критерийлері:

  1. Дәстүрлі музыканы талдау дағдыларының болуы;
  2. Материалды ұсынудағы логикалық дәйектілік;
  3. Тереңдік, баяндау шеберлігі, лексика.
  4. Бонустық ұпайлар: домбырамен Интонациялау – 3 ұпай

Дауыспен интонациялау-2 ұпай

Әуенді мәтінмен кестелеу-1 ұпай

Тапсырма он балдық жүйе бойынша бағаланады.

Сіздерге шығармашылық жеңістер тілейміз!

Қосымша 1

Музыкалық колледж оқушылары арасындағы музыкалық-теориялық пәндер бойынша VI Халықаралық байқайға қатысуға

ӨТІНІМ

Аты-жөні 
Туған күні 
Курс, мамандық 
Топ, деңгей 
Оқыту тілі 
Оқу орнының атауы (Толық) 
Оқу орнының пошталық, электрондық мекенжайы, телефоны, факсы 
Мекен-жайы 
Байланыс телефоны 
Электрондық адрес 
Қатысушыны дайындаған оқытушының (лердің) аты-жөні (толық), электрондық мекен-жайы 
Шығармашылық жетістіктер 
1-тур жұмысының атауы 
2 турдың жұмысына YouTube сілтемесі 

Мекеме басшысы _________________________________________________

(қолы, қолтаңбаның толық жазылуы, мөрі, күні)

Details

Start:
Сәуір 11 @ 00:00 UTC+6
End:
Сәуір 16 @ 09:00 UTC+6

Venue

Қазақ ұлттық өнер университеті
Тауелсиздик 50
Нур-Султан, Akmola 010000 Казахстан
+ Google Map
View Venue Website