Фортепиано ансамбльдерінің І республикалық фестиваль-конкурсы

20.12.2021 @ 00:00 - 25.12.2021 @ 10:00 UTC+6
Loading Events
  • Бұл шара өтіп кетті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» Республикалық мемлекеттік мекемесі

 Фортепиано және орган кафедрасы

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына Қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналады 

20-25.12.2021 ж.

«Қазақстан композиторларының шығармаларын үздік орындау» I республикалық фортепиано ансамбльдері фестиваль-конкурсының ережесі

Белгіленген нысандағы электронды өтініш https://kaznui.kz  сайтында «Хабарландыру» бөлімінде

Жалпы ережелер

  1. Бейне жазбалар бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Қазақстан композиторларының шығармаларын үздік орындау» I Республикалық фортепиано ансамбльдері конкурсы (бұдан әрі – конкурс) 2021 жылғы 20-25 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі.
  2. Конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – ҚР МСМ) қолдауымен «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ( «ҚазҰӨУ» РММ) оқу орнында өтеді.
  3. Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 50, тел.  +7 (701) 518 06 59, тел.  +7 (747) 105 52 68.
  4. Электрондық пошта: qosalqa.competition@gmail.com

Конкурстың мақсаты мен міндеттері:

  • Ұлттық мәдениетке, фортепиано ансамбльдік музыка жанрына қызығушылықты сақтау және дамыту;
  • Қазақстан композиторларының шығармашылығын насихаттау;
  • Өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін ашу, дарынды орындаушыларды қолдау;
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің орындаушылық шеберлік деңгейін арттыру;
  • Азаматтардың эстетикалық тәрбиесіне, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуына жағдай жасау;
  • Жастар арасында отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарға ұмтылуға ықпал ету, оның дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.
  • Кәсіби музыкалық білім беру жүйесіндегі білім беру кеңістігінің байланыстарын нығайту.

Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары

  1. Конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «ҚазҰӨУ» РММ базасында бейнежазбалар бойынша қашықтан форматта сырттай өткізіледі.
  2. Конкурсты өткізу күні: 2021 жылдың 20-25 желтоқсан аралығы. Мекен-жайы:        Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 50.
  3. Конкурс бейнежазбалар бойынша қашықтағы нысанда «фортепиано» мамандығы бойынша кәсіби мамандандырылған оқу орындары мен өнер мектептері арасында өткізіледі.
  4. Байқауға 6 жастан 27 жасқа дейінгі өнерпаздар шақырылады. Тұрғылықты жері мен азаматтығына қатысты шектеулер жоқ.
  5. Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:

I: Балалар музыка мектептерінің, өнер мектептерінің оқушылары;

II: Музыкалық колледждердің студенттері және МАММ жоғары сыныптары;

III: Жоғары оқу орнының студенттері.

  1. Конкурс келесі номинация бойынша өткізіледі:

«Фортепиано ансамблі» (4, 6 немесе 8 қол)

  1. Конкурс бір кезеңнен тұрады.
  2. Қатысушылар ұсынған бағдарламаларға өзгертулер енгізуге жол берілмейді.
  3. Дыбысты қосымша өңдеуге, бейне материалды монтаждауға және редакциялауға жол берілмейді. Табиғи акустикаға (зал, холл) рұқсат етіледі. Орындаудың фонында әртүрлі дауыстар шығатын шулы бейнелер қабылданбайды.
  4. Бейне түсіру орындалып жатқан бағдарламаның басынан аяғына дейін бейнекамераны өшірмей және тоқтатпай жүргізілуі тиіс. Түсірілімге арналған бейнекамера «дірілдеген қолдың әсерінсіз» жақсы бекітілген болуы керек.
  5. Орындаушының беті мен қолы, музыкалық аспап анық көрінуі тиіс.
  6. Ұсынылған бейне сапасы жақсы болуы керек.

Бейне Youtube арнасына жүктеліп, орындаушылардың толық аты-жөні, санат нөмірі, шығармалардың атауы, конкурстың атауы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Қазақстан композиторларының шығармаларын үздік орындау» I Республикалық фортепиано ансамбльдерінің конкурсы жазылуы тиіс. Бейнеге қолжетімділік конкурстың соңына дейін ашық болмауы керек.  Ұйымдастыру комитеті конкурсқа қатысушылардың үздік бейнежазбаларын басқа интернет-ресурстарға орналастыруға құқылы.

  1. Конкурсқа қатысушыларға қазылар алқасының шешімі бойынша келесі орындар тағайындалады:
  • Бас жүлде және лауреат атағы;
  • 1 орын және лауреат атағы;
  • II орын және лауреат атағы;
  • III орын және лауреат атағы;
  • Диплом иегерінің атағы;
  • Қатысушының сертификаты.
  1. Жеңімпаздарды дайындаған оқытушылар алғыс хаттармен марапатталады. Барлық марапаттау материалдары электронды түрде жіберіледі.
  2. Қазылар алқасының шешімімен барлық лауреаттардың жазбалары ҚазҰӨУ сайтында және басқа да әлеуметтік желілерде таратылады.

Жұмыстарды бағалау және конкурс нәтижелері 2021 жылғы 27 желтоқсаннан кейін жарияланады.

Қатысушыларға дипломдар 27 желтоқсаннан кейін өтінімде көрсетілген электрондық пошта мекенжайларына таратылады.

Анықтамалық ақпарат алу үшін мына телефон нөміріне хабарласыңыз:

+7 (701) 518 06 59 Кульсеитова Шахизада Бекболатовна

+7 (747) 105 52 68 Усенова Динара Еркиновна

e-gmail: qosalqa.competition@gmail.com

Бағдарламалық талаптар

Барлық жас санаттары фортепиано ансамбліне арналған екі шығарманы орындайды:

  1. Қазақстан композиторының шығармасы;
  2. Шығарма қатысушылардың таңдауы бойынша.

Бағдарламаны нотамен ойнатуға болады.

Өтініш беру тәртібі:

Конкурсқа қатысу үшін 2021 жылдың 15 желтоқсаны (қоса алғанда) сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) электронды форматта келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • Сайтта белгіленген үлгідегі электрондық өтінім https://kaznui.kz «Анонс» бөлімінде;
  • Өтініште жеке басын куәландыратын (төлқұжат/жеке куәлік) бойынша қатысушы мен оқытушының аты-жөнін анық көрсету керек;
  • Ел, қала, оқу орнының толық атауы;
  • PDF форматындағы жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі (электрондық өтініште);
  • Конкурсқа қатысушының бағдарламасы (Электрондық өтінімде);
  • Ансамбль мүшелерінің JPEG форматындағы бірлескен фотосуреті.
  • Конкурсқа қатысу тегін.
  • Құжаттар пакеті толық емес және дұрыс ресімделмеген жағдайда өтініштер қабылданбайды.

Ұйымдастыру комитеті

  1. Конкурсты ұйымдастыру комитетінің құрамы ҚазҰӨУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
  2. Конкурсты дайындау және өткізуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
  3. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу мәселелері бойынша тиісті уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
  4. Ұйымдастыру комитеті іс-шараны ақпараттық-жарнамалық қамтамасыз етудің түрлерін айқындайды.
  5. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу кезінде туындаған өзге де ұйымдастырушылық мәселелерді шешеді.

Конкурстың қазылар алқасы

 – Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау, сондай-ақ қорытындылау үшін қазылар алқасы құрылады.  Қазылар алқасы заманымыздың көрнекті музыканттары,  мәдениет және өнер қайраткерлерінен жасақталып, Қазақ ұлттық өнер университеті ректорының бұйрығымен бекітіледі.

– Талқылау онлайн режимінде бейнеконференция арқылы өтеді.

– Конкурстың қазылар алқасы жүлделерді бөлісуге немесе олардың ешқайсысын бермеуге құқылы

Дауыстар тең болған жағдайда қазылар алқасы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

– Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды

Ұйымдастыру комитетіне  өтінім беру арқылы қатысушы электрондық почта арқылы жіберілген дербес деректерді өңдеу және ресми веб-сайтта орналастыру бойынша келісім береді.

Өтінім үлгісі

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына Ж. Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Қазақстан композиторларының шығармаларын үздік орындау» I Республикалық фортепиано ансамбльдері фестиваль-конкурсы (қашықтан)

 Ансамбль мүшелері бір электронды өтініш толтырады!

 №1 Қатысушының аты және тегі

 

№1 Туу туралы куәліктің/жеке куәліктің/паспорттың көшірмесі

 

 

 

 №2 Қатысушының аты және тегі

 

№2 Туу туралы куәліктің/жеке куәліктің/паспорттың көшірмесі

 

Жас санаты
Конкурсқа қатысушылардың оқу орнының атауы (толық)
Оқытушының аты-жөні (толық), телефоны, электронды почтасы
Жауапты мұғалімнің  электрондық мекенжайы (e-mail), ұялы телефоны (халықаралық теруде)
Бағдарлама және бейнежазбаның ұзақтығы (шығармалардың атауларын түпнұсқа тілінде жазған жөн)

1.

2.

Youtybe арнасында конкурстық бейнеге сілтеме

(Байқау туралы ереженің 12-тармағына сәйкес тақырыпты толтыру)

JPEG форматындағы ансамбль мүшелерінің бірлескен фотосуреті

 

Details

Start:
20.12.2021 @ 00:00 UTC+6
End:
25.12.2021 @ 10:00 UTC+6

Venue

Қазақ ұлттық өнер университеті
Тәуелсіздік 50
Нұр-Сұлтан, 010000
+ Google Map
View Venue Website