«New Music Generation 2021»

Қазан 25 @ 08:00 - Қазан 29 @ 17:00 UTC+6
Loading Events

«New Music Generation 2021»

III халықаралық композиторлар байқауының ережесі

Жалпы ережелер

  1. «New Music Generation 2021» III халықаралық композиторлар байқауы Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылдың, қазан айының 25-29 күндері өткізіледі.
  2. Байқау Қазақ ұлттық өнер университетінің базасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіледі.
  3. Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 010000 Тәуелсіздік даңғылы 50, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы. Тел. +7 (7172) 70-54-99.  Эл. пошта — nmg.kaznui@gmail.com

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

1.Қазіргі заманауи академиялық музыканың алуан түрімен танымал ету;

2.Жас композиторлардың шығармашылығын қолдау мен дәріптеу;

3.Жаңа таланттарды анықтау және олардың шығармашылығын ынталандыру;

4.Ұлттық және әлемдік композиторлық мектептердің дамуына, әлемдік қоғамдастық жүйесінде Қазақстанның мәдени имиджін одан әрі нығайтуға үлес қосу;

5.Жас музыканттар мен композиторларды жаңа композиторлық техникаларды игеруге ынталандыру;

6.Жас композиторлар мен музыканттардың ой-өрісі мен шығармашылық дүниетанымын кеңейту.

Байқау өткізудің тәртібі мен шарттары

  1. Байқауға әлемдік қауымдастықтың барлық елдерінен композиторлар қатыса алады.
  2. Байқау үш жас тобы бойынша өткізіледі:
  • Бірінші топ – 20 жасқа дейін (қоса алғанда);
  • Екінші топ – 21 жастан 27 жасқа дейін (қоса алғанда);
  • Үшінші топ – 28 жастан 35 жасқа дейін (қоса алғанда).
  1. Байқау келесі номинацияларда өткізіледі:
  • «Вокалдық шығарма» (әншілер санына шек қойылмайды, аспаптық сүйемелдеусіз немесе сүйемелдеуімен);
  • «Камералық шығарма» (1-ден 15 орындаушыға дейін);
  • «Симфониялық шығарма» (солистпен/солисттермен, вокалистермен немесе оларсыз).
  1. Егер вокалдық туындыда симфониялық оркестр қолданса, онда бұл шығарма «Симфониялық шығарма» номинациясына жіберілуі керек.
  2. Талапкер барлық номинацияларға бірдей қатысуға құқылы. Бұл ретте сыйлық қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпазға номинациялардың біреуінде ғана беріледі.
  3. Қатысушы әр номинацияға бір ғана шығарма (партитура) жіберуге құқылы.
  4. Шығарылған және көпшілік алдында орындалған, сол сияқты жария етілмеген де туындылар қатысуға жіберіледі.
  5. 2019 және 2020 жылдары өткен «New Music Generation» халықаралық байқауларының лауреаттары еш бір номинация мен жас тобында қатысуға жіберілмейді.
  6. Байқау онлайн өткізіледі. Қатысудың басты шарты талаптарға сәйкес ресімделіп жіберілген өтініш пен туындының партитурасы болып табылады. Байқау нәтижелері ҚазҰӨУ-нің https://kaznui.kz ресми сайтында жарияланады.
  7. Қатысушы композитордың аты-жөні партитурада еш жерде көрсетілмеуі тиіс, тек ұранмен (шифр-сәйкестендіргішпен) ауыстырылуы қажет. Егер талапкер бірнеше номинацияға қатысса, онда оның ұраны барлық партитураларда бірдей болуы шарт. Қатысушының аты-жөні де партитураның PDF файлының атауында болмауы тиіс.
  8. Барлық жас топтарында туындының хронометражы келесі мәндерге сәйкес болып, партитурада көрсетілуі тиіс:
  • «Вокалдық шығарма» номинациясында – 5 минуттан 15 минутқа дейін.
  • «Камералық шығарма» номинациясында – 5 минуттан 15 минутқа дейін.
  • «Симфониялық шығарма» номинациясында – 8 минуттан 20 минутқа дейін.
  1. Байқауға қатысу үшін мынадай құжаттарды электрондық форматта ұсыну қажет:
  • Белгіленген үлгідегі онлайн толтырылған электрондық өтініш (сілтеме «Анонс» бөліміндегі https://kaznui.kz сайтында).
  • Өтініште: шығармада көрсетілген ұран, жас тобы мен номинациясы, автордың аты, туған күні, жері, азаматтығы, қысқаша өмірбаяны, төлқұжат көшірмесі, фото, байланыс координаттары (толық пошталық мекен-жайы, электрондық пошта мекен-жайы және телефон) және т. б. көрсетілген болуы керек.
  • Ұранмен белгіленген шығарманың толық партитурасы.
  • Қажетті құжаттар осы ереже https://kaznui.kz сайтында жарияланған сәттен бастап 2021 жылдың 1 қазанына дейін ұсынылуы тиіс.
  • Байланыс телефоны: +7(7172) 70-54-99.
  1. Байқауға қатысуға өтініш жіберу факті талапкердің осы Ереженің барлық тармақтарымен сөзсіз келісетіндігі мен оларды толық қабылдайтындығының дәлелі болып табылады.
  2. Өтінішті ресімдеп, шығарманың партитурасын жібере отырып, қатысушы оның дербес деректерін өңдеуге және сақтауға, оның ішінде туындының орындалуын аудио/видео форматында жазуға, оны көпшілік алдында орындауға, ТВ/интернет-трансляциялауға, партитураларды басып шығаруға, таратуға және сақтауға сөзсіз келісім береді.

Байқаудың жүлде қоры

Бірінші жас тобы (20 жасқа дейін қоса алғанда):

1 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық – 100 000 теңге

2 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық – 80 000 теңге

3 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық – 40 000 теңге

Екінші жас тобы (21-ден 27 жасты қоса алғанда):

1 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық – 200 000 теңге

2 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық – 160 000 теңге

3 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық – 120 000 теңге

Үшінші жас тобы (28-ден 35 жасты қоса алғанда):

1 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық – 600 000 теңге

2 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық – 400 000 теңге

3 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық – 200 000 теңге

БАС ЖҮЛДЕ – 1 000 000 теңге

Бас жүлде тек «Симфониялық шығарма» номинациясының үлкен жас тобында беріледі.

Байқау нәтижелері https://kaznui.kz ресми сайтта жарияланғаннан кейін конкурс лауреаттары өздерінің банктік деректемелерін 2021 жылы 5 қарашадан кешіктірмей ұйымдастыру комитетіне nmg.kaznui@gmail.com эл.поштасына жіберу қажет. Олай болмаған жағдайда ұйымдастыру комитеті сыйақыны жібермеу құқығын өзіне қалдырады. Конкурс лауреаттары ақшалай сыйлық өз шотына түскеннен кейін оны растап, nmg.kaznui@gmail.com эл.поштаға хабарлама жіберуі тиіс.

Ұйымдастыру комитеті байқауды дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де мәселелердің шешімін қарастырады.

Жеке және заңды тұлғалар Байқауды Ұйымдастыру комитетінің келісімі бойынша басқа да арнайы жүлделер тағайындай алады.

Байқаудың қазылар алқасы

  • Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау, сондай-ақ қорытынды шығару үшін қазылар алқасы тағайындалады. Қазылар алқасының құрамы қазіргі заманның танымал музыканттарынан, көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралып, Қазақ ұлттық өнер университеті ректорының бұйрығымен бекітіледі.
  • Қазылар алқасының барлық шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
  • Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді және оған оның барлық мүшелері қол қояды.
  • Дауыстар тең болған жағдайда қазылар алқасы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
  • Байқаудың қазылар алқасы Ұйымдастыру Комитеті белгілеген жүлделі орындарды бермеуге немесе үміткерлер арасында бөлуге құқылы.
  • Қандай да бір сыйлық берілмеген жағдайда, оның орнына қазылар алқасы жүлде қоры шегінде кез келген номинация мен жас тобында қосымша арнайы сыйлық беруге құқылы.
  • «New Music Generation 2021» III халықаралық композиторлар байқауының қазылар алқасы құрамы

Details

Start:
Қазан 25 @ 08:00 UTC+6
End:
Қазан 29 @ 17:00 UTC+6

Venue

Қазақ ұлттық өнер университеті
Тәуелсіздік 50
Нұр-Сұлтан, 010000
View Venue Website

Organizer

Халықаралық ынтымақтастық және шығармашылық қызметі
Phone:
+7 (7172)70-54-99
View Organizer Website
We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR