Станислав Монюшко атындағы республикалық вокалистер конкурсы

Мамыр 10 @ 00:00 - Мамыр 15 @ 09:00 UTC+6
Loading Events
  • Бұл шара өтіп кетті.
  1. Конкурсты ұйымдастырушылар

‒ ҚР Мәдениет және спорт министрі

‒ Польша Республикасының Елшілігі

‒ Қазақ ұлттық өнер университеті

‒ Вокалдық өнер кафедрасы

  1. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
  • Бұл конкурстың ерекше маңыздылығы жобаға қатысушы елдер арасындағы мәдени халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал ету болып табылады.
  • Рухани және мәдени құндылықтармен алмасу, ұлттық және әлемдік мәдени мұраны насихаттау.
  • Вокалдық өнерді дамыту, қазақ және Батыс Еуропа композиторларының опералық және концерттік репертуарын танымал ету.
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында дарынды орындаушыларды анықтау және қолдау және олардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.
  • Қазақстан Республикасының мәдениетін танымал ету және тарату және оны әлемдік аренада ұсыну.
  1. Конкурсты өткізу тәртібі

Конкурс онлайн-форматта, бейнежазбалар бойынша 2022 жылғы мамырдан бастап (10-15) «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің базасында өткізіледі. Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 50.

Марапаттау рәсімі мен конкурс лауреаттарының концерті офлайн-форматта өтеді.

Конкурс екі жас санатында өткізіледі:

  • I жас тобы – музыкалық колледждердің оқушылары
  • II жас тобы – шығармашылық ЖОО студенттері

Конкурс екі турдан тұрады.

Конкурсқа қатысушылардан өтінімдер электронды түрде 2022 жылғы 25 сәуір сағат 18:00-ге дейін қабылданады.  Электрондық өтінім жіберілгеннен кейін бағдарламаға өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Қатысушылардың өнер көрсету кезектілігі әліпбилік тәртіппен жүзеге асырылады. Бірінші және екінші турлардың бағдарламалары жатқа орындалады.

Конкурсқа бекітілген конкурстық бағдарламаны меңгерген, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің ұсынымдарын алған білім алушылар қатысады.

  1. Бағдарламалық талаптар

1-ші жас тобы:

I тур

  1. ХVII – XVIII ғ. композиторларының ариясы.
  2. Орыс немесе шетелдік композитордың романсы (қатысушының таңдауы бойынша).

II тур

  1. Орыс, батыс немесе Қазақстан композиторларының операларынан ария (конкурсқа қатысушының таңдауы бойынша).
  2. Поляк композиторларының шығармалары немесе С. Монюшконың репертуарынан (қатысушының таңдауы бойынша).

2- ші жас тобы:

I тур

  1. ХVII-XVIII ғ. композиторларының ариясы.
  2. XIX-XX ғасырлардағы орыс немесе шетелдік композитордың романсы. (қатысушының таңдауы бойынша).

II тур

  1. XIX – XX ғасырлардағы орыс, батыс композиторларының операларынан ария (қатысушының таңдауы бойынша).
  2. С. Монюшко репертуарынан ораторий, опералардан ария.
  3. Орыс, қазақ немесе Батыс Еуропа композиторының романсы.

1-ші жас тобына қатысушыларға С.Монюшконың немесе поляк композиторларының шығармаларын поляк тілінде немесе қатысушы таңдаған кез келген басқа тілде орындауға рұқсат етіледі.

Поляк композиторларының ноталық материалын С. Монюшко Халықаралық вокалдық конкурсының ресми сайтынан жүктеуге болады

https://teatrwielki.pl/dzialalnosc/konkurs-moniuszkowski/nuty-do-pobrania/ , сондай-ақ Александр Кондаковтың вокалдық архив сайтында http://www.notarhiv.ru/vokal.html  және Борис Таракановтың ноталық архиві https://notes.tarakanov.net/katalog/kompozitori/s_-monyushko/#composers=3880!page=1!str

  1. Жазуға қойылатын талаптар
  • Конкурстық бағдарламаның бейнежазбасы бір файлмен (яғни турдың барлық туындылары бір бейнеде) бейнекамераға немесе жоғары сапалы рұқсаты бар смартфонға, экранның көлденең қалпында, қатысушының толық бойымен (аяғын кесуге жол берілмейді), рояльде отырған концертмейстерді көрсете отырып жазылуы тиіс.
  • Конкурстық бейне/аудиоматериалдарды монтаждау мен редакциялаудың кез келген түрлеріне тыйым салынады (шығармалар арасында жинаққа, монтаждауға тыйым салынады), осы тармақ бойынша сәйкессіздік анықталған жағдайда қатысушы дисквалификацияланатын болады.
  • Байқау бағдарламасын тек рояль немесе фортепианода орындауға жол беріледі.
  • Конкурсант конкурстық бағдарламаны орындау басталар алдында өзін таныстыруы, өзінің өнер көрсету бағдарламасын жариялауы тиіс (жүргізушінің кадр сыртында жариялауына рұқсат етіледі).
  • Жазу кезінде концерттік «дресс-кодты», артқы көріністің эстетикалық фонын сақтау қажет. Жоғарыда аталған барлық талаптарды сақтай отырып, үйде бейне жазбаларға рұқсат етіледі.
  • Бейнежазба конкурстың ұйымдастыру комитетіне Yandex, Mail немесе Google дисктер файл алмасу сервистеріне (және т.б.) сілтемелер түрінде ұсынылуы тиіс. Әр тур жеке сілтемемен бекітіледі. Қатысушы өтінімде тиісті бөлімге екі турға сілтеме ұсынуы қажет.
  • Бейнеге жазу керек: Тегі, аты, санаты. Конкурстық бағдарламамен сілтеме өтінімде көрсетіледі (ұйымдастыру комитеті сілтеменің ашылғанын тексеруді сұрайды, алдымен сілтеме бойынша қол жеткізуді ашу қажет).
  1. Өтінім беру тәртібі

Белгіленген үлгідегі электрондық өтінім мыналарды қамтиды:

  • Конкурстық бейнематериал
  • PDF форматында қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (туу туралы куәлік, паспорт).
  • PDF форматында оқу орнынан анықтама.
  • Қатысушының PDF форматындағы банктік деректемелері (банктің мөрімен расталған шоттың болуы туралы анықтама).
  • JPEG форматындағы буклетке арналған фото.
  • Қысқаша шығармашылық өмірбаяны
  • Электрондық өтінім kaznui.kz сайтындағы «Іс-шаралар» бөлімінде орналастырылған.
  • Өтінімдер 2022 жылғы 25 сәуір сағат 18:00-ге дейін қабылданады (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша),
  1. Марапаттар, сыйлықтар, марапаттау қоры

Конкурс тыңдауларының нәтижелері бойынша қазылар алқасының шешіміне сәйкес конкурс қатысушыларына әр жас тобында тиісті дипломдар мен ақшалай сыйлықтар тапсырыла отырып, келесі орындар беріледі:

1 жас тобы (колледж)

  • I орын және лауреат атағы – 60 000 тг.
  • II орын және лауреат атағы – 40 000 тг.
  • II орын және лауреат атағы – 40 000 тг
  • III орын және лауреат атағы – 30 000 тг.
  • III орын және лауреат атағы – 30 000 тг.
  • III орын және лауреат атағы – 30 000 тг.

2 жас тобы (ЖОО)

  • I орын және лауреат атағы – 100 000 тг.
  • II орын және лауреат атағы – 50 000 тг.
  • II орын және лауреат атағы – 50 000 тг.
  • III орын және лауреат атағы – 30 000 тг.
  • III орын және лауреат атағы – 30 000 тг.
  • III орын және лауреат атағы – 30 000 тг.

(Әр жас тобына бір І, екі II және үш III орын)

  • Композитор репертуарындағы туындыны екі жас тобында үздік орындағаны үшін 50 000 теңге көлемінде С.Монюшко атындағы арнайы сыйлық көзделген.
  • Дипломант атағы
  • Педагогтарға, концертмейстерлерге алғыс хаттар.
  1. Қазылар алқасы
  • Қазылар алқасының отырысы белгіленген регламентке сәйкес өтеді, қазылар алқасының шешімі көпшілік дауыспен қабылданады, олар түпкілікті және шағымдануға жатпайды.
  • Қазылар алқасы мүшелерінің саны төрағамен бірге тақ санды құрауы тиіс.
  • Қазылар алқасының құрамына Қазақстан мен Польшаның вокалдық өнерінің жоғары білікті мамандары кіреді.
  • Қазылар алқасының шешімі бойынша бір номинация немесе жас тобы шеңберіндегі лауреаттар саны ұлғайтылуы да, қысқартылуы да мүмкін.
  • Конкурс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға дипломдардың электрондық нұсқалары жіберіледі.
  • Конкурс нәтижелерімен сайтта танысуға болады (kaznui.kz)

Байланыс телефондары:

+7 (7172) 70-54-99

moniuszko.kaznui@gmail.com

Details

Start:
Мамыр 10 @ 00:00 UTC+6
End:
Мамыр 15 @ 09:00 UTC+6

Venue

Қазақ ұлттық өнер университеті
Тәуелсіздік 50
Нұр-Сұлтан, 010000
+ Google Map
View Venue Website