Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 

09.12.2020 @ 14:00 - 16:00 UTC+6
Loading Events
  • This event has passed.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ АҚЖАН ӘЛ-МАШАНИ МҰРАЛАРЫ: ЗЕРТТЕУ МЕН ЗЕРДЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 

2020 жылдың 9 желтоқсан күні сағат 14.00-де Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және арт -менеджмент» кафедрасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті тарих факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Әл-Фараби және Ақжан әл-Машани мұралары: зерттеу мен зерделеу мәселелері»  атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Аталмыш іс-шараға: ҚазҰӨУ және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессорлық-оқытушылар құрамы, Қырғызстан Республикасындағы Венгрияның тағайындалған елшісі Шандор Дороги мырза, Стамбул Сауда  университетінің ректоры, профессор Юджел Огурлу, ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар» Ұлттық орталығы, Халықаралық Түркі Академиясы мен Мемлекет тарихы институтының ғалымдары және елімізге белгілі тұлғатанушылар, Алаштанушы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, студенттер, магистранттар, докторанттардың қатысуы жоспарланып отыр.

Конференцияның мақсаты: Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының аясында фарабитанушы Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидің Әбу Насыр әл-Фарабиді тұңғыш отанына ғылыми тұрғыда дәлелдеп, фарабитанудың негізін салушы ғұлама ғалымның ғылыми-танымдық рухани қазынасының маңызын саралап, қоғамның рухани кемелденуіне бағыттауға, халыққа тән тарихи жадыны жетілдіруге, ұлттық тарихи сана қалыптастыру ісіне қызмет еткізуге және бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихаттау.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс және ағылшын

Халықаралық конференция тақырыптарының бағыттары:

  • тарихи мұраларды зерттеудің сабақтастығы мен перспективалары;
  • тарихи тұлғалар контексіндегі ұлы дала;
  • фарабитанудың тұжырымдамалық мәселелері;
  • Әбу Насыр әл-Фарабидің музыка мен поэзия табиғаты туралы эстетикалық көзқарастары;
  • әлемнің жаһандану трансформациясы жағдайындағы қазіргі ғылым салалары.

Конференцияға  ұсынылған мақалаларжинақ ретінде pdf форматта жарияланады.

Мына почтаға жіберулеріңізді сұраймыз: bota_1801@mail.ru

Баяндама мәтініне қойылатын талаптар:

Баяндаманың көлемі, үш тілдегі аннотация мен әдебиеттер тізімі – 10 мыңға дейінгі белгі (шамамен 5-6 бет). Форматы: компьютерден терілген Microsoft Word (кеңейтумен *.doc, *.docx, *.rtf кеңейтімдегі); шрифт – Times New Roman, негізгі мәтінде 12 кегль, ескертпелерде – 10. Жоларалық интервал – бір, барлық шеттер – 2 см, ені бойынша тегістеу. Азат жол – 1 см.

Тақырыптың ресімделуі: мақала тақырыбында бас әріптер (ортасында тегістеу) қолданылады. Тақырыптың алдында – автордың АТЫ-ЖӨНІ курсивпен, қарапайым кіші әріптермен, оң жақта тегістеу, төменірек – жұмыс орны, қала және ел. Одан әрі үш тілде көлемі 150 сөзден кем емес аннотация беріледі.Тақырып атауы – жартылай қою шрифт.

Барлық суреттер, карталар, фотолар, кестелер, формулаларды компьютерлік техника құралдары арқылы орындау және оларды баяндамада көрсетілуі бойынша қолдану ұсынылады;

Әдебиеттер тізімі: мәтінде қолданылған әдебиеттерге сілтемелер тік жақшадағы дереккөздің библиографиялық тізімдегі нөмірі мен үтірмен бөлінген бет нөмірімен (мысалы: [17, 25], [3, 36]) дәйексөз келтіру тәртібімен жасалады.

Мақала авторлары ақпараттың, сілтемелердің, цитаталардың және әдебиеттер тізімінің дәлдігі мен сенімділігі үшін толық жауап береді.

Баяндамалардың электрондық нұсқасы 2020 ж. 25-желтоқсанына дейін мына электрондық мекен-жайға жіберіледі: bota_1801@mail.ru  байланыс тел. 8 (7172) 705425, 87777741155 – Ақбота Секербаева.

Ұйымдастырушылар: ҚазҰӨУ-нің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және арт -менеджмент» кафедрасы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, тарих факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасы.

Жауапты: ф.ғ.к., профессор Каудырова А.О.;

т.ғ.д., профессор Дүкенбаева З.О.

Байланыс тел: 87014875453; 8 7015908547

Өтетін күні: 9 желтоқсан 2020 жыл, сағ.: 14.00-17.00 уақыт аралығы

Өтетін орны:

«ZOOM»  платформасында онлайн түрінде өтетіндігін хабарлаймыз.

Конференцияның қатысушыларына онлайн сілтеме жіберілетін болады.

Жауапты үйлестірушісі: Секербаева Ақбота Құдайбергеновна, Махажанова Ұлжан Тәңірбергеновна.   

https://us02web.zoom.us/j/83766641089?pwd=TzZwNG9GSVRlUEE2Q0NxSjVlRmlFZz09

Конференция идентификаторы: 837 6664 1089
Кіру коды: 12345

Details

Date:
09.12.2020
Time:
14:00 - 16:00 UTC+6

Venue

Қазақ ұлттық өнер университеті
Тәуелсіздік 50
Нұр-Сұлтан, 010000
+ Google Map
View Venue Website
We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR