«Мiss Insta_KazNUA» КОНКУРС КРАСОТЫ

18 апреля @ 14:00 - 18:00 UTC+6
Загрузка Мероприятия
  • Это мероприятие прошло.

«Мiss Insta_KazNUA»

Ережесі

Бұл сұлулық байқауы Абай атамыздың 175 жылдығына орай және 2020 еріктілер жылы аясында, ҚазҰӨУ тарихында алғаш өткізілгелі отырған онлайн байқау.

БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

ҚазҰӨУ-нің Тәрбие ісі жөніндегі бөлім және «Miss KazNUA» сән клубы.

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ

«Мiss Insta_KazNUA» сұлулық байқауы университет және колледж көлеміндегі талантты бойжеткендеріміздің мүмкіндіктерін барша көрерменге паш етіп, үндестік пен әдемілік арқылы өлкеміздің гүлденуіне үлесін қосу. Байқауға университет және колледж аумағындағы студент қыздар қатыса алады.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ

Байқауға 16 мен 25 жас аралығындағы ақылы мен дарынына сымбаты мен көркі сай, өнерге бейім, өз ойын еркін жеткізе білетін, кезкелген университет және колледж аруы қатысады.

ЕСКЕРТУ: Байқауға Miss KazNUA сұлулық байқауының жеңімпаздары және тұрмыс құрған арулар қатыса алмайды!

Үміткерлердің өтінімдері +7 776 104 9072 Ватсап желісі бойынша 2020 жылдың 18 сәуір , сағат 00.00 дейін сұраныс жіберілуі тиіс.

БАЙҚАУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН РЕГЛАМЕНТІ

Байқау 6 бөлімнен тұрады:

I бөлім «Іріктеу кезеңі»

«Фототаныстыру» (Өзі жайлы көркем ролик түсіру, бейнеролик жоғары сапада болуы тиіс) — 1 минутқа дейін.

II бөлім «Карантиндегі Сән»

Үйде бар кез келген материалдан сәнді киім үлгісін жасап, Vogue стилінде фотоға түсу.

IІІ бөлім «Магшот челленджі» Отбасылық жәбір көрсетуге қарсымыз атты марафон

Магшот стиліне сай фотоға түсіп, басты тақырыпқа өз ойын жазбаша түрде анық жеткізу.

IV бөлім «Балалық шаққа саяхат» челленджі.

Қатысушылар өздерінің бала күніндегі фотоларынан слайд жасайды.

V бөлім «Өз өнері»

Бойында бар өнерді 1минуттық видеоға сыйғызу.

VI бөлім «Сұрақ жауап» Финал.

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

Қазылар алқасы @miss_kaznua парақшасының көрермендері боп саналады. Олардың міндеті үміткерлердің инабаттылығына, сырт-сымбатына, талғамына, өнеріне, зияткерлігіне және сахналық келбетіне баса назар аудараду. Бағалау лүпіл және пікір қалдыру жүйесімен жүргізіледі, лүпіл қою кезінде қатысушылардың жанкүйерлерінің белсенділігі есепке алынады.

ЕСКЕРТУ: Байқау кезінде арнайы бағдарламалар арқылы жалған лүпіл (раскрутка, накрутка) жинауға қатаң түрде тыйым салынады. Барлық лүпіл және пікір қалдырушының парақшасы ресми болуы шарт!

БАЙҚАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ

Әр үміткер байқау ұйымдастырушыларының қойған талаптары мен ережелерін сақтау қажет.

Байланыс телефондары: 8702 903 3318; 8776 104 9072.

Өткізу орны, уакыты мен күні: @miss_kaznua парақшасы. Байқау 20.04.2020ж және 06.05.2020ж аралығында өтеді.

Подробности

Дата:
18 апреля
Время:
14:00 - 18:00 UTC+6
Событие рубрика:
Теги Событие:
Веб-сайт:
https://kaznui.kz

Организатор

Рахимов Еркебулан Ерболатович
Телефон:
+7 7172 70 54 98
Электронная почта:
info.iacw.kaznua@gmail.com
Веб-сайт:
https://kaznui.kz/

Место проведения

Органный зал КазНУИ
Женис 33
Нур-Султан, Акмола 010000 Казахстан
+ Карта Google
Телефон:
+7 7172 40 41 45
Веб-сайт:
https://kaznui.kz