
- Бұл шара өтіп кетті.

2020 жылдың 14 желтоқсанында сағат 15:00-де Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Өнерлі ұрпақ-рухани елдің тірегі» тақырыбындағы үздік түлектер мен қоғам белсенділерінің онлайн құрылтайы және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын қолдау, Жастар жылы аясында спикерлердің еңбек әрекеттері мен жеңістері туралы қортынды жылдық есебі өтеді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты:
- Тәуелсіздік қарсаңында Қазақстан Республикасының даму жолында мемлекет жастарының қоғам өміріне қосқан зор үлесі мен университет түлектерінің ауқымды жетістіктері мен жеңістерін атап өту;
- ҚазҰӨУ түлектер қауымдастығының салтанатты ашылу рәсімі.
Онлайн-құрылтай қашықтық форматта Қазақ ұлттық өнер университетінің ресми парақшасында (Facebook @kaznui.kz) өтеді.
Дөңгелек үстелдің қашықтықтан қатысушы спикерлері Zoom платформасы арқылы байланысқа шығады.
Спикерлер: Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, профессор Айман Мусахаджаева, Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Жамаубайұлы, Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы, Елдің он дүркін чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Бахтияр Қарипуллаұлы, Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Ардак Курмашұлы, ҚазҰӨУ Түлектер қауымдастығының төрағасы Саджана Садырбековна, әнші, ҚазҰӨУ докторанты, халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дінмухаммед Қанатұлы және т.б.