Итальяндық скрипкашы маэстро Доменико Нордионың концерті

Ақпан 17 @ 10:30 - 12:00 UTC+6
Loading Events
  • Бұл шара өтіп кетті.

Құрметті әріптестер мен достар

Қазақстандағы Италия елшілігі Сіздерді ҚазҰӨУ Еуразиялық студенттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен танымал итальяндық скрипкашы маэстро Доменико Нордионың концертіне шақырады. Концертке дейін скрипка шеберлері Алессандро Вольтини мен Паоло Бодинидің, Страдивари қорының және Кремондағы скрипка мұражайының делегаттарының итальяндық скрипка өнері туралы қысқаша кіріспе болады.
Іс-шара Италия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтандағы Италия елшілігі іске қосқан «Сарапшылар таңбасы» бастамаларының жаңа циклін ашатын іс-шара болмақ.

Іс-шара ҚазҰӨУ Жамбыл Жабаев атындағы залдында өтеді.  Мекенжай: Нұр-Сұлтан қаласы (Тәуелсіздік, 50) 17 ақпан сағат 18:30-да.

Details

Date:
Ақпан 17
Time:
10:30 - 12:00 UTC+6

Venue

Қазақ ұлттық өнер университеті
Тәуелсіздік 50
Нұр-Сұлтан, 010000
+ Google Map
View Venue Website