Роза Мұқанованың «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағының тұсаукесері

17.11.2021 @ 03:00 - 04:30 UTC+6
Loading Events
  • Бұл шара өтіп кетті.

Жазушы, драматург Роза Мұқанованың «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағының тұсаукесері

2021 жылғы қарашаның 17-і күні Қазақ ұлттық өнер университетінде белгілі жазушы, драматург, Абай атындағы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының, Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлығының иегері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Роза Қажығалымқызы Мұқанованың «Сарра» атты драматургиялық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді.

«Сарра» жинағына әдеби қауым мен көрермен жоғары бағалаған «Мәңгілік бала бейне», «Сен», «Мысықтар патшалығы» секілді шығармалармен қатар, бұрын жарияланбаған «Сарра», «Фариза», «Ешкім де кінәлі емес» атты психологиялық драмалары енген. Кітапқа жалпы саны 10 шығарма енген.

📆17.11.2021
🕚11.00
Қазақ ұлттық өнер университеті, №238 ауд.
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 50
+ 7 702 911 5436; + 7 702 487 8400

Details

Date:
17.11.2021
Time:
03:00 - 04:30 UTC+6

Venue

Қазақ ұлттық өнер университеті
Тәуелсіздік 50
Нұр-Сұлтан, 010000
+ Google Map
View Venue Website