Музыкалық колледждер арасындағы 42–ші Республикалық орындаушылар конкурсы

Мамыр 10 @ 09:00 - Мамыр 14 @ 18:00 UTC+6
Loading Events
  • This event has passed.

Музыкалық колледждер арасындағы (қашықтық форматтағы)

42 – ші Республикалық орындаушылар конкурсы туралы

ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

  1. Осы 42-ші Республикалық орындаушылар конкурсы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 12-1-тармақшасына сәйкес, сондай–ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №56 бұйрығымен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы негізінде әзірленді.
  2. Осы Ереже техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы 42-ші Республикалық орындаушылар конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді, ұйымдастыру және өткізу тәртібін, қаржыландыруды, қатысуды және лауреаттарды анықтауды белгілейді.
  3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (5 тарау, 26 бап), сондай–ақ «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсанындағы №514 Бұйрығына сәйкес балдар тең боған кезде, техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білімнен кейін кадрлар даярлау бойынша білім беру гранттарын алуға басым құқыққа халықаралық және республикалық орындаушылар конкурстарының соңғы үш жылдағы жеңімпаздары ие болады (бірінші, екінші және үшінші дәрежерлі дипломдармен марапатталған).
  4. Конкурстың ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Қазақ ұлттық өнер университеті» Республикалық мемлекеттік мекемесі.

Конкурстың мақсаттары мен міндеттері

  • Өнер саласында шығармашылық жетістіктерін анықтау, талантты және дарынды шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау;
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында дарынды адамдардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
  • Ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, оның қатысушыларының кәсіби шеберлігін арттыру;
  • Халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуды ұйымдастыру;
  • Шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы жетістіктерді көрсету;
  • Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
  • Азаматтарды эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
  • Мәдени мұраны насихаттау және олардың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
  • Жастардың ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тартылуына ықпал ету.

Конкурсты өткізудің тәртібі

  1. Конкурсты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 2021 жылдың 10 – 14 мамыр аралығында Қазақ ұлттық өнер университеті республикалық мемлекеттік мекемесі базасында видео форматында өткізеді. Мекен-жайы: Нұр – Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 50.
  2. Конкурс 0404000 – «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері» (Фортепиано, Ішекті аспаптар, Үрлемелі және соқпалы аспаптар, Қазақ халық аспаптары, Фольклорлық аспаптар, Фольклорлық ансамбль, Орыс халық аспаптары, Эстрадалық музыкалық аспаптар номинациялары бойынша), 0405000 «Хор дирижерлеу», 0406000 «Музыка теориясы», 0407000 «Ән салу» (Академиялық ән салу, Ансамбльдік ән салу, Эстрадалық ән орындау, Домбырамен халық әндерін орындау, Жыр-терме номинациялары бойынша) мамандықтары бойынша өткізіледі.
  3. Конкурс «42РОБ/РКИ» YouTube арнасында өткізілетін екі кезеңнен тұрады (тек «Хор дирижерлеу» номинациясы бір кезең).

           3.1. Екінші кезеңге кемінде 18 ұпай санын жинаған қатысушылар өткізіледі.

           3.2. Қатысушылардың өнер көрсету кезектілігі әліпбилік тәртіп бойынша анықталады.

  1. Әр қатысушы мамандық шифріне сәйкес, жеке және ансамбльдік номинацияға қатыса алады.
  2. 0404000 – «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері» (Фортепиано, Ішекті аспаптар, Үрлемелі және соқпалы аспаптар, Қазақ халық аспаптары, Фольклорлық аспаптар, Фольклорлық ансамбль, Орыс халық аспаптары, Эстрадалық музыкалық аспаптар), 0405000 «Хорда дирижерлеу», 0406000 «Музыка теориясы», 0407000 «Ән салу» (Академиялық ән салу, Ансамбльдік ән салу, Домбырамен халық әндерін орындау, Жыр-терме, Эстрадалық әндер орындау), мамандықтары конкурстың әрбір кезеңінде 25 ұпайлық жүйемен бағаланады.
  3. Электрондық өтінім жіберілгеннен кейін бағдарламаларға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
  4. Бірінші және екінші кезеңнің бағдарламасы жатқа орындалуы тиіс.
  5. Барлық шығармалар «бір қатысушы – бір жазба» принципі бойынша, яғни барлық шығармалар бір видеода ұсынылуы тиіс.
  6. Конкурстық бейне/аудио материалдарды (шығармалар арасын) өңдеуге (монтаж жасауға) және редакциялаудың кез-келген түрлеріне тиым салынады. Осы тармақ бойынша сәйкессіздік анықталған жағдайда қатысушы қатысу құқығынан айырылады.
  1. Конкурсқа бекітілген конкурстық бағдарламаны менгерген, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің ұсынымдарын алған білім алушылар қатысады.
  2. «Фольклорлық ансамбль» және «Ансамбльдік ән салу» номинацияларын қоспағанда, барлық номинацияларда конкурстық бағдарлама жеке немесе сүйемелдеушімен орындалады, яғни өзге (үшінші) тұлғалардың қатысуына жол берілмейді.
  3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары конкурсқа қатысу үшін әрбір номинация (аспаптар түрлері) бойынша тек екі қатысушыны ұсына алады («Академиялық ән салу» номинациясында әр дауыс ерекшелігіне қарай 2 қатысушы).
  4. Алдыңғы конкурста білім алушылары 1-ші орын алған ұйым осы конкурстың номинациясына сай үш қатысушыны қатыстыра алады.
  5. Конкурсты өткізуші жақ (ҚазҰӨУ) әр номинация бойынша төрт қатысушыға дейін конкурсқа қатыстыра алады.
  6. Түскен өтінімдерге сәйкес, егер номинацияда 3 қатысушыдан аз болса, конкурс өткізілмейді немесе ұқсас номинацияға біріктіріледі. «Музыка теориясы» номинациясында қатысушылар саны 3-тен кем болған жағдайда конкурс өткізілмейді.
  7. Жоғарыда көрсетілген номинациялар бойынша өткен жылдардың орындаушылар конкурсында 1-орын алған білім алушылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
  8. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес конкурсқа қатысушыларға келесі орындар беріледі:

І орын мен лауреат атағы;

ІІ орын мен лауреат атағы;

ІІІ орын мен лауреат атағы;

және Дипломант атағы.

  1. Конкурста 18 ұпай санынан кем емес алған қатысушыларға дипломант атағы беріледі.
  2. Қазылар алқасының шешімі бойынша барлық лауреаттардың жазбалары ҚазҰӨУ сайтында және басқада әлеуметтік желілерде көрсетіледі.

20.  Конкурсқа қатысуға өтінімдер, мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды (Google-форма) түрде белгіленген мерзімде қабылданады. Сілтемесі kaznui.kz сайтының «Іс-шара» бөлімінде жарияланады.

  1. Белгіленген үлгідегі электрондық өтінім келесіні қамтиды:
  • Конкурстық бейнематериалды (Google-диск, Яндекс-диск және т.б.) бұлтты деректер қоймасына жүктеу және файлға қолжетімділікті ашып, бейнематериал сілтемесін көшіріп, өтінімдегі тиісті бөлімге қою қажет.
  • ЖЕКЕ КУӘЛІККЕ СӘЙКЕС қатысушының, оқытушының және сүйемелдеушінің аты-жөні;·     PDF форматында қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (туу туралы куәлік, паспорт).·     PDF форматындағы оқу орнынан анықтама.·     Қатысушының PDF форматындағы банктік деректемелері (банктің мөрімен расталған шоттың бар-жоғы туралы анықтама).·     JPEG форматындағы буклетке арналған сурет (фото).·     Қатысушының конкурстық бағдарламасы.
  1. Бейнематериалдың атауында аты-жөнін (жеке куәлікке сәйкес) жазып, кезеңді белгілеу қажет.
  2. Өтінімдер 2021 жылдың 23 сәуірі (қоса алғанда) сағат 18:00 (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) дейін қабылданады.
  1. Қатысушыларды жіберуші ұйым (оқу орны) барлық номинациялар бойынша бірінші басшының қолымен және мөрімен расталған скан нұсқада қатысушылардың толық тізімін 2021 жылдың 15 сәуіріне дейін ұсынуы тиіс.
  2. Құжаттар пакеті толық болмаған және олар басқа форматта рәсімделген жағдайда өтінімдер қабылданбайды.

Ұйымдастыру комитеті

  1. Конкурстың ұйымдастыру комитетінің құрамы Қазақ ұлттық өнер университеті РММ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
  2. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.
  3. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу мәселелері жөнінде мүдделі органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
  4. Ұйымдастыру комитеті іс-шараның ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
  5. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

 Конкурстың қазылар алқасы

  1. Конкурстың қазылар алқасы құрамы Қазақ ұлттық өнер университеті РММ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
  2. Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда тақ сан болуы тиіс.
  3. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен рәсімделеді және барлық қазылар алқасының мүшелерімен бекітіледі.
  4. Қазылар алқасының мүшелері сол кезеңде өзінің білім алушысы болып саналатын қатысушылардың кандидатурасын талқылауға және дауыс беруге қатыспайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
  5. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шеберлігіне 25 ұпайлық жүйе бойынша баға береді:
  • Қатысушылар саны 15 адамнан артық болған жағдайда, бір бiрiншi, екі екiншi және үш үшiншi орындар мен және дипломдармен марапаттайды;
  • Қатысушылардың саны 15 адамға дейін болған жағдайда, бір бірінші, бір екінші, бір үшінші орындар және дипломдармен марапаттайды.
  1. Қазылар алқасы барлық жүлделі орындарды беруге құқылы емес.
  2. Конкурс лауреаттарын дайындаған оқытушылар алғыс хаттармен марапатталады.
  3. Демеушілер мен өзге де ұйымдар конкурс қатысушыларына арнайы жүлделерді ұсына алады.

Хат алмасу, байланыс ақпараты

  1. Конкурс өткізу бойынша барлық сұрақтар kaznui@gmail.com электронды мекен-жайына жіберіледі.
  2. Конкурстың байланыс телефоны: +7 (7172)-70-54-99

 

 

Музыкалық колледждер арасындағы (қашықтық форматтағы)

42 – ші Республикалық орындаушылар конкурсынның номинациялар бойынша бағдарламасы

0404000 «Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы» (түрлері бойынша) мамандығы бойынша

«ФОРТЕПИАНО»

І кезең

  1. И.С.Бах «Жақсы қарқынды клавир» 1-2 том, Прелюдия және фуга (таңдауы бойынша) немесе Д. Шостакович – Прелюдия және фуга (таңдауы бойынша)
  2. Классикалық сонатаның 1 немесе 2 және 3 бөлімдері – В.А.Моцарт, И.Гайдн, Л.Бетховен.
  3. Екі этюд – Ф.Шопен, Ф.Лист, С.Рахманинов, А.Скрябин, К.Дебюсси, Н.Паганини – Ф.Лист, С. Прокофьев.

ІІ кезең

Қазақстандық композитордың шығармасын қамтитын 15 минуттан кем емес еркін бағдарлама.

«ІШЕКТІ АСПАПТАР»

«СКРИПКА»

І кезең

  1. Төменде аталған этюдтардың бірін орындау:

П. Роде: Этюдтар (қатысушының таңдауымен);

Ш. Данкля: Этюдтар: № 3, 5, 7, 11, 13;

Г.Венявский – Капристар (қатысушының таңдауымен);

Н.Паганини – Капристар (қатысушының таңдауымен);

  1. И.С.Бах – Скрипкада соло орындау үшін алты соната және партиталар.

Конкурсант қатар тұрған екі бөлімді орындауы тиіс. Бұдан бөлек орындалатын ре – минор партитасынан Чакона және Ми-мажор партитасынан прелюдия, сонымен бірге толығымен орындалатын екі менуэт, Бурре мен Жига қосылмайды.

  1. Хасшеберлік пьеса: А.Вьетан, Н.Паганини, П.Сарасате, Г.Венявский, Б.Барток, К.Сен – Санс, М.Равель, Э.Изаи, К.Шимановский, П.Чайковский, Е.Цимбалист, В.Витали, Н.А.Римский – Корсаков және тағы басқалар.

ІI кезең

  1. Қазақстан Республикасының композиторларының пьесасы
  2. А.Вьетан № 1, 2, 4, 5. Н.Паганини, В.Венявский, Ф.Мендельсон, С.Прокофьев, А.Хачакезеңян, М.Брух, А.Глазунов, К.Сен – Санс, Ғ.Жұбанова, А.Дворжак, Э.Лало, К.Гольдмарк, Г.Конюс және т.б. концерттерінің бірі (1-ші немесе 2-ші – 3-ші бөлімдері каденцияларымен орындалады)

«АЛЬТ»

І кезең

  1. Г.Телеман қиялдарының бірі немесе И.С.Бахтың виолончельге арналған сюиталарынан 2 бөлім (альт солоға үшін аударылған) немесе скрипка солоға жазылған сонаталарынан және партиталарынан 2 бөлім.
  2. Капристердің бірін: Ф.Мазас, Б.Компаньоли, Ф.Хофмайстер, И.Палашко, Р.Крейцер, П.Роде.
  3. Хасшеберлік пьеса: Ф. Шуберт – «Пчелка», Н.Римский-Корсаков «Полет шмеля», «Пляска скоморохов», А.Бородин – «Пляска девушек» С.Цинцадзе – «Хоруми», Мусоргский «Гопак», Дебюсси «Цыганский танец» және т.б.

ІІ кезең

  1. Қазақстан композиторларының пьесасы.
  2. Концерт – 1, или 2, 3 части: И.Х.Бах, Г.Гендель, К.Цельтер, А.Ролла, А.Вивальди (В.Борисовский), И.Хандошкин, Б.Зейдман № 2, Я.Стамиц, Ф.Хофмайстер, С.Форсайт.

«ВИОЛОНЧЕЛЬ»

І кезең

  1. И. С. Бах – виолончель солоға арналған сюитадан екі бөлім.
  2. Д.Поппер, Ю.Дотцауэр, Ж.Дюпор этюдтерінің бірін немесе Пиатти каприсы.
  3. Хасшеберлік пьеса: Д.Поппер-«Тарантелла», «Прялка»; А.Вержбилович – Этюд; Ж.Б.Сенайе – «Аллегро спиритуозо», К.Сен – Санс «Аллегро аппассионато», А.Айвазян «Концертный этюд», Л.Боккерини – «Рондо», М. де Фалья – «Танец огня», К.Давыдов – «У фонтана» және т.б.

ІІ кезең

  1. Қазақстан композиторларының шығармасы: К.Күмісбеков «Поэма», К.Кужамьяров «Элегия», А.Затаевич «Желтый поток», А.Жубанов «Ария», Г.Жубанова «Мерекелік күй», Б.Жуманиязов – «Концерттік күй» және т.б.
  2. Концерт (1 немесе 2, 3 бөлімдер): Л.Боккерини, И.Гайдн (үлкен және кіші), К.Сен – Санс, Э.Лало, С.Прокофьев (Концертино), Д.Кабалевский (№ 1), К.Давыдов ( № 1, 2, 3, 4), Н.Мясковский (виолончельге арналған концерт с-moll). П.Чайковский – «Рококо тақырыбына вариациялар» және т.б.

«КОНТРАБАС»

І кезең

  1. Келесі мектеп және этюдтер жинақтарынан этюд: А.Михно, Ф.Симандл, Дж.Боттезини, В.Хоменко, А.Милушкин және басқалар.
  2. Г.Гендель, Б.Марчелло, Г.Эккльс, А.Эввелуа А.Ариости, А.Галлиар, А.Вивальди және т.б. сонаталарының бірінен – 1-2 немесе 3-4 бөлімдер
  3. Хасшеберлік пьесалардың бірі: И. Димитреску – «Крестьянский танец», Дж.Боттезини – «Тарантелла», «Прекрасная мельничиха», «Сомнамбула», С.Кусевицкий – «Вальс- миниатюра», И.Рафф – «Тарантелла», К.Сен – Санс – «Аллегро-аппассионато», Н.Паганини – Вариации на тему «Моисей», Р.Глиэр – «Тарантелла» және т.б.

II кезең

  1. Қазақстан композиторының пьесасы
  2. Концерт – 1 немесе 2 және 3 бөлімдер: С.Кусевицкий, Я.Ванхаль, Ф.Симандл, Д.Драгонетти, Г.Ф.Гендель, А.Капуцци, Дж.Боттезини, К.М.Диттерсдорф, В.А.Моцарт және т.б.

«АҒАШ ҮРЛЕМЕЛІ АСПАПТАР»

(флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон)

«ФЛЕЙТА»

I кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Э. Буртон «Сонатина», 2-3 бөлімі;

б) П. Хиндемит «Соната», 2-3 бөлімі;

в) Ф. Пуленк «Соната», 2-3 бөлімі;

г) О. Тактакишвили «Соната», 2-3 бөлімі;

д) Г. Фрид «Сонатина», 2-3 бөлімі.

е) К. Райнеке «Соната «Ундина» 1-2 б.б. немесе 3-4 б.б.

  1. Қазақстан композиторының шығармасы.

ІI кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) C. Меркаданте «Концерт e-moll», 1бөлім;

б) Э. Келлер «Концерт g-moll», 1бөлім;

в) В. Блодек «Концерт», 1бөлім.

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Ж. Демерссман «Концерттік соло» (таңдауы бойынша);

б) Ф. Кулау «Интродукция және рондо»;

в) Ф. Кулау «Дивертисмент» (таңдауы бойынша);

г) Ж.Б. Тюлу «Гранд соло» (таңдауы бойынша);

д) А. Казелла «Сицилиана және Бурлеска»;

е) Й. Андерсен «Баллада және сильф биі»;

ж) немесе күрделілігі сәйкес басқа шығарма.

«ГОБОЙ»

I кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша Концерт немесе барокко дәуірінен Соната;
  2. Қазақстан композиторының шығармасы.

 

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша Концерт шығарма 1 немесе 2-3 бөлімдері;
  2. Виртуозды сипаттағы шығарма.

«КЛАРНЕТ»

I кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Ф.Пуленк «Соната», 1бөлім немесе 2-3 бөлімдері;

б) К. Сен-Санс «Соната», 1-2 немесе 3-4 бөлімдері;

в) Ф. Девьен «Соната №1 с-moll», 1 немесе 2-3 бөлімдері;

г) Ф. Девьен «Соната №2 с-moll», 1 немесе 2-3 бөлімдері;

д) Ф. Девьен «Соната №3 Es-dur», 1 немесе 2-3 бөлімдері.

  1. Қазақстан композиторының шығармасы.

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша Концерт шығарма 1 немесе 2-3 бөлімдері;
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) А. Мессаже «Конкурстық соло»;

б) Э. Боцца «Кларибель»;

в) Э. Боцца «Итальян фантазиясы»;

г) А. Блох «Деннериана»;

д) Ф. Гобер «Фантазия».

«ФАГОТ»

I кезең

  1. А. Вивальди Концерт (таңдауы бойынша)
  2. Қазақстан композиторының шығармасы.

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Ф. Давид «Концертино»;

б) Л. Мильде «Концерт №2»;

в) И. Дубовский «Концерт» 1 немесе 2-3 бөлімдері;

г) А. Луппов «Концерт»

д) Ф. Девьенн «Концерт» 1 немесе 2-3 бөлімдері;

е) В. Брунс «Концерт» ор.5;

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Л. Мильде «Тарантелла»;

б) О. Мирошников «Скерцо»;

в) В. Купревич «Скерцино»;

г) Г. Чернов «Скерцо»;

д) Р. Глиэр «Юмореска»;

е) Да Минчи «Скерцо»;

ж) Г. Гровле «Сицилиана және Аллегро»;

е) П. Чайковский «Полька».

«САКСОФОН-АЛЬТ»

I кезең

  1. Қазақстан композиторының пьесасы.
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Д. Демерссман «Фантазия на оригинальную тему»;

б) Жан-Батист Сингле «Концертино»;

в) А. Юяма  «Дивертисмент»;

г) А. Бюссе «Аскезеңия».

II кезең

  1. Виртуозды сипатты пьеса.
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Г. Готлиб «Концерт»;

б) П. Бонно «Джаз стиліндегі концерттік пьеса»;

в) П. Крестон «Соната», 1 немесе 2-3 бөлімдері;

г) А. Глазунов «Концерт Es-dur» (каденцияға дейін)

д) Д. Мийо «Скарамуш» сюитасы, 2-3 бөлімдері.

«САКСОФОН-ТЕНОР»

I кезең

  1. Қазақстан композиторының пьесасы.
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) А. Раухвергер «Концерт»;

б) Ю. Чугунов «Концерт»;

в) Ж. Демерссман «Фантазия на оригинальную тему» (өңдеуі).

II кезең

  1. Виртуозды сипатты пьеса;
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Э. Вила -Лобос «Фантазия»;

б) Г. Готлиб «Концерт»;

в) А. Флярковский «Концерт», 1 немесе 2-3 бөлімдері;

г) Г.Калинкович «Концерт-каприччио на тему Паганини».

«МЫС ҮРЛЕМЕЛІ АСПАПТАР»

(валторна, труба, тромбон, туба)

«ВАЛТОРНА»

I кезең

  1. В.А. Моцарт Концерт немесе Концерттік рондо (таңдауы бойынша):

а) «Концерт №1»;

б) «Концерт №2», 1 бөлім (каденциямен) немесе 2-3 бөлімдері;

в) «Концерт №3», 1 бөлім (каденциямен) немесе 2-3 бөлімдері;

г) «Концерт №4», 1 бөлім (каденциямен) немесе 2-3 бөлімдері;

д) «Концерттік рондо».

  1. Қазақстан композиторының шығармасы (5-7 минут).

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Р. Глиэр «Валторнаға арналған концерт», 1 бөлім немесе 2-3 бөлімдер;

б) Р. Глиэр «Дауысқа арналған концерт», валторнаға өңделген;

в) Дж. Россини «Прелюдия және вариациялармен тема»;

г) Р. Шуман «Адажио және Аллегро»;

д) Р. Штраус «Концерт №1», 1 бөлім немесе 2-3 бөлімдер

е) Ф. Штраус «Концерт для валторны», 1 бөлім немесе 2-3 бөлімдер

ж) Ф. Штраус «Интродукция и тема с вариациями».

  1. Орындаушының таңдауы бойынша виртуозды шығарма (5- 7 минут).

«ТРУБА»

I кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Дж. Тартини «Концерт As-dur» (2,3 бөлім);

б) Т. Альбинони «Концерт Es-dur» (1,2 немесе 3,4 бөлім);

в) А. Вивальди «Концерт d-moll» (2,3 бөлім);

г) И. Гуммель «Концерт» (1 бөлім).

  1. Қазақстан композиторының шығармасы.

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) С. Василенко «Концерт» 1 бөлім;

б) А. Арутюнян «Концерт»;

в) В. Брант «Концерттік пьеса №1 f-moll»;

г) В. Брант «Концерттік пьеса №2 Es-dur»;

д) И. Гуммель «Концерт» (2 және 3 бөлімдер).

  1. Орындаушының таңдауы бойынша виртуозды шығарма (5-7 минут).

«ТРОМБОН»

I кезең

  1. Күрделі форма (орындаушының таңдауы бойынша ескілікті сонаталар).
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Б. Кроче-Спинелли «Конкурстық соло»;

б) Ж. Мазелье «Конкурстық соло»;

в) К. Сен-Санс «Каватина»;

г) Э. Боцца «Бах стилінде»;

д) Ж. Бара «Анданте және Аллегро»;

е) В. Блажевич «Концерттік эскиз №5»;

ж) А. Гильман «Симфониялық пьеса».

II кезең

  1. Күрделі форма (орындаушының таңдауы бойынша):

а) Ф. Давид «Концертино»;

б) В. Блажевич «Концерт № 2, 3, 4, 5, 7»;

в) С. Шулек «Соната».

  1. Қазақстан композиторының шығармасы.

«ТУБА»

I кезең

  1. Б. Марчелло Соната (таңдауы бойынша).
  2. Қазақстан композиторының шығармасы.

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) А. Лебедев «Концерт №1»;

б) А. Лебедев «Концерттік аллегро».

  1. Орындаушының таңдауы бойынша:

а) Н. Раков «Сонатина»;

б) В. Зверев «Концертино»;

в) А. Болдырев «Концертино».

«СОҚПАЛЫ АСПАПТАР»

I кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша ксилофонға арналған шығарма:

а) Т. Маюдзуми «Ксилофонға арналған концерт» 1 бөлім;

б) Г. Рзаев «Скерцо»;

в) Г. Рзаев «Концертино».

  1. Қазақстан композиторының шығармасы;
  2. Орындаушының таңдауы бойынша кіші барабанға арналған шығарма:

а) D. Collins «Tabula rasa»;

б) J. Fanamaker «Конкурстық соло» (одно на выбор);

в) M. Shneider «Кіші барабанға арналған концерт».

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша маримбаға арналған шығарма:

а) К. Абе «Frogs»;

б) E. Hatch «Furioso and Valse»;

в) M. Peters «Yellow after the rain».

  1. Вибрафонға арналған пьеса (төрт таяқ).

«ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР»

«ДОМБЫРА-ТЕНОР»

І-кезең

  1. Дина «Бұлбұл» (Қ.Ахмедияровтың орындауында)
  2. Құрманғазының бір күйі. (Қалауы бойынша)
  3. Сүгір «Бес жорға» (Т.Момбековтың орындауында)
  4. М.Өскінбаев «Жеңіс»
  5. Қазақстан композиторларының домбыра мен фортепианоға арнайы жазған күрделі формадағы бір шығармасы (таңдауы бойынша).

ІІ-кезең

  1. Сейтек «Көк ала ат» (Торы ат).
  2. Қазанғаптың бір күйі (Қалауы бойынша).
  3. Алтай-Тарбағатай, Арқа, Жетісу күйшілік мектептерінен бір күй.
  4. Тәуелсіз Қазақстан композиторларының бір күйі (Қ.Ахмедияров, А.Жайымов, Ш.Әбілтай, Т.Шәмелов, Қ.Тасбергенов, А.Райымбергенов, О.Дүйсен, Ә.Желдібаев, С.Тұрысбек, Е.Үсенов, Т.Әліпбаев т.б.).
  5. Шетел композиторларының домбыраға лайықталған күрделі формадағы бір шығармасы.

 

«ШЕРТЕР»

І кезең

  1. Сайыскердің қалауы бойынша виртуозды шығарма (сүйемелдеумен)
  2. Сайыскердің қалауы бойынша кантиленалық шығарма (сүйемелдеумен)
  3. Шертерге арналған немесе лайықталған күй (сүйемелдеусіз)

ІІ кезең

  1. Қазақстан композиторларының шығармасы (сүйемелдеумен)
  2. Еуропалық композиторларының шеберлікті көрсететін шығармасы (сүйемелдеумен)
  3. Күрделі формадағы шығарма (концерт; соната 1 немесе 2,3 бөлімдері) (сүйемелдеумен)

«ҚОБЫЗ-ПРИМА»

І кезең

  1. Кантилена сипатындағы шығарма (сүйемелдеумен)
  2. Н.Тілендиев «Теміректің төкпесі» (нұсқасы жіберіледі) (сүйемелдеумен)

ІІ кезең

  1. Қазақстан композиторының шығармасы (сүйемелдеумен)
  2. Фантазия, Вариациялар, Концерт 1 немесе 2,3 бөлімдері (сүйемелдеумен)

«ҚОБЫЗ»

І кезең

  1. Қорқыттың күйі (сүйемелдеусіз)
  2. Ықылас Дүкенұлы тізімде көрсетілген бір күй міндетті түрде:

«Шыңырау» (Д.Мықтыбаевтың орындауында) (сүйемелдеусіз)

«Кертолғау» (ІІ нұсқасы Д.Мықтыбаевтың орындауында) (сүйемелдеусіз)

«Қазан» (І нұсқасы Д.Мықтыбаевтың орындауында) (сүйемелдеусіз)

ІІ кезең

  1. Ұсынылған тізімнен қатысушының қалауы бойынша бір күй (сүйемелдеусіз):

а) Ж.Қаламбаев «Марш»

б) С.Үмбетбаев «Әкеме арнау»

в) Ә.Қазақбаев «Нұрғиса- аңыз құс»

  1. Фортепиано сүйемелдеуімен Қазақстан композиторының шығармасы.

«ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АСПАПТАР»

«САЗ СЫРНАЙ»

І кезең

  1. Уақыты 7 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша  2 шығарма.
  2. Н.Тілендиев «Балапандарым»

ІІ кезең

  1. Уақыты 7-10 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша  3 шығарма.

«ЖЕТІГЕН»

І кезең

  1. Қазақстан композиторының күйі. (сүйемелдеусіз)
  2. Сайыскердің қалауы бойынша бір күй (сүйемелдеусіз)

ІІ кезең

  1. Фортепиано сүйемелдеуімен шығарма.
  2. Раздық «Аңшының зары» (сүйемелдеусіз)

«СЫБЫЗҒЫ»

І кезең

  1. Уақыты 7 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 2 шығарма.
  2. Кәлек «Арман»

ІІ кезең

  1. Уақыты 7-10 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 3 шығарма.

 

«ШАҢ-ҚОБЫЗ»

І кезең

  1. Уақыты 7-10 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 3 шығарма.

ІІ кезең

  1. Уақыты 7-10 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 3 шығарма.

«ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛЬ»

І кезең

15 минуттық бағдарлама.

15 минуттық бағдарламаның құрамында күй, шығармалармен қатар, ансамбль сүйемелдеуімен фольклорлық аспапта жеке орындау (соло) болуы шарт.

ІІ кезең

15 минуттық бағдарлама.

15 минуттық бағдарламаның құрамында күй, шығармалармен қатар ансамбль сүйемелдеуімен вокалдық соло (дәстүрлі ән) болуы шарт.

 

«ОРЫС ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ»

«БАЯН, АККОРДЕОН»

І кезең

  1. Полифониялық цикл фугамен (3 дауыстан кем емес)
  2. Виртуозды шығарма.
  3. Кантиленалық сипаттағы шығарма.

ІІ кезең

  1. Күрделі формадағы шығарма (соната – 1 бөлімді сонаталық аллегро формасындағы; 2,3 бөлімдері; сонатина барлық бөлімдері; сюита, партита – 3 бөлімнен кем емес.)
  2. Сайыскердің қалауы бойнша шығарма.

«КЛАССИКАЛЫҚ ГИТАРА»

І кезең

  1. И.С:Бах – Сюитаның екі бөлімі (прелюдия-фуга, алеманда-куранта, сарабанда-жига. т.б.)
  2. Гитараға лайықталған Қазақстан композиторларының шығармасы.
  3. Кантиленалық сипаттағы шығарма.

ІІ кезең

  1. Сайыскердің шеберлігін көрсететін виртуозды шығарма.
  2. Сайыскердің қалауы бойнша шығарма.

«КІШІ ДОМРА»

І кезең

  1. Сайыскердің қалауы бойынша виртуозды шығарма (сүйемелдеумен)
  2. Сайыскердің қалауы бойынша кантиленалық шығарма (сүйемелдеумен)

ІІ кезең

  1. Қазақстан композиторларының шығармасы (сүйемелдеумен)
  2. Еуропалық композиторларының шеберлікті көрсететін шығармасы (сүйемелдеумен)
  3. Күрделі формадағы шығарма (концерт; соната 1 немесе 2,3 бөлімдері) (сүйемелдеумен)

«ДОМРА – БАС»

І кезең

  1. Сайыскердің қалауы бойынша виртуозды шығарма (сүйемелдеумен)
  2. Сайыскердің қалауы бойынша кантиленалық шығарма (сүйемелдеумен)

ІІ кезең

  1. Қазақстан композиторларының шығармасы (сүйемелдеумен)
  2. Еуропалық композиторларының шеберлікті көрсететін шығармасы. (сүйемелдеумен)
  3. Күрделі формадағы шығарма (концерт; соната 1 немесе 2,3 бөлімдері). (сүйемелдеумен)

«ЭСТРАДАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР»

«САКСОФОН»

І кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен джаз сипатты свинг стилінде шығарма немесе бибоп, баллада, блюз.
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері өңдеуде.

ІІ кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен Latino – jazz стилiнде шығарма (mini disk, CD Audio)
  2. «Минус бір» фонограммамен түрлі стилдегі бір шығарма (mini disk, CD Audio)

«ТРУБА»

І кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен джаз сипатты свинг стилінде шығарма немесе бибоп, баллада, блюз.
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері өңдеуде.

ІІ кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен Latino – jazz стилiнде шығарма (mini disk, CD Audio)
  2. «Минус бір» фонограммамен түрлі стилдегі бір шығарма (mini disk, CD Audio)

«ТРОМБОН»

І кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен джаз сипатты свинг стилінде шығарма немесе бибоп, баллада, блюз (mini disk, CD Audio)
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері өңдеуде.

ІІ кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен Latino – jazz стилiнде шығарма (mini disk, CD Audio)
  2. «Минус бір» фонограммамен түрлі стилдегі бір шығарма (mini disk, CD Audio)

«ДЖАЗДЫҚ ФОРТЕПИАНО»

І кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен джаз сипатты свинг стилінде шығарма немесе бибоп, баллада, блюз (mini disk, CD Audio)
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері өңдеуде.

ІІ кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен Latino – jazz стилiнде шығарма (mini disk, CD Audio)
  2. «Минус бір» фонограммамен түрлі стилдегі бір шығарма (mini disk, CD Audio)

«ЭЛЕКТРОГИТАРА»

І кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен джаз сипатты свинг стилінде шығарма немесе бибоп, баллада, блюз (mini disk, CD Audio)
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері, күйлері өңдеуде.

ІІ кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен Latino – jazz стилiнде шығарма (mini disk, CD Audio)
  2. «Минус бір» фонограммамен түрлі стилдегі бір шығарма (mini disk, CD Audio)

«БАС ГИТАРА»

І кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен джаз сипатты свинг стилінде шығарма немесе бибоп, баллада, блюз (mini disk, CD Audio)
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері өңдеуде.

ІІ кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен Latino – jazz стилiнде шығарма (mini disk, CD Audio)
  2. «Минус бір» фонограммамен түрлі стилдегі бір шығарма (mini disk, CD Audio)

 

«СОҚПАЛЫ АСПАПТАР»

І кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен джаз сипатты свинг стилінде шығарма немесе бибоп, баллада, блюз (mini disk, CD Audio)
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері өңдеуде.

ІІ кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен Latino – jazz стилiнде шығарма (mini disk, CD Audio)
  2. «Минус бір» фонограммамен түрлі стилдегі бір шығарма (mini disk, CD Audio) немесе жеке клавишты соқпалы аспаптарда кеңейтілген джаз шығармасы.

 

0405000 «Хор дирижерлеу» мамандығы бойынша

 

«Хор дирижерлеу» мамандығы бойынша конкурс І кезеңнен тұрады. 2 хор шығармасы талап етіледі: а капелла және сүйемелдеумен хор шығармасы, аудиоаккомпанименттің көмегі бойынша (рояль, хор немесе оркестр) видеожазба форматында басылу керек. Ноталар электронды форматта көрсетілген поштаға жіберіледі: choirkaznua@gmail.com

«ДИРИЖЕРЛЕУ»

Видеожазба (10 минуттан аспауы тиіс)

Қатысушыларға келесі бағдарламаны орындау ұсынылады:

  1. A capella xop шығармасы.
  2. Сүйемелдеумен жазылған хор шығармасы. Шығарманы жатқа дирижерлеу қажет. Дирижерлеуге арналған шығарма еркін түрде таңдалынады. Қатысушының техникалық және шығармашылық потенциалын толық ашу үшін, олар әртүрлі мінезде болуы тиіс. Қатысушы шығарманың көркемдік ойын аша біліп, оның мазмұнына нақты түсінік беріп көрсетуі қажет. Қатысушылардың орындаушылығы келесі критерийлер бойынша бағаланады:

музыкалық дарынның жарқындылығы – 5 ұпай;

орындау техникасы, нота мәтінімен дәл жүруі – 5 ұпай;

шығарманың стилдік интерпретациясы – 5 ұпай;

әртістілігі – 5 ұпай; даралығы – 5 ұпай;

0406000 «Музыка теориясы» мамандығы бойынша

«МУЗЫКА ТЕОРИЯСЫ» номинациясы

Конкурс «Отандық музыканың In memoriam жанры» атты ортақ тақырыбымен екі кезеңде өткізіледі.

І кезең – жазбаша жұмыс

ІІ кезең – бейнепрезентация

1 кезеңнің жазбаша жұмысы мен 2 кезеңнің бейнепрезентациясы бірін-бірі толықтырып тұру қажет.

І кезеңнің жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар: 

Тапсырма теориялық негіздерін, терминологиялық аппаратты иеленуін анықтауға, теория бөлімінде оқитын студенттің талдау дағдыларын мен басқа да кәсіби құзыреттерін анықтауға бағытталған.

Шығармада зерттеу үшін таңдалған шығарманың дәуірін, стилін, жанрын, мәнерлі құралдар кешенін, бейнелі әлемді, жеке алған әсерін айқындап көрсету қажет. Студенттер тақырыпта жазба жұмыстарының белгілі бір жанрын таңдап, көрсете алады (эссе, аналитикалық зерттеу, сыни мақала, рефератты очерк) және оның талаптарына сай орындайды.

Көлемі: 5-6 бет.

А 4, форматында, кегль 14, Times New Roman, бір аралық, сол жақ беттің өрісі – 3 см, қалғандары 2 см.

Ғылыми басылымдарды рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес жұмыстың соңындағы дереккөздерге сілтемелер.

Жоғарғы оң жақ бұрышында – автордың аты-жөні, бір аралық төмен – оқу орны, курсы, жетекшінің аты-жөні.

ІІ кезең бейнепрезентацияның талаптары:

Тапсырма теориялық білімін, тәжірибелік дағдыларарын, білімдарлығын, кәсіби қызығушылығын, материалды ұсынудағы логикалық дәйектілік, әртістік қабілеттерін анықтауға бағытталған.

Рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  • Көлемі 15-25 слайд. Бірінші слайдта автордың және жетекшінің тегі, оқу орнының атауы көрсетілу қажет. Соңғы слайд – ақпарат көздерінің тізімі.
  • Қатысушының ауызша баяндамасын бір дубльмен жазған дұрыс.
  • Презентацияда мәтін мен иллюстрациялық слайдтар кезектесіп тұра алады.
  • Музыкалық мысалдарды орындап немесе көрсету шарт.

Мазмұнға қойылатын талаптар:

  1. Тақырып тұжырымдамасында және мазмұнында көрсетілген бағыттаушы идеяның болуы.
  2. Ұсынылған тақырыптың өзектілігін негіздеу.
  3. Мақсаты мен міндеттері.
  4. Баяндаманың мазмұны қойылған міндеттерді шешуге бағытталуы керек және көрсетілген мәселемен байланысты болу керек.
  5. Музыкалық үлгілерді орындауы шарт.

Баяндау уақыты: 10 минутқа жуық.

0407000 «Ән салу» мамандығы бойынша

«АКАДЕМИЯЛЫҚ ӘН САЛУ»

I кезең

  1. ХVII – XVIII – ғасыр композиторларының ариялары
  2. Орыс, шетел немесе Қазақстан композиторларының романсы (қатысушының таңдауы бойынша)

II кезең

  1. Орыс, шетел немесе Қазақстан композиторларының операларынан ариялар (қатысушының таңдауы бойынша)
  2. Қатысушының таңдауы бойынша халық әні

«АНСАМБЛЬДІК ӘН САЛУ»

I кезең

  1. Батыс-еуропалық композиторларының ансамбльдері (дуэт, трио, квартет және т.б. 8 адамға дейін)
  2. Қазақстандық композиторларының ансамбльдері (дуэт, трио, квартет және т.б. 8 адамға дейін).

ІІ кезең

  1. Орыс композиторларының ансамбльдері (дуэт, трио, квартет және т.б. 8 адамға дейін)
  2. XX және XXI ғасыр композиторларының ансамбльдері (дуэт, трио, квартет және т.б. 8 адамға дейін)

«ДОМБЫРАМЕН ХАЛЫҚ ӘНДЕРІН ОРЫНДАУ»

І кезең

  1. Халық әні
  2. Халық композиторларының әндері
  3. Қазақстан композиторларының әндері (М.Жанболатов, Д.Рақышев, А.Сейдімбеков, А.Еспаев, С.Кәрімбаев, Г.Құрманғалиев, Т.Рахимов және т.б.)

II кезең

  1. Халық әні
  2. Дауыс диапазонын көрсететін халық композиторларының 1 әні
  3. Басқа өңірдің дәстүрлі әншілік мектебінен 1 ән (Батыс, Арқа, Жетісу, Сыр, Алтай-Тарбағатай)

«ЖЫР-ТЕРМЕ»

I кезең

  1. Жыр бастау
  2. Терме
  3. Нақыл сөз

Уақыт мөлшері 20 минут.

II кезең

  1. Толғау.
  2. Поэма үзінді
  3. Дастаннан үзінді.

Уақыт мөлшері 20 минут.

«ЭСТРАДАЛЫҚ ӘНДЕР ОРЫНДАУ»

I кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен Қазақстан композиторларының әні (mini disk, CD Audio).
  2. «Минус бір» фонограммамен Славян тілінде ән (mini disk, CD Audio).

ІI кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен қатысушының дауыс диапазонын және вокалдық мүмкіндігін көрсететін шетелдік хит ән (mini disk, CD Audio).
  2. Қазақ халық әні немесе халық композиторларының әні эстрадалық өңдеуде «минус бір» фонограммамен (mini disk, CD Audio).

 

 

Details

Start:
Мамыр 10 @ 09:00 UTC+6
End:
Мамыр 14 @ 18:00 UTC+6
Event Tags:
, , ,

Organizer

Халықаралық ынтымақтастық және шығармашылық қызметі
Phone:
+7 (7172)70-54-99
View Organizer Website

Venue

Қазақ ұлттық өнер университеті
Тәуелсіздік 50
Нұр-Сұлтан, 010000
+ Google Map
View Venue Website
We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR