- Бұл шара өтіп кетті.

«Astana-Меrеу» XVI халықаралық конкурсының
Ережесі
Жалпы ережелер
- Бейнежазбалар бойынша «Astana–Меrеу» халықаралық орындаушылар конкурсы (бұдан әрі-конкурс) 2020 жылдың 7-11 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы, Нұр-сұлтан қаласында өтеді.
- Конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – ҚР МСМ) көмегімен «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ҚазҰӨУ РММ) базасында өткізіледі.
- Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 010000, Тәуелсіздік даңғылы, 50, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы, Тел. +7 (7172) 70 -54 -99. Эл.пошта – merey.competition@gmail.com
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
- Өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерді анықтау, талантты, дарынды орындаушыларды қолдау;
- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында талантты адамдардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
- Үздік дәстүрлер мен жетістіктерді, ұлттық, әлемдік мәдениет пен өнерді жаңғырту, дамыту және насихаттау, оның өкілдерінің кәсіби шеберлігін арттыру;
- Халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін ұйымдастыру, рухани және мәдени құндылықтармен алмасу;
- Шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы жетістіктерді көрсету;
- Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін сақтау, өркендету, дамыту және насихаттау;
- Азаматтарды эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
- Мәдени мұраны насихаттау және оның дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету;
- Жастардың бойында патриотизмді тәрбиелеуге, ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарға ұмтылуға ықпал ету.
Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары
- Конкурсқа Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «ҚазҰӨУ» РММ базасында сырттай қашықтықтан бейне жазбалар форматында өткізіледі.
- Конкурсты өткізу күні: 2020 жылдың 7-11 желтоқсан аралығында. Мекен-жай: Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 50.
- Конкурсқа қатысуға 18 жасқа дейінгі әлемдік қоғамдастықтың барлық елдерінің өкілдері шақырылады. Тұрғылықты жері мен азаматтығына байланысты шектеулер жоқ.
- Конкурс төрт жастық топта өтеді:
- 1 топ: 6 – 9 жас (қоса алғанда)
- 2 топ: 10 – 12 жас (қоса алғанда)
- 3 топ: 13 – 15 жас (қоса алғанда)
- 4 топ: 16 – 18 жас (қоса алғанда)
- Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Домбыра» Номинациясы
- «Ішекті – ысқышты халық аспаптар» номинациясы: (Қыл-қобыз, Қобыз-прима, Гиджак, Кеманча, Қияқ, Игил, Моринхур, Гудок, Хур және т. б.)
- «Ішекті – шертпелі халық аспаптар» номинациясы: (Шертер, Кіші Домра, Домра – бас, Дутар, Балалайка, Комуз, Рубаб, Бандура және т.б.)
- «Фольклорлық аспаптар» номинациясы: (Жетіген, Саз-сырнай, Сыбызғы, Шаң-қобыз, Гусли,Чатхан, Гуджин, Ятаган, Канун, Дудка, Камыль, Хобрах, Курай, Зубанка, Варган, Хомус, Кубыз, Темир Комуз және т.б. )
- «Баян, Аккордеон» номинациясы
- «Дәстүрлі ән» номинациясы
- Конкурс youtube (YouTube) арнасында бір турдан өтеді.
- Қатысушылардың өнер көрсету кезектілігі әліпбилік тәртіп бойынша анықталады.
- Әрбір қатысушы тек бір номинацияға қатыса алады.
- Қатысушылар ұсынған бағдарламаларға өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Барлық шығармалар жатқа орындалады.
- Дыбысты қосымша өңдеуге, бейне материалды монтаждауға және редакциялауға жол берілмейді. Табиғи акустикаға (зал, холл) рұқсат етіледі.
- Бейнетүсірілім бейнекамераны өшірмей және тоқтатпай, орындалатын бағдарламаның басынан аяғына дейін жүргізілуі тиіс.
- Бейнежазбаға тек орындаушы мен концертмейстер (орындалатын туындыға байланысты) қатыса алады, яғни музыкалық сүйемелдеуді тек концертмейстер (аккомпаниатор) жүзеге асыра алады.
- Жоғарыда көрсетілген номинациялар бойынша өткен жылдардағы орындаушылар конкурсында Бас жүлде және 1 орын алған қатысушылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
- Қазылар алқасының шешіміне сәйкес конкурсқа қатысушыларға келесі орындар беріледі:
- I орын және лауреат атағы;
- IІ орын және лауреат атағы;
- III орын және лауреат атағы;
- Дипломант атағы;
I және IІ жүлделі орындар мен ақшалай сыйлық қатысушылар арасында бөлінбейді.
III жүлделі орын және ақшалай сыйлық 2 қатысушы арасында бөлінуі мүмкін.
15. Қазылар алқасының шешімі бойынша барлық лауреаттардың жазбалары ҚазҰӨУ сайтында және басқа да әлеуметтік желілерінде таратылады.
Өтінім беру тәртібі:
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды 2020 жылдың 27 қарашасы (қоса алғанда) сағат 18:00-ге (Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша) дейін электрондық форматта ұсыну қажет.
- Белгіленген үлгідегі электрондық өтінім https://kaznui.kz сайтында «Іс-шаралар» бөлімінде;
- Өтінімде ЖЕКЕ БАСЫН КУӘЛАНДЫРАТЫН ҚҰЖАТ (паспорт/жеке куәлік) бойынша қатысушының және оқытушының аты-жөнін дәл көрсету қажет;
- Жеке куәліктің немесе паспорттың PDF форматындағы көшірмесі (электрондық өтінімде)
- Конкурсқа қатысушының БАҒДАРЛАМАСЫ (Электрондық өтінімде)
- Банк деректемелері
- Құжаттар пакеті толық болмаған және дұрыс рәсімделмеген жағдайда өтінімдер қабылданбайды.
Ұйымдастыру комитеті
- Конкурсты ұйымдастыру комитетінің құрамы ҚазҰӨУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
- Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.
- Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу мәселелері бойынша тиісті органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
- Ұйымдастыру комитеті іс-шараны ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
- Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу барысында туындаған басқа да ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
Жүлде қоры
1 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық – 40.000 теңге
2 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық – 30.000 теңге
3 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық – 20.000 теңге
Конкурс лауреаттары ақшалай сыйлық шотқа түскеннен кейін сыйлықақы алғандығын растап, merey.competition@gmail.com мекенжайына хабарлама жіберуі тиіс.
Конкурстың қазылар алқасы
- Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалау, сондай-ақ қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы қазіргі заманның белгілі музыканттарынан, танымал мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралады және Қазақ ұлттық өнер университеті ректорының бұйрығымен бекітіледі.
- Қазылар алқасының барлық шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
- Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді, талқылау бейнеконференция байланысы арқылы онлайн өтеді.
- Дауыстар тең болған жағдайда қазылар алқасы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
- Конкурстың қазылар алқасы жүлделі орын бермеуге құқылы.
«Домбыра» номинациясы бойынша бағдарлама
1 топ: 6 – 9 жас (қоса алғанда)
1) Шертпе күй (қалауы бойынша)
2) Төкпе күй (қалауы бойынша)
2 топ: 10 – 12 жас (қоса алғанда)
1) Шертпе күй (қалауы бойынша)
2) Төкпе күй (қалауы бойынша)
3 топ: 13 – 15 жас (қоса алғанда)
1) Дәулеткерей «Көркем ханым» (міндетті)
2) Шертпе күй (қалауы бойынша)
3) Қазіргі заман композиторларынан бір күй.
4 топ: 16 – 18 жас (қоса алғанда)
1)Абыл «Нарату» (міндетті)
2) Шертпе күй (қалауы бойынша)
3) Қазіргі заман композиторларынан бір күй.
«Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша
бағдарлама
( Домбыра, Сырнай, Жетіген, Қылқобыз және т.б. аспаптрадаөз сүйемелдеуімен орындалады)
1 топ: 6 – 9 жас (қоса алғанда)
- Халық әні
- Қалауы бойынша
2 топ: 10 – 12 жас (қоса алғанда)
- Халық әні
- Халық композиторының әні
3 топ: 13 – 15 жас (қоса алғанда)
- Халық әні
- Халық композиторының әні
- Өз қалауы бойынша
4 топ: 16 – 18 жас (қоса алғанда)
- Халық әні
- Абай Құнанбайұлы
- Қазақстан композиторының әні
«ІШЕКТІ ЫСҚЫШТЫ ХАЛЫҚ АСПАПТАР –
ҚЫЛ-КОБЫЗ, ҚОБЫЗ-ПРИМА, ГИДЖАК, КЕМАНЧА, ҚИЯК,
ИГИЛ, МОРИНХУР, ГУДОК, ХУР және т.б.»
НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША КОНКУРСТЫҚ БАҒДАРЛАМА
«ҚЫЛ-ҚОБЫЗ»
I топ: 6 – 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспау керек
- Қатысушының таңдауы бойынша күй.
- Халық әні немесе халық композиторының әні.
II топ: 10 – 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек
- Қорқыттың күйі.
- Қатысушының таңдауы бойынша күй.
- Халық әні немесе халық композиторының әні.
III топ: 13 – 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспау керек
- Қорқыттың күйі.
- Ықыластың күйі.
- Қатысушының таңдауы бойынша күй.
IV топ: 16 – 18 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 30 минуттан аспау керек
- Қатысушының таңдауы бойынша Ықыластың бір күйі: «Шыңырау», «Қазан», «Ерден», «Кертолғау».
- Қазіргі заман композиторының қобызға арналған күйі.
*Барлық шығармалар жатқа ойналады.
*Күйлердің мәтіні «Мәңгілік сарын» және «Мың күй» антологияларындағы түпнұсқалық аудио жазбаларымен сәйкес келуі керек.
*Қатысушының жасы талаптарға сай болуы тиіс.
«ҚОБЫЗ-ПРИМА»
I топ: 6 – 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспау керек
- Шетел композиторының шығармасы.
- Өңделген, лайықталған халық әні немесе халық композиторының әні.
II топ: 10 – 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек
- Қазақстан композиторының шығармасы.
- Шетел композиторының шығармасы.
- Күрделі формадағы шығарма (вариациялар, сонатина, концерт – І немесе ІІ, ІІІ б.).
III топ: 13 – 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспау керек
- Кантилена сипатындағы Қазақстан композиторының шығармасы.
- Шетел композиторының шығармасы.
- Виртуозды шығарма.
IV топ: 16 – 18 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 30 минуттан аспау керек
- Қазақстан композиторының шығармасы.
- Түркітілдес халықтар композиторының шығармасы.
- Виртуозды шығарма.
*Барлық шығармалар жатқа ойналады
*Шығармаларды фортепианоның сүйемелдеуісіз ойнауға рұқсат етіледі
*Қатысушының жасы талаптарға сай болуы тиіс
«ГИДЖАК, КЕМАНЧА, ҚИЯҚ, ИГИЛ,
ЭРХУ, МОРИНХУР, ГУДОК, ХУР және т.б.»
I топ: 6 – 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспау керек
- Қатысушы ел композиторының ұлттық әуені.
- Өңделген, лайықталған халық әні немесе халық композиторының әні.
II топ: 10 – 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек
- Қатысушы ел композиторының туындысы.
- Қатысушы ел композиторының ұлттық әуені.
- Өңделген, лайықталған халық әні немесе халық композиторының әні.
III топ: 13 – 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспау керек
- Қатысушы ел композиторының туындысы.
- Қатысушы ел композиторының ұлттық әуені.
- Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
IV топ: 16 – 18 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 30 минуттан аспау керек
- Қатысушы ел композиторының туындысы.
- Қатысушы ел композиторының ұлттық әуені.
- Қазіргі заман композиторының аспапқа арналған әуені.
*Барлық шығармалар жатқа ойналады
*Шығармаларды фортепианоның сүйемелдеуісіз ойнауға рұқсат етіледі
*Қатысушының жасы талаптарға сай болуы тиіс
«ІШЕКТІ ШЕРТПЕЛІ ХАЛЫҚ АСПАПТАР –
ШЕРТЕР, КІШІ ДОМРА, ДОМРА – БАС, БАЛАЛАЙКА,
ДУТАР, РУБАБ, УД, КОМУЗ, ТАР және т.б.»
НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША КОНКУРСТЫҚ БАҒДАРЛАМА
«ШЕРТЕР»
I топ: 6 – 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспау керек
- Қазақстан композиторының шығармасы.
- Күй (жеке).
- Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
II топ: 10 – 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек
- Қазақстан композиторының шығармасы.
- Күй (жеке).
- Шетел немесе орыс композиторының виртуозды шығармасы.
III топ: 13 – 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспау керек
- Күй (жеке).
- Күрделі формадағы шығарма (вариациялар, соната, сонатина, концерт – І немесе ІІ, ІІІ б.)
- Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
IV топ: 16 – 18 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 30 минуттан аспау керек
- Қазақстан композиторының шығармасы.
- Күрделі формадағы шығарма (вариациялар, рондо, соната, сонатина, концерт – І немесе ІІ, ІІІ б.).
- Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
*Барлық шығармалар жатқа ойналады
*Шығармаларды фортепианоның сүйемелдеуісіз ойнауға рұқсат етіледі
*Қатысушының жасы талаптарға сай болуы тиіс
«КІШІ ДОМРА, ДОМРА – БАС, БАЛАЛАЙКА»
I топ: 6 – 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспау керек
- Қазақстан композиторының немесе қатысушы ел композиторының шығармасы.
- Шетел немесе орыс композиторының шығармасы.
- Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
II топ: 10 – 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек
- Қазақстан композиторының немесе қатысушы ел композиторының шығармасы.
- Шетел немесе орыс композиторының виртуозды шығармасы.
- Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
III топ: 13 – 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспау керек
- Қазақстан композиторының немесе қатысушы ел композиторының шығармасы.
- Күрделі формадағы шығарма (вариациялар, соната, концерт – І немесе ІІ, ІІІ б.).
- Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
IV топ: 16 – 18 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 30 минуттан аспау керек
- Қазақстан композиторының немесе қатысушы ел композиторының шығармасы.
- Күрделі формадағы шығарма (вариациялар, рондо, соната, концерт – І немесе ІІ, ІІІ б.).
- Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
*Барлық шығармалар жатқа ойналады
*Шығармаларды фортепианоның сүйемелдеуісіз ойнауға рұқсат етіледі
*Қатысушының жасы талаптарға сай болуы тиіс
«ДУТАР, РУБАБ, УД, КОМУЗ, ТАР және т.б.»
I топ: 6 – 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспау керек
- Қатысушы ел композиторының шығармасы.
- Динамикалық мінездегі шығарма.
- Лирикалық мінездегі шығарма.
II топ: 10 – 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек
- Қатысушы ел композиторының шығармасы.
- Виртуозды шығарма.
- Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
III топ: 13 – 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспау керек
- Қатысушы ел композиторының шығармасы.
- Күрделі формадағы шығарма (вариации, соната, концерт – І немесе ІІ, ІІІ б.).
- Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
IV топ: 16 – 18 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 30 минуттан аспау керек
- Қатысушы ел композиторының шығармасы.
- Күрделі формадағы шығарма (вариации, рондо, соната, концерт – І немесе ІІ, ІІІ б.).
- Қатысушының таңдауы бойынша.
*Барлық шығармалар жатқа ойналады
*Шығармаларды фортепианоның сүйемелдеуісіз ойнауға рұқсат етіледі
*Қатысушының жасы талаптарға сай болуы тиіс
«ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АСПАПТАР –
ЖЕТІГЕН, САЗ-СЫРНАЙ, СЫБЫЗҒЫ, ШАН-ҚОБЫЗ, ГУСЛИ,
ЧАТХАН, ГУДЖИН, ЯТАГАН, КАНУН, ДУДКА, КАМЫЛЬ, ХОБРАХ, КУРАЙ, ЗУБАНКА, ВАРГАН, ХОМУС, КУБЫЗ, ТЕМИР КОМУЗ және т.б.»
НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША КОНКУРСТЫҚ БАҒДАРЛАМА
«ЖЕТІГЕН, САЗ-СЫРНАЙ, СЫБЫЗҒЫ, ШАН-ҚОБЫЗ»
I топ: 6 – 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспау керек
- Қатысушының таңдауы бойынша күй.
- Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма (ән, пьеса).
II топ: 10 – 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек
- Өңделген, лайықталған халық әні немесе халық композиторының әні.
- Қатысушының таңдауы бойынша күй.
- Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма (ән, пьеса).
III топ: 13 – 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспау керек
- Өңделген, лайықталған халық әні немесе халық күйі.
- Қатысушының таңдауы бойынша күй.
- Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма (ән, пьеса).
IV топ: 16 – 18 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 30 минуттан аспау керек
- Қазақстан композиторының күйі.
- Қатысушының таңдауы бойынша күй.
- Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма.
*Барлық шығармалар жатқа ойналады
*Шығармаларды фортепианоның сүйемелдеуісіз ойнауға рұқсат етіледі
*Қатысушының жасы талаптарға сай болуы тиіс
«ГУСЛИ, ЧАТХАН, ГУДЖИН, ЯТАГАН, КАНУН, ДУДКА,
КАМЫЛЬ, ХОБРАХ, КУРАЙ, ЗУБАНКА, ВАРГАН, ХОМУС,
КУБЫЗ, ТЕМИР КОМУЗ және т.б.»
I топ: 6 – 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспау керек
- Қатысушы ел композиторының ұлттық әуені.
- Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма (ән, пьеса)
II топ: 10 – 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек
- Өңделген, лайықталған халық әні немесе халық композиторының әні.
- Қатысушы ел композиторының ұлттық әуені.
- Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма (ән, пьеса).
III топ: 13 – 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспау керек
- Өңделген, лайықталған халық әні немесе ұлттық әуені.
- Қатысушы ел композиторының туындысы.
- Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма (ән, пьеса).
IV топ: 16 – 18 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 30 минуттан аспау керек
- Қатысушы ел композиторының туындысы.
- Қатысушы ел композиторының ұлттық әуені.
- Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма.
*Барлық шығармалар жатқа ойналады
*Шығармаларды фортепианоның сүйемелдеуісіз ойнауға рұқсат етіледі
*Қатысушының жасы талаптарға сай болуы тиіс
«БАЯН, АККОРДЕОН» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША
КОНКУРСТЫҚ БАҒДАРЛАМА
«БАЯН»
I топ: 6 – 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспау керек
- Балалар сюитасы (альбом), бір бөлімі.
- Кантиленалық пьеса.
- Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
II топ: 10 – 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек
- Полифония элементі бар шығарма.
- Виртуозды шығарма.
- Күрделі формадағы шығарма (кемінде 3 әртүрлі мінезді бөлімнен тұратын – балалар сюитасы, альбом, сонатина).
III топ: 13 – 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспау керек
- Полифониялық шығарма.
- Виртуозды шығарма.
- Күрделі формадағы шығарма (соната – 1 б., немесе соната формасында жазылған 2,3 бөлімдер; сонатина – толығымен; сюита, партита – кемінде 3 әртүрлі мінезді бөлімнен тұратын; вариациялық цикл).
IV топ: 16 – 18 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 25 минуттан аспау керек
- Фугасы бар полифониялық цикл.
- Кантиленалық пьеса.
- Виртуозды шығарма.
- Күрделі формадағы шығарма (соната – 1 б., немесе соната формасында жазылған 2,3 бөлімдер; сонатина – толығымен; сюита, партита – кемінде 3 әртүрлі мінезді бөлімнен тұратын).
*Барлық шығармалар жатқа ойналады
*Шығармаларды фортепианоның сүйемелдеуісіз ойнауға рұқсат етіледі
*Қатысушының жасы талаптарға сай болуы тиіс
«АККОРДЕОН»

- Кантиленді пьеса.