«Astana Violin» IX халықаралық скрипкашылар конкурсы

Қыркүйек 20 @ 08:00 - Қыркүйек 24 @ 17:00 UTC+6
Loading Events

«Astana Violin» IX халықаралық скрипкашылар конкурсын өткізу қағидалары

Жалпы ережелер

  1. IX халықаралық скрипкашылар конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12-тармақшасына сәйкес өткізіледі.
  2. Конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақ ұлттық өнер университетінің базасында 2021 жылғы 20-24 қыркүйек аралығында қашықтықтан өткізіледі.
  3. Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 010000, Тәуелсіздік даңғылы, 50, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы, Тел. 70 -54 -99. Эл.пошта – astanaviolin@gmail.com

Конкурстың мақсаттары мен міндеттері

  1. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
  • Қазақстанда классикалық музыканы насихаттау;
  • талантты музыканттардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
  • қабілетті және талантты музыканттарды анықтау және ынталандыру, Қазақстанның мәдени имиджін арттыру.

Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары

  1. Конкурсқа скрипкашылар, сондай-ақ Қазақстан мен шет мемлекеттердің мамандандырылған оқу орындарының оқушылары екі жас тобы бойынша қатыса алады: кіші топ: 10 жастан 15 жасқа дейін қоса алғанда; үлкен топ: 16 жастан 28 жасқа дейін қоса алғанда.
  1. «Astana violin» IX халықаралық скрипкашылар конкурсы» конкурстың Ютуб (YouTube) арнасында өткізілетін екі турдан тұрады.
  2. Конкурстың әр туры 25 балдық жүйе бойынша бағаланады.
  3. Электрондық өтінім жіберілгеннен кейін Бағдарламаға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
  4. Бірінші және екінші турлардың бағдарламалары жатқа орындалады.
  5. Барлық шығармалар «бір тур – бір жазба» қағидаты бойынша ұсынылуы керек, яғни турдың барлық шығармалары бір бейнеде.
  6. Конкурстық бейне/аудиоматериалдарды монтаждаудың және редакциялаудың кез келген түрлеріне тыйым салынады (мәліметтер, шығармалар арасында монтаждауға тыйым салынады), осы тармақ бойынша сәйкессіздік анықталған жағдайда қатысушы шеттетіледі.
  7. Екінші турға жиынтығында кемінде 18 балл жинаған қатысушылар жіберіледі.
  8. Қатысушылардың сөз сөйлеу кезектілігі әліпбилік тәртіппен жүзеге асырылады.
  9. Конкурсқа қатысуға өтінімдер kaznui.kz сайтындағы «Хабарландыру» бөлімінде орналастырылған сілтеме бойынша белгіленген мерзімде электрондық нысанда (Google-нысан) қабылданады.
  10. Белгіленген үлгідегі электрондық өтінім мыналарды қамтиды:
  • Конкурстық бейнематериал – оны деректердің бұлтты қоймасына жүктеу қажет (Google-диск, Яндекс-диск және т.б.) файлға қолжетімділікті ашу, бейнематериалға сілтемені көшіру және өтінімдегі тиісті бөлімге қою.
  • ЖЕКЕ БАСЫН КУӘЛАНДЫРАТЫН ҚҰЖАТҚА СӘЙКЕС қатысушының, оқытушының және концертмейстердің АТЫ-ЖӨНІ;
  • PDF форматында қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (туу туралы куәлік, паспорт);
  • Оқу орнынан PDF форматындағы анықтама.
  • Қатысушының PDF форматындағы банктік деректемелері (банктің мөрімен расталған шоттың болуы туралы анықтама).
  • JPEG форматындағы буклетке арналған Фото.
  • Қатысушының конкурстық бағдарламасы.
  1. Бейне файлдың атауында аты-жөнін (жеке куәлікке сәйкес) жазып, турды көрсету керек.
  2. Өтінімдер 2021 жылдың 10 қыркүйегі сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) қабылданады (қоса алғанда).

Ұйымдастыру комитеті

  • Конкурсты дайындауды және өткізуді Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады, оның құрамы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен бекітіледі.
  • Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз қызметтерін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
  • Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу мәселелері бойынша мүдделі ұйымдармен өзара әрекетті жүзеге асырады.
  • Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындауға және өткізуге басшылық жасайды, жүлделі орындар санын және ақшалай сыйақы мөлшерін анықтайды.

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 30.07.2021Ж. ҚОЛ ЖЕТІМДІ БОЛАДЫ

Сыйлықақылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес салықтарды ұстай отырып, төлем жасалған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойынша теңгемен төленеді.

  1. Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
  2. Конкурстың Ұйымдастыру комитетінің келісімі бойынша жеке және заңды тұлғалар басқа да арнайы жүлделер тағайындай алады.
  3. Ұйымдастыру комитеті Конкурс күндерін радио және теледидар арқылы трансляциялауға және оларды одан әрі конкурс қатысушыларына қаламақысыз таратуға барлық құқықтарды өзіне қалдырады.

Конкурстың қазылар алқасы

  1. Конкурсқа қатысушылардың өнерін бағалау, сондай-ақ қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы қазіргі заманның көрнекті музыканттарынан, мәдениет пен өнердің көрнекті қайраткерлерінен құралады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен бекітіледі.
  2. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді және оған оның барлық мүшелері қол қояды.
  3. Қазылар алқасы мүшелерінің саны төрағамен бірге тақ санды құрауы тиіс.
  4. Конкурстың қазылар алқасы:
  • Конкурсқа қатысушының өнер көрсетуін үзіп тастауға;
  • Ұйымдастыру комитеті айқындаған жүлделі орындарды бермеуге немесе үміткерлер арасында бөлуге құқылы;
  1. Қазылар алқасы байқау өткізу кезінде өз оқушыларын бағалауға құқылы емес.

КОНКУРС БАҒДАРЛАМАСЫ

КІШІ ТОП (10 жастан 15 жасқа дейін, қоса алғанда)

I тур

  1. Таңдау бойынша бір каприс: П. Родэ
  • Дж. Донт
  • Ш. Данкля
  • Г. Венявский
  • Н. Паганини
  1. Ескі соната (таңдау үшін 2 бөлік)
  2. Виртуозды шығарма
  3. Қатысушы елінің шығармасы

II тур

Фортепианодан скрипкаға арналған концерт (1 немесе 2-3 бөлік): Ж. Виотти, А. Вьетан, Л. Шпор, Д. Кабалевский, Ф. Мендельсон, Г. Венявский және т.б.

ҮЛКЕН ТОП (16 жастан 28 жасқа дейін, қоса алғанда)

I тур

  1. Таңдау бойынша Н. Паганинидің бір каприсі.
  2. И. С. Бах – Соло скрипкасына арналған сонаттар мен партиттер, фугасы немесе Чаконы бар сонатаның екі бөлігі
  3. Виртуозды шығарма
  4. Қатысушы елінің шығармасы

II тур

Скрипка мен оркестрге арналған концерт – Й. Брамс, П. И. Чайковский, Я. Сибелуис, С. Прокофьев, Д. Шостакович, А. Хачатурян, Э. Лало, А. Глазунов, К. Шимановский және т.б.

Details

Start:
Қыркүйек 20 @ 08:00 UTC+6
End:
Қыркүйек 24 @ 17:00 UTC+6

Organizer

Халықаралық ынтымақтастық және шығармашылық қызметі
Phone:
+7 (7172)70-54-99
View Organizer Website

Venue

Қазақ ұлттық өнер университеті
Тәуелсіздік 50
Нұр-Сұлтан, 010000
+ Google Map
View Venue Website
We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR