«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» және «Мен және кітап» онлайн байқаулары

Сәуір 23 @ 08:00 - Қараша 15 @ 17:00 UTC+6
Loading Events

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап»

«Мен және кітап»

Онлайн – байқау

2021 жылдың 23 сәуір – 15 қараша аралығында Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің Ақпараттық-кітапхана қызметі 23 сәуір – «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні» мерекесімен ұштастыра отырып,

«ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА – 30 КІТАП» байқауына  және «МЕН ЖӘНЕ КІТАП» фото байқауын өткізеді.

Онлайн-байқау ҚазҰӨУ студенттері арасында өткізу жоспарланып отыр.

Байқаудың мақсаты: жастарға кітап оқуды, оқу мәдениетін дамытуды және қолдауды насихаттау, ақпаратты таңдауды, түсінуді, талдауды өздерінің жеке және қоғамдық мақсаттарда пайдалана білуге бейімдеу.

Байқаудың бағыттары:

  • «ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА – 30 КІТАП» байқауын қатысушылар ұсынылған тізімдегі кітаптарды оқып, оның мазмұны мен тақырыбын ашатындай эссе немесе ұнаған кітапқа жарнама жасауы қарастырылады;
  • «МЕН ЖӘНЕ КІТАП» – фотобайқау. Кітаппен түскен фотосын жіберу шарт.

Жұмыс тілі: мемлекеттік, орыс, ағылшын

Ұйымдастырушы: ҚазҰӨУ-нің Ақпараттық-кітапхана қызметі

Байқау қорытындысы: 2021 жылдың 23 қарашасында байқау қорытындысы кітапхана сайтында жарияланады. Әр байқаудың жеңімпаздарына сыйлық және алғыс хат беріледі.

Жұмыстарды мына электронды почтаға жіберулеріңізді сұраймыз: librarykazuniart@mail.ru, librarykazuniart@gmail.com.

Тел.: 8 775 350 27 30, 8 702 916 35 31

Details

Start:
Сәуір 23 @ 08:00 UTC+6
End:
Қараша 15 @ 17:00 UTC+6

Venue

Казахский национальный университет искусств
Тауелсиздик 50
Нур-Султан, Akmola 010000 Казахстан
View Venue Website
We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR