«New Music Generation 2020»

16.11.2020 @ 08:00 - 21.11.2020 @ 17:00 UTC+6
Loading Events
  • This event has passed.

«New Music Generation 2020» II халықаралық композиторлар конкурсын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

  1. «New Music Generation 2020» II халықаралық композиторлар конкурсы 2020 жылдың 16-21 қараша аралығында Қазақстан Республикасы, Нұр – Сұлтан қаласында ОНЛАЙН өтеді.
  2. Конкурсты Қазақ ұлттық өнер университеті өткізеді.
  3. Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Нұр – Сұлтан қаласы, 010000 Тәуелсіздік даңғылы 50. Тел. +7 (7172)70 -54 -98, Эл. Почта: nmg.kaznui@gmail.com

Конкурстың мақсаттары мен міндеттері

  1. Қазіргі заманғы академиялық музыканы оның барлық алуан түрлілігімен дәріптеу;
  2. Жас композиторлардың шығармашылығына қолдау көрсету және насихаттау;
  3. Қабілетті және талантты музыканттарды анықтау және ынталандыру, әлемдік қоғамдастық жүйесінде Қазақстанның мәдени имиджін одан әрі нығайту;
  4. Қазақстанда және әлемде жалпы композиторлық деңгейді арттыру;
  5. Жас музыканттар мен композиторларды жаңа композиторлық техникаларды оқып үйренуге және барлық жаңа мүмкіндіктер мен мәнерлі құралдарды меңгеруге ынталандыру;
  6. Барлық мамандықтағы жас композиторлар мен музыканттардың ой-өрісін және шығармашылық дүниетанымын кеңейту.

Конкурсты өткізу тәртібі мен талаптары

  1. Конкурсқа қатысуға әлемдік қауымдастықтың барлық елдерінен композиторлар шақырылады. Тұрғылықты жері мен азаматтығына байланысты шектеулер жоқ.
  2. Конкурсқа үш жас тобындағы композиторлар қатыса алады:

Бірінші топ-15 жасқа дейін;

Екінші топ – 15 жастан 25 жасқа дейін;

Үшінші топ – 25 жастан 35 жасқа дейін.

  1. Конкурс «Вокалдық шығарма» (әншілердің саны шектелмеген, аспаптық сүйемелдеумен немесе сүйемелдеусіз), «Камералық шығарма» (соло аспаптан бастап солистердің үлкен ансамбліне дейін), және «Симфониялық туынды» (солистпен немесе солистермен, оның ішінде вокалистермен немесе вокалистерсіз) номинацияларында өткізіледі.
  2. Әрбір қатысушы бір мезгілде барлық номинацияларға қатысуға құқылы. Бұл ретте сыйлық қазылар алқасының шешімі бойынша номинациялардың біреуіне ғана берілуі мүмкін.
  3. Әр номинацияға қатысушы бір ғана шығарманы (партитураны) жариялауға құқылы.
  4. «New Music Generation 2019» конкурсында марапаттарға ие болған партитураларды қоспағанда, жарияланған және көпшілік алдында орындалған, сондай-ақ жарияланбаған туындыларға рұқсат беріледі.
  5. Байқау онлайн өткізіледі. Конкурсқа қатысудың басты шарты ұсынылған түрде рәсімделіп жіберілген өтінім және туындының партитурасы болып табылады. Байқау нәтижелері туралы қатысушы онлайн, электрондық пошта арқылы хабардар етіледі. Байқау нәтижелері ҚазҰӨУ-нің ресми сайтында жарияланады https://kaznui.kz.
  6. Қатысушы композитордың аты-жөні партитурада еш жерде көрсетілмеуі керек, бірақ ұранмен (шифр-сәйкестендіргішпен) ауыстырылуы тиіс. Егер қатысушы бірнеше номинацияға қатысса, онда оның шифр-сәйкестендіргіші барлық партитураларда бірдей болуы тиіс.
  7. Қатысушының аты-жөні де партитураның PDF файлының атауында болмауы тиіс.
  8. Шығармалардың орындалу ұзақтығы төменде көрсетілген уақытқа сай болуы тиіс:
    • «Вокалдық шығарма» номинациясында 5-15 минутке дейін.
    • «Камералық шығарма» номинацияларында 5-15 минутке дейін.
    • «Симфониялық шығарма» номинацияларында 8-20 минутке дейін.
  9. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды 2020 жылдың 1 қарашасына дейін электрондық форматта ұсыну қажет. Белгіленген үлгідегі Онлайн толтырылған электрондық өтінім (https://kaznui.kz сайтында «события» бөлімінде), орындалатын туындының ұраны, автордың аты-жөні, күні, туған жері және азаматтығы, қысқаша өмірбаяны, паспортының көшірмесі, фото, байланыс мәліметтері (толық пошталық мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы және телефон) және т.б., сондай-ақ конкурсқа қатысу үшін туындының (туындыларының) толық партитурасы. Байланыс мәліметтері: +7(7172)70 54 98, 70 54 99.
  10. Конкурсқа қатысуға өтінімді жіберу фактісі Қатысушының осы Қағидалар мен Ереженің талаптарының барлық тармақтарымен сөзсіз келісетіндігінің және оларды толық қабылдайтындығының дәлелі болып табылады.
  11. Конкурсқа қатысудан бас тартқан жағдайда, осы Ережелердің 11-тармағында көрсетілген құжаттар қатысушыларға қайтарылмайды.
  12. Конкурсты Ұйымдастыру комитеті конкурсқа қатысушының қатысқаны туралы растауды өтінім мен туындының партитурасын алғаннан кейін келесі күні жібереді.
  13. Тіркеу рәсімі онлайн өтеді.
  14. Өтінімді рәсімдей және шығарманың партитурасын жібере отырып, қатысушы автоматты түрде оның дербес деректерін өңдеуге және сақтауға, оның ішінде туындының орындалуын аудио/видео форматында жазуға, оны көпшілік алдында орындауға, ТВ/интернет-трансляциялауға, партитураларды басып шығаруға, таратуға және сақтауға келісім береді.

Жүлде қоры

Бірінші жас тобы (15 жасқа дейін):

1 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық-100 000 теңге

2 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық-80 000 теңге

3 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық-40 000 теңге

Екінші жас тобы (15 жастан 25 жасқа дейін):

1 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық-200 000 теңге

2 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық-160 000 теңге

3 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық-120 000 теңге

Үшінші жас тобы (25 жастан 35 жасқа дейін):

1 орын – Құрмет  дипломы және ақшалай сыйлық – 600 000 теңге

2 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық – 400 000 теңге

3 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық – 200 000 теңге

ГРАН-ПРИ – 1 000 000 тенге

(«Симфониялық шығарма» номинациясының жоғары жас тобына беріледі).

Конкурс нәтижелері ресми сайтта жарияланғаннан кейін https://kaznui.kz конкурс лауреаттары 2020 жылғы 30 қарашадан кешіктірмей ұйымдастыру комитетіне өздерінің банктік деректемелерін nmg.kaznui@gmail.com  эл.поштасына жіберуі тиіс. Деректер жіберілмеген жағдайда ұйымдастыру комитеті сыйақыны жібермеу құқығын өзіне қалдырады. Конкурс лауреаттары ақшалай сыйлық шотқа түскеннен кейін сыйлықақы алғандығын растап, келесі мекенжайға nmg.kaznui@gmail.com хабарлама жіберуі тиіс.

Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

Жеке және заңды тұлғалар конкурстың Ұйымдастыру комитетінің келісімі бойынша басқа да арнайы жүлделер тағайындай алады.

Конкурстың қазылар алқасы

Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалау, сондай-ақ қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы қазіргі заманның көрнекті музыканттарынан, көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралады және Қазақ ұлттық өнер университеті ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Қазылар алқасының барлық шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және оған оның барлық мүшелері қол қояды.

Дауыстар тең болған жағдайда қазылар алқасы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Конкурстың қазылар алқасы Ұйымдастыру Комитеті белгілеген жүлделі орындарды бермеуге немесе үміткерлер арасында бөлуге құқылы.

Details

Start:
16.11.2020 @ 08:00 UTC+6
End:
21.11.2020 @ 17:00 UTC+6

Organizer

Халықаралық ынтымақтастық және шығармашылық қызметі
Phone:
+7 (7172)70-54-99
View Organizer Website

Venue

Қазақ ұлттық өнер университеті
Тәуелсіздік 50
Нұр-Сұлтан, 010000
+ Google Map
View Venue Website
We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR