Кеңес Дүйсекеев атындағы І республикалық хор аранжировкасы байқауы

Мамыр 22 @ 08:00 - Мамыр 23 @ 17:00 UTC+6
Loading Events
  • This event has passed.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына

Қазақстан композиторы Кеңес Дүйсекеевтің 75 жылдығына

Кеңес Дүйсекеев атындағы І республикалық хор аранжировкасы байқауы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ Кеңес Дүйсекеев атындағы I республикалық хор аранжировкасы байқауын қашықтық форматта 2021 жылдың 22 және 23 мамыр күндері өткізеді.

Байқаудың құрылтайшысы: Қазақ ұлттық өнер университеті

Байқауды ұйымдастырушылар: Қазақстан Композиторлар одағы, Республикалық «Қазақстан хор дирижерлері» қоғамдық бірлестігі, ҚазҰӨУ «Хор дирижерлеу» кафедрасы.

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері: Білім алушылардың кәсіби қызығушылығын арттыру, қазақ хор музыкасының шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау,

Қазақстанның музыкалық оқу орындары студенттерінің шығармашылық байланыстарын кеңейту, орта-кәсіби және жоғары музыкалық оқу орындары арасында, «Хор аранжировкасы» бағдарламасының ғылыми және оқу-әдістемелік мазмұнын жетілдіру, ұлттық мәдениетті қастерлеу, қазақ ән-аспаптық фольклорын ел құндылықтарына насихаттау, заманауи стильдегі a cappella және сүйемедеуге арналған хор шығармаларының транскипцияларын, өңдеулерін, авторлық хор аранжировкаларын құру.

Қатысушылар: Қазақстан Республикасының шығармашылық жоғары оқу орындары мен арнаулы орта музыкалық мекемелерінің студенттері

Қатысу шарттары:

  1. Байқауға қатысушылар қазақ халық әндерінің бір хор өңдеуін ұсынады, қазақ композиторларының күйлері, әндері мен романстары, Кеңес Дүйсекеевтің әндері, a cappella хорына арналған немесе сүйемелдеумен (фортепиано, баян, аспаптық ансамбль, т.б.) , аралас хор немесе біртекті (әйел, еркек және балалар) хоры.
  2. Байқау номинациялары:

– А cappella хорына арналған өңдеулер

– Сүйемелдеуге арналған хор шығармаларының өңдеулері

– А cappella және сүйемелдеуге арналған хор шығармаларының переложениялары.

 

  1. Өтінім беру тәртібі: конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

келесі құжаттар электрондық форматта:

– Өтінім;

– Байқау шығармасының ноталары;

– Байқау шығармасының аудио жазбасы;

– Қатысушының фотосуреті;

– Жеке куәлік көшірмесі (екі жағынан).

Өтінімдер 2021 жылдың 20 мамырына дейін choirkaznua@gmail.com поштасына қабылданады

Кеңес Дүйсекеев атындағы I республикалық хор аранжировкасы байқауы туралы ақпарат (ақпараттық хат, ереже, өтінім нысаны) Қазақ ұлттық өнер университетінің сайтында орналасқан https://kaznui.kz/

Анықтама үшін мекен-жайы, байланыс телефондары: : 010000, Нұр-Сұлтан қаласы,  Тəуелсіздік даңғылы, 50, Жеңіс даңғылы 33. Тел.: 8 (7172)40-41-38; +77011231091 (Карекенова Дилара Талгатовна); +77015256204 (Желдибаев Талгат Абдимомынович); +77077089519 (Аргингазинова Гульнара Болатовна).

Үйлестірушілер:

Карекенова Дилара Талгатовна (+77011231091)

Желдибаев Талгат Абдимомынович (+77015256204)

Аргингазинова Гульнара Болатовна (+77077089519)

Атқарушы: Карекенова Дилара Талгатовна (+77011231091)

Қатысушының өтінімі

Details

Start:
Мамыр 22 @ 08:00 UTC+6
End:
Мамыр 23 @ 17:00 UTC+6
We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR