Музыкалық колледждер арасындағы 43 – ші Республикалық орындаушылар конкурсы

Сәуір 25 @ 00:00 - Сәуір 29 @ 09:00 UTC+6
Loading Events
  • Бұл шара өтіп кетті.

Музыкалық колледждер арасындағы 43 – ші Республикалық орындаушылар конкурсы туралы

ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

  1. Осы 43-ші Республикалық орындаушылар конкурсы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 12-1-тармақшасына сәйкес, сондай–ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №56 бұйрығымен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы негізінде әзірленді.
  2. Осы Ереже техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы 43-ші Республикалық орындаушылар конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді, ұйымдастыру және өткізу тәртібін, қаржыландыруды, қатысуды және лауреаттарды анықтауды белгілейді.
  3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (5 тарау, 26 бап), сондай-ақ «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсанындағы №514 Бұйрығына сәйкес балдар тең боған кезде, техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білімнен кейін кадрлар даярлау бойынша білім беру гранттарын алуға басым құқыққа халықаралық және республикалық орындаушылар конкурстарының соңғы үш жылдағы (бірінші, екінші және үшінші дәрежерлі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары ие болады.
  4. Конкурстың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті және «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Конкурстың мақсаттары мен міндеттері

  • Өнер саласында шығармашылық жетістіктерін анықтау, талантты және дарынды шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында дарынды адамдардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
  • Ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, оның қатысушыларының кәсіби шеберлігін арттыру;
  • Халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуды ұйымдастыру;
  • Шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы жетістіктерді көрсету;
  • Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
  • Азаматтарды эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
  • Мәдени мұраны насихаттау және олардың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
  • Жастардың ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тартылуына ықпал ету.

Конкурсты өткізудің тәртібі

  1. Конкурсты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті 2022 жылдың 25 – 29 сәуір аралығында Қазақ ұлттық өнер университеті республикалық мемлекеттік мекемесі базасында өткізеді. Мекен-жайы: Нұр – Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 50, Жеңіс даңғылы 33
  2. Конкурс 0404000 – «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері» (Фортепиано, Ішекті аспаптар, Үрлемелі және соқпалы аспаптар, Қазақ халық аспаптары, Фольклорлық аспаптар, Фольклорлық ансамбль, Орыс халық аспаптары, Эстрадалық музыкалық аспаптар номинациялары бойынша), 0405000 «Хор дирижерлеу», 0406000 «Музыка теориясы», 0407000 «Ән салу» (Академиялық ән салу, Ансамбльдік ән салу, Эстрадалық ән орындау, Домбырамен халық әндерін орындау, Жыр-терме номинациялары бойынша) мамандықтары бойынша өткізіледі.
  3. Конкурс екі кезеңнен тұрады: іріктеу және негізгі.

3.1. Іріктеу кезеңі қатысушыны Конкурсқа жіберетін білім беру ұйымында өткізіледі.

3.2. Негізгі кезең Қазақ ұлттық өнер университетінде өткізіледі. Негізгі кезең барлық номинациялар бойынша 2 турды қамтиды.

  1. Қатысушылардың өнер көрсету кезектілігі конкурс басталғанға дейін ұйымдастыру комитетінің жеребесімен анықталады және конкурстың соңына дейін сақталады.
  2. Әр қатысушы мамандық шифріне сәйкес, жеке және ансамбльдік номинацияға қатыса алады.
  3. 0404000 – «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері» (Фортепиано, Ішекті аспаптар, Үрлемелі және соқпалы аспаптар, Қазақ халық аспаптары, Фольклорлық аспаптар, Фольклорлық ансамбль, Орыс халық аспаптары, Эстрадалық музыкалық аспаптар), 0405000 «Хорда дирижерлеу», 0406000 «Музыка теориясы», 0407000 «Ән салу» (Академиялық ән салу, Ансамбльдік ән салу, Домбырамен халық әндерін орындау, Жыр-терме, Эстрадалық әндер орындау), мамандықтары конкурстың әрбір кезеңінде 25 ұпайлық жүйемен бағаланады.
  4. Екінші кезеңге жиынтығында 18 балдан кем алмаған қатысушылар жіберіледі. 0406000 «Музыка теориясы» мамандығының қатысушылары барлық турларға соңына дейін қатысады.
  5. Электрондық өтінім жіберілгеннен кейін бағдарламаларға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
  6. Бірінші және екінші кезеңнің бағдарламасы жатқа орындалуы тиіс.
  7. Конкурсқа бекітілген конкурстық бағдарламаны менгерген, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің ұсынымдарын алған білім алушылар қатысады.
  8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатысу үшін әр номинация (аспап / дауыс) бойынша тек екі қатысушыны ұсына алады.
  9. Алдыңғы конкурста студенттері 1 орын алған ұйымдар тиісті номинация бойынша конкурсқа қатысуға үш қатысушыны ұсына алады.
  10. Конкурсты ұйымдастырушылар тарапынан (ҚазҰӨУ) әр номинация бойынша төрт қатысушыға дейін конкурсқа қатыстыра алады.
  11. Номинацияға қатысушылар саны жеткіліксіз болған жағдайда (3 адамнан кем болса), конкурс өткізілмейді немесе ұқсас номинациямен біріктіріледі.
  12. Жоғарыда көрсетілген номинациялар бойынша өткен жылдардың орындаушылар конкурсында 1-орын алған білім алушылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
  13. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес конкурсқа қатысушыларға келесі орындар беріледі:

І орын мен лауреат атағы;

ІІ орын мен лауреат атағы;

ІІІ орын мен лауреат атағы;

және Дипломант атағы.

  1. Конкурста 18 ұпай санынан кем емес алған қатысушыларға дипломант атағы беріледі.
  2. Конкурс лауреаттарын дайындаған оқытушылар және концертмейстерлер алғыс хаттармен марапатталады.
  3. Қазылар алқасының шешімі бойынша барлық лауреаттар (0406000 «Музыка теориясы» мамандығының лауреаттарынан басқа) ұйымдастыру комитеті ұйымдастырған қорытынды концертке қатысады.
  4. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы өз есебінен концертмейстерлер мен қатысушыға жауапты оқытушыны белгілейді және жауапкершілік міндеттейді.
  5. Ұйымдастыру комитеті басқа қалалардан келген қатысушыларды кезекті концертмейстермен қамтамасыз етпейді.
  6. Концертмейстер мен қатысушыға жауапты оқытушының іссапар кезіндегі еңбекақысы толық сақталады.

23.  Конкурсқа қатысуға өтінімдер, мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды (Google-форма) түрде белгіленген мерзімде қабылданады. Сілтемесі kaznui.kz сайтының «Іс-шара» бөлімінде жарияланады.

  1. Белгіленген үлгідегі электрондық өтінім келесіні қамтиды:
  • ЖЕКЕ КУӘЛІККЕ СӘЙКЕС қатысушының, оқытушының және сүйемелдеушінің аты-жөні;
  • Қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың (куәлік, туу туралы куәлік, паспорт). скан нұсқадағы көшірмесі (PDF форматы);
  • Өлшемі 10х15 см jpeg форматтағы көркем фотосурет;·
  • Қатысушының қысқаша шығармашылық өмірбаяны (Word формат);
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің скан-нұсқадағы ұсынымы (PDF форматы);
  • PDF форматындағы оқу орнынан анықтама;
  • Қатысушының конкурстық бағдарламасы.
  1. Өтінімдер 2022 жылдың 11 сәуірі (қоса алғанда) сағат 8:00 (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) дейін қабылданады.
  2. Құжаттар пакеті толық болмаған және олар басқа форматта рәсімделген жағдайда өтінімдер қабылданбайды.
  3. Қатысушыларды жіберуші ұйым (оқу орны) барлық номинациялар бойынша бірінші басшының қолымен және мөрімен расталған скан нұсқада қатысушылардың толық тізімін 2021 жылдың 11 сәуіріне дейін ұсынуы тиіс.
  4. Конкурсқа қатысушылардың, қатысушыға жауапты оқытушының және концертмейстерлердің іс-сапар шығындары (жол ақысы, жатын орны, тамағы) конкурсқа жіберуші жақтан қарастырылады.

Ұйымдастыру комитеті

  1. Конкурстың ұйымдастыру комитетінің құрамы Қазақ ұлттық өнер университеті РММ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
  2. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.
  3. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу мәселелері жөнінде мүдделі органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
  4. Ұйымдастыру комитеті іс-шараның ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
  5. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

Конкурстың қазылар алқасы

  1. Конкурстың қазылар алқасы құрамы Қазақ ұлттық өнер университеті РММ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
  2. Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда тақ сан болуы тиіс.
  3. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен рәсімделеді және барлық қазылар алқасының мүшелерімен бекітіледі.
  4. Қазылар алқасының мүшелері сол кезеңде өзінің білім алушысы болып саналатын қатысушылардың кандидатурасын талқылауға және дауыс беруге қатыспайды.
  5. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
  6. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шеберлігіне 25 ұпайлық жүйе бойынша баға береді:
  • Қатысушылар саны 15 адамнан артық болған жағдайда, бір бiрiншi, екі екiншi және үш үшiншi орындар мен және дипломдармен марапаттайды;
  • Қатысушылардың саны 15 адамға дейін болған жағдайда, бір бірінші, бір екінші, бір үшінші орындар және дипломдармен марапаттайды.
  1. Қазылар алқасы барлық жүлделі орындарды бермеуге құқылы.
  2. Демеушілер мен өзге де ұйымдар конкурс қатысушыларына арнайы жүлделерді ұсына алады.
  3. Осы Ережемен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

Хат алмасу, байланыс ақпараты

  1. Конкурс өткізу бойынша барлық сұрақтар rki.kaznui@gmail.com электронды мекен-жайына жіберіледі.
  2. Конкурстың байланыс телефоны: +7 (7172)-70-54-99

Музыкалық колледждер арасындағы (дәстүрлі форматтағы)

43 – ші Республикалық орындаушылар конкурсынның номинациялар бойынша бағдарламасы 

0404000 «Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы» (түрлері бойынша) мамандығы бойынша 

«ФОРТЕПИАНО»

І кезең

  1. И.С.Бах «Жақсы қарқынды клавир» 1-2 том, Прелюдия және фуга (таңдауы бойынша) немесе Д. Шостакович – Прелюдия және фуга (таңдауы бойынша)
  2. Классикалық сонатаның 1 немесе 2 және 3 бөлімдері – В.А.Моцарт, И.Гайдн, Л.Бетховен.
  3. Екі этюд – Ф.Шопен, Ф.Лист, С.Рахманинов, А.Скрябин, К.Дебюсси, Н.Паганини – Ф.Лист, С. Прокофьев.

ІІ кезең

Қазақстандық композитордың шығармасын қамтитын 15 минуттан кем емес еркін бағдарлама. 

«ІШЕКТІ АСПАПТАР» 

«СКРИПКА»

І кезең

  1. Төменде аталған этюдтардың бірін орындау:

П. Роде: Этюдтар (қатысушының таңдауымен);

Ш. Данкля: Этюдтар: № 3, 5, 7, 11, 13;

Г.Венявский – Капристар (қатысушының таңдауымен);

Н.Паганини – Капристар (қатысушының таңдауымен);

  1. И.С.Бах – Скрипкада соло орындау үшін алты соната және партиталар.

Конкурсант қатар тұрған екі бөлімді орындауы тиіс. Бұдан бөлек орындалатын ре – минор партитасынан Чакона және Ми-мажор партитасынан прелюдия, сонымен бірге толығымен орындалатын екі менуэт, Бурре мен Жига қосылмайды.

  1. Хасшеберлік пьеса: А.Вьетан, Н.Паганини, П.Сарасате, Г.Венявский, Б.Барток, К.Сен – Санс, М.Равель, Э.Изаи, К.Шимановский, П.Чайковский, Е.Цимбалист, В.Витали, Н.А.Римский – Корсаков және тағы басқалар.

ІI кезең

  1. Қазақстан Республикасының композиторларының пьесасы
  2. А.Вьетан № 1, 2, 4, 5. Н.Паганини, В.Венявский, Ф.Мендельсон, С.Прокофьев, А.Хачатурян, М.Брух, А.Глазунов, К.Сен – Санс, Ғ.Жұбанова, А.Дворжак, Э.Лало, К.Гольдмарк, Г.Конюс және т.б. концерттерінің бірі (1-ші немесе 2-ші – 3-ші бөлімдері каденцияларымен орындалады) 

«АЛЬТ»

І кезең

  1. Г.Телеман қиялдарының бірі немесе И.С.Бахтың виолончельге арналған сюиталарынан 2 бөлім (альт солоға үшін аударылған) немесе скрипка солоға жазылған сонаталарынан және партиталарынан 2 бөлім.
  2. Капристердің бірін: Ф.Мазас, Б.Компаньоли, Ф.Хофмайстер, И.Палашко, Р.Крейцер, П.Роде.
  3. Хасшеберлік пьеса: Ф. Шуберт – «Пчелка», Н.Римский-Корсаков «Полет шмеля», «Пляска скоморохов», А.Бородин – «Пляска девушек» С.Цинцадзе – «Хоруми», Мусоргский «Гопак», Дебюсси «Цыганский танец» және т.б.

ІІ кезең

  1. Қазақстан композиторларының пьесасы.
  2. Концерт – 1, или 2, 3 части: И.Х.Бах, Г.Гендель, К.Цельтер, А.Ролла, А.Вивальди (В.Борисовский), И.Хандошкин, Б.Зейдман № 2, Я.Стамиц, Ф.Хофмайстер, С.Форсайт.

«ВИОЛОНЧЕЛЬ»

І кезең

  1. И. С. Бах – виолончель солоға арналған сюитадан екі бөлім.
  2. Д.Поппер, Ю.Дотцауэр, Ж.Дюпор этюдтерінің бірін немесе Пиатти каприсы.
  3. Хасшеберлік пьеса: Д.Поппер-«Тарантелла», «Прялка»; А.Вержбилович – Этюд; Ж.Б.Сенайе – «Аллегро спиритуозо», К.Сен – Санс «Аллегро аппассионато», А.Айвазян «Концертный этюд», Л.Боккерини – «Рондо», М. де Фалья – «Танец огня», К.Давыдов – «У фонтана» және т.б. 

ІІ кезең

  1. Қазақстан композиторларының шығармасы: К.Күмісбеков «Поэма», К.Кужамьяров «Элегия», А.Затаевич «Желтый поток», А.Жубанов «Ария», Г.Жубанова «Мерекелік күй», Б.Жуманиязов – «Концерттік күй», Е.Брусиловский «Бозайғыр» және т.б.
  2. Концерт (1 немесе 2, 3 бөлімдер): Л.Боккерини, И.Гайдн (үлкен және кіші), К.Сен – Санс, Э.Лало, С.Прокофьев (Концертино), Д.Кабалевский (№ 1), К.Давыдов ( № 1, 2, 3, 4), Н.Мясковский (виолончельге арналған концерт с-moll). П.Чайковский – «Рококо тақырыбына вариациялар» және т.б.

«КОНТРАБАС»

І кезең

  1. Келесі мектеп және этюдтер жинақтарынан этюд: А.Михно, Ф.Симандл, Дж.Боттезини, В.Хоменко, А.Милушкин және басқалар.
  2. Г.Гендель, Б.Марчелло, Г.Эккльс, А.Эввелуа А.Ариости, А.Галлиар, А.Вивальди және т.б. сонаталарының бірінен – 1-2 немесе 3-4 бөлімдер
  3. Хасшеберлік пьесалардың бірі: И. Димитреску – «Крестьянский танец», Дж.Боттезини – «Тарантелла», «Прекрасная мельничиха», «Сомнамбула», С.Кусевицкий – «Вальс- миниатюра», И.Рафф – «Тарантелла», К.Сен – Санс – «Аллегро-аппассионато», Н.Паганини – Вариации на тему «Моисей», Р.Глиэр – «Тарантелла» және т.б.

II кезең

  1. Қазақстан композиторының пьесасы
  2. Концерт – 1 немесе 2 және 3 бөлімдер: С.Кусевицкий, Я.Ванхаль, Ф.Симандл, Д.Драгонетти, Г.Ф.Гендель, А.Капуцци, Дж.Боттезини, К.М.Диттерсдорф, В.А.Моцарт және т.б.

«АҒАШ ҮРЛЕМЕЛІ АСПАПТАР»

(флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон)

«ФЛЕЙТА»

I кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Э. Буртон «Сонатина», 2-3 бөлімі;

б) П. Хиндемит «Соната», 2-3 бөлімі;

в) Ф. Пуленк «Соната», 2-3 бөлімі;

г) О. Тактакишвили «Соната», 2-3 бөлімі;

  1. Қазақстан композиторының шығармасы.

ІI кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) C. Меркаданте «Концерт e-moll», 1бөлім;

б) Э. Келлер «Концерт g-moll», 1бөлім;

в) В. Блодек «Концерт», 1бөлім.

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Ж. Демерссман «Концерттік соло» (таңдауы бойынша);

б) Ф. Кулау «Интродукция және рондо»;

в) Ф. Кулау «Дивертисмент» (таңдауы бойынша);

г) Ж.Б. Тюлу «Гранд соло» (таңдауы бойынша);

д) Й. Андерсен «Баллада және сильф биі»;

«ГОБОЙ»

I кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша Концерт немесе барокко дәуірінен Соната;
  2. Қазақстан композиторының шығармасы.

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша Концерт шығарма 1 немесе 2-3 бөлімдері;
  2. Виртуозды сипаттағы шығарма. 

«КЛАРНЕТ»

I кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Ф.Пуленк «Соната», 1 бөлім немесе 2-3 бөлімдері;

б) К. Сен-Санс «Соната», 1-2 немесе 3-4 бөлімдері;

в) Ф. Девьен «Соната №1 с-moll», 1 немесе 2-3 бөлімдері;

г) Ф. Девьен «Соната №2 с-moll», 1 немесе 2-3 бөлімдері;

д) Ф. Девьен «Соната №3 Es-dur», 1 немесе 2-3 бөлімдері.

  1. Орындаушының таңдауы бойынша Қазақстан композиторының шығармасы. 

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша Концерт шығарма 1 немесе 2-3 бөлімдері;
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) А. Мессаже «Конкурстық соло»;

б) Э. Боцца «Кларибель»;

в) Э. Боцца «Итальян фантазиясы»;

г) А. Блох «Деннериана»;

д) Ф. Гобер «Фантазия».

«ФАГОТ»

I кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша Концерт немесе барокко дәуірінен Соната;
  2. Қазақстан композиторының шығармасы.

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Ф. Давид «Концертино»;

б) Л. Мильде «Концерт №2»;

в) И. Дубовский «Концерт» 1 немесе 2-3 бөлімдері;

г) А. Луппов «Концерт»

д) Ф. Девьенн «Концерт» 1 немесе 2-3 бөлімдері;

е) В. Брунс «Концерт» ор.5;

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Л. Мильде «Тарантелла»;

б) О. Мирошников «Скерцо»;

в) В. Купревич «Скерцино»;

г) Г. Чернов «Скерцо»;

д) Р. Глиэр «Юмореска»;

е) Да Минчи «Скерцо»;

ж) Г. Гровле «Сицилиана және Аллегро»;

е) П. Чайковский «Полька».

«САКСОФОН-АЛЬТ»

I кезең

  1. Қазақстан композиторының пьесасы.
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Д. Демерссман «Фантазия на оригинальную тему»;

б) Жан-Батист Сингле «Концертино»;

в) А. Юяма  «Дивертисмент»;

г) А. Бюссе «Астурия».

II кезең

  1. Виртуозды сипатты пьеса.
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Г. Готлиб «Концерт»;

б) П. Бонно «Джаз стиліндегі концерттік пьеса»;

в) П. Крестон «Соната», 1 немесе 2-3 бөлімдері;

г) А. Глазунов «Концерт Es-dur» (каденцияға дейін)

д) Д. Мийо «Скарамуш» сюитасы, 2-3 бөлімдері. 

«САКСОФОН-ТЕНОР»

I кезең

  1. Қазақстан композиторының пьесасы.
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) А. Раухвергер «Концерт»;

б) Ю. Чугунов «Концерт»;

в) Ж. Демерссман «Фантазия на оригинальную тему» (өңдеуі). 

II кезең

  1. Виртуозды сипатты пьеса;
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Э. Вила -Лобос «Фантазия»;

б) Г. Готлиб «Концерт»;

в) А. Флярковский «Концерт», 1 немесе 2-3 бөлімдері;

г) Г.Калинкович «Концерт-каприччио на тему Паганини». 

«МЫС ҮРЛЕМЕЛІ АСПАПТАР»

(валторна, труба, тромбон, туба) 

«ВАЛТОРНА» 

I кезең

  1. В.А. Моцарт Концерт немесе Концерттік рондо (таңдауы бойынша):

а) «Концерт №1»;

б) «Концерт №2», 1 бөлім (каденциямен) немесе 2-3 бөлімдері;

в) «Концерт №3», 1 бөлім (каденциямен) немесе 2-3 бөлімдері;

г) «Концерт №4», 1 бөлім (каденциямен) немесе 2-3 бөлімдері;

д) «Концерттік рондо».

  1. Қазақстан композиторының шығармасы (5-7 минут).

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Р. Глиэр «Валторнаға арналған концерт», 1 бөлім немесе 2-3 бөлімдер;

б) Р. Глиэр «Дауысқа арналған концерт», валторнаға өңделген;

в) Дж. Россини «Прелюдия және вариациялармен тема»;

г) Р. Шуман «Адажио және Аллегро»;

д) Р. Штраус «Концерт №1», 1 бөлім немесе 2-3 бөлімдер

е) Ф. Штраус «Концерт для валторны», 1 бөлім немесе 2-3 бөлімдер

ж) Ф. Штраус «Интродукция и тема с вариациями».

  1. Виртуозды шығарма (5- 7 минут).

«ТРУБА»

I кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Дж. Тартини «Концерт As-dur» (2,3 бөлім);

б) Т. Альбинони «Концерт Es-dur» (1,2 немесе 3,4 бөлім);

в) А. Вивальди «Концерт d-moll» (2,3 бөлім);

г) И. Гуммель «Концерт» (1 бөлім).

  1. Қазақстан композиторының шығармасы.

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) С. Василенко «Концерт» 1 бөлім;

б) А. Арутюнян «Концерт»;

в) В. Брант «Концерттік пьеса №1 f-moll»;

г) В. Брант «Концерттік пьеса №2 Es-dur»;

д) И. Гуммель «Концерт» (2 және 3 бөлімдер).

  1. Орындаушының таңдауы бойынша виртуозды шығарма (5-7 минут). 

«ТРОМБОН»

I кезең

  1. Күрделі форма (орындаушының таңдауы бойынша ескілікті сонаталар).
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Б. Кроче-Спинелли «Конкурстық соло»;

б) Ж. Мазелье «Конкурстық соло»;

в) К. Сен-Санс «Каватина»;

г) Э. Боцца «Бах стилінде»;

д) Ж. Бара «Анданте және Аллегро»;

е) В. Блажевич «Концерттік эскиз №5»;

ж) А. Гильман «Симфониялық пьеса».

II кезең

  1. Күрделі форма (орындаушының таңдауы бойынша):

а) Ф. Давид «Концертино»;

б) В. Блажевич «Концерт № 2, 3, 4, 5, 7»;

в) С. Шулек «Соната».

  1. Қазақстан композиторының шығармасы.

«ТУБА»

I кезең

  1. Б. Марчелло Соната (таңдауы бойынша).
  2. Қазақстан композиторының шығармасы.

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) А. Лебедев «Концерт №1»;

б) А. Лебедев «Концерттік аллегро».

  1. Орындаушының таңдауы бойынша:

а) Н. Раков «Сонатина»;

б) В. Зверев «Концертино»;

в) А. Болдырев «Концертино».

«СОҚПАЛЫ АСПАПТАР»

I кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша ксилофонға арналған шығарма:

а) Т. Маюдзуми «Ксилофонға арналған концерт» 1 бөлім;

б) Г. Рзаев «Скерцо»;

в) Г. Рзаев «Концертино».

  1. Қазақстан композиторының шығармасы;
  2. Орындаушының таңдауы бойынша кіші барабанға арналған шығарма:

а) D. Collins «Tabula rasa»;

б) J. Fanamaker «Конкурстық соло» (таңдауы бойынша);

в) M. Shneider «Кіші барабанға арналған концерт».

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша маримбаға арналған шығарма:

а) К. Абе «Frogs»;

б) E. Hatch «Furioso and Valse»;

в) M. Peters «Yellow after the rain».

  1. Вибрафонға арналған пьеса (төрт таяқ).

«ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР»

«ДОМБЫРА-ТЕНОР»

І-кезең

  1. Қазақстан композиторларының домбыра мен фортепианоға арнап жазылған бір шығармасы.
  2. Құрманғазы «Ақбай» (Қ.Жантілеуовтың орындауындағы нұсқасы)
  3. Алтай-Тарбағатай, Қаратау, Жетісу күйшілік мектептерінен таңдауы бойынша бір күй.
  4. Есбай «Терісқақпай».

ІІ-кезең

  1. Әлшекей «Терісқақпай»
  2. Аққыз «Қайран елім»
  3. Боғда, Дәулеткерей, Мәмен, Қазанғап таңдауы бойынша 1 күй.
  4. Қазіргі заман композиторларының бір күйі. 

«ШЕРТЕР»

І кезең

  1. Сайыскердің қалауы бойынша виртуозды шығарма (сүйемелдеумен)
  2. Сайыскердің қалауы бойынша кантиленалық шығарма (сүйемелдеумен)
  3. Шертерге арналған немесе лайықталған күй (сүйемелдеусіз)

ІІ кезең

  1. Қазақстан композиторларының шығармасы (сүйемелдеумен)
  2. Еуропалық композиторларының шеберлікті көрсететін шығармасы (сүйемелдеумен)
  3. Күрделі формадағы шығарма (концерт; соната 1 немесе 2,3 бөлімдері) (сүйемелдеумен) 

«ҚОБЫЗ-ПРИМА»

І кезең

  1. Кантилена сипатындағы шығарма. (сүйемелдеумен)
  2. Сайыскердің таңдауы бойынша берілген тізімнен бір шығарма (сүйемелдеумен):

Халық күйі «Боз Жорға» (өңд. Ә.Толғанбаев)

Тәттімбет «Алшағыр» (өңд. Е.Үсенов)

Тәттімбет «Сарыжайлау» (өңд. Е.Үсенов)

Тәттімбет «Секіртпе» (өңд. Е.Үсенов)

Тәттімбет «Табалдырық Қосбасар» (өңд. Қ.Шілдебаев)

Құрманғазы «Сарыарқа» (өңд. И.Коган)

Құрманғазы «Балбырауын» (өңд. И.Коган)

Құрманғазы «Түрмеден Қашқан» (өңд. Е.Үсенов)

Құрманғазы «Төремұрат» (өңд. Е.Үсенов)

Құрманғазы «Серпер» (өңд. К. Мусаева)

Дина «Науаи» (өңд. К. Мусаева)

А.Жайым «Жайлауға көшкенде» (Күй-Дастан Фантазиясынан)

А.Жайым «Жайлаудағы би» (Күй-Дастан Фантазиясынан)

Н. Таңатар «Скерцо»

ІІ кезең

  1. Қазақстан композиторының шығармасы (сүйемелдеумен)
  2. Ауқымды формадағы шығарма (Концерт – 1 бөлім немесе 2-3 бөлімдер, Фантазия, Соната)

«ҚОБЫЗ»

І кезең

  1. Қазақстан композиторының шығармасы (сүйемелдеумен)
  2. Ықылас Дүкенұлы тізімде көрсетілген бір күй міндетті түрде:

«Кертолғау» (ІІ нұсқасы Д.Мықтыбаевтың орындауында) (сүйемелдеусіз)

«Аққу» (Д.Мықтыбаевтың орындауында) (сүйемелдеусіз)

«Қазан» (І нұсқасы Д.Мықтыбаевтың орындауында) (сүйемелдеусіз)

  1. Қатысушының тандауы бойынша кобыз күйі (сүйемелдеусіз)

ІІ кезең

  1. Еуропалық композиторларының шеберлікті көрсететін шығармасы (сүйемелдеумен)
  2. Қорқыттың күйі (сүйемелдеусіз)
  3. Қобызға лайықталған домбыра күйі (сүйемелдеусіз)

«ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АСПАПТАР»

«САЗ СЫРНАЙ»

І кезең

  1. Уақыты 7 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша  2 шығарма.
  2. Н.Тілендиев «Балапандарым»

ІІ кезең

  1. Уақыты 7-10 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша  3 шығарма.

«ЖЕТІГЕН» 

І кезең

  1. Қазақстан композиторының күйі. (сүйемелдеусіз)
  2. Сайыскердің қалауы бойынша бір күй (сүйемелдеусіз)

ІІ кезең

  1. Фортепиано сүйемелдеуімен шығарма.
  2. Раздық «Аңшының зары» (сүйемелдеусіз)

«СЫБЫЗҒЫ»

І кезең

  1. Уақыты 7 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 2 шығарма.
  2. Кәлек «Арман»

ІІ кезең

  1. Уақыты 7-10 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 3 шығарма.

«ШАҢ-ҚОБЫЗ»

І кезең

  1. Уақыты 7-10 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 3 шығарма.

ІІ кезең

  1. Уақыты 7-10 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 3 шығарма.

«ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛЬ»

І кезең

15 минуттық бағдарлама.

15 минуттық бағдарламаның құрамында күй, шығармалармен қатар, ансамбль сүйемелдеуімен фольклорлық аспапта жеке орындау (соло) болуы шарт.

ІІ кезең

15 минуттық бағдарлама.

15 минуттық бағдарламаның құрамында күй, шығармалармен қатар ансамбль сүйемелдеуімен вокалдық соло (дәстүрлі ән) болуы шарт.

«ОРЫС ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ»

«БАЯН, АККОРДЕОН»

І кезең

  1. Полифониялық цикл фугамен (3 дауыстан кем емес)
  2. Виртуозды шығарма.
  3. Кантиленалық сипаттағы шығарма.

ІІ кезең

  1. Күрделі формадағы шығарма (соната – 1 бөлімді сонаталық аллегро формасындағы; 2,3 бөлімдері; сонатина барлық бөлімдері; сюита, партита – 3 бөлімнен кем емес.)
  2. Сайыскердің қалауы бойнша шығарма.

«КЛАССИКАЛЫҚ ГИТАРА» 

І кезең

  1. И.С.Бах – Сюитаның екі бөлімі (прелюдия-фуга, алеманда-куранта, сарабанда-жига. т.б.)
  2. Виртуозды шығарма.

ІІ кезең

  1. Күрделі формадағы шығарма
  2. Гитараға лайықталған Қазақстан композиторларының шығармасы.

«КІШІ ДОМРА»

І кезең

  1. Қазақстан композиторларының шығармасы (сүйемелдеумен)
  2. Сайыскердің қалауы бойынша кантиленалық шығарма (сүйемелдеумен)
  3. Сайыскердің қалауы бойынша виртуозды шығарма (сүйемелдеумен) 

ІІ кезең

  1. Күрделі формадағы шығарма (концерт; соната 1 немесе 2,3 бөлімдері) (сүйемелдеумен)
  2. Еуропалық композиторларының шеберлікті көрсететін шығармасы (сүйемелдеумен)

«ДОМРА – БАС»

І кезең

  1. Қазақстан композиторларының шығармасы (сүйемелдеумен)
  2. Сайыскердің қалауы бойынша кантиленалық шығарма (сүйемелдеумен)
  3. Сайыскердің қалауы бойынша виртуозды шығарма (сүйемелдеумен)

ІІ кезең

  1. Күрделі формадағы шығарма (концерт; соната 1 немесе 2,3 бөлімдері). (сүйемелдеумен)
  2. Еуропалық композиторларының шеберлікті көрсететін шығармасы (сүйемелдеумен)

«ЭСТРАДАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР» 

«САКСОФОН»

І кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен джаз сипатты свинг стилінде шығарма немесе бибоп, баллада, блюз.
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері өңдеуде.

ІІ кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен Latino – jazz стилiнде шығарма (mini disk, CD Audio)
  2. «Минус бір» фонограммамен түрлі стилдегі бір шығарма (mini disk, CD Audio)

«ТРУБА»

І кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен джаз сипатты свинг стилінде шығарма немесе бибоп, баллада, блюз.
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері өңдеуде. 

ІІ кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен Latino – jazz стилiнде шығарма (mini disk, CD Audio)
  2. «Минус бір» фонограммамен түрлі стилдегі бір шығарма (mini disk, CD Audio)

«ТРОМБОН»

І кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен джаз сипатты свинг стилінде шығарма немесе бибоп, баллада, блюз (mini disk, CD Audio)
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері өңдеуде.

ІІ кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен Latino – jazz стилiнде шығарма (mini disk, CD Audio)
  2. «Минус бір» фонограммамен түрлі стилдегі бір шығарма (mini disk, CD Audio) 

«ДЖАЗДЫҚ ФОРТЕПИАНО»

І кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен джаз сипатты свинг стилінде шығарма немесе бибоп, баллада, блюз (mini disk, CD Audio)
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері өңдеуде.

ІІ кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен Latino – jazz стилiнде шығарма (mini disk, CD Audio)
  2. «Минус бір» фонограммамен түрлі стилдегі бір шығарма (mini disk, CD Audio)

«ЭЛЕКТРОГИТАРА»

І кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен джаз сипатты свинг стилінде шығарма немесе бибоп, баллада, блюз (mini disk, CD Audio)
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері, күйлері өңдеуде. 

ІІ кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен Latino – jazz стилiнде шығарма (mini disk, CD Audio)
  2. «Минус бір» фонограммамен түрлі стилдегі бір шығарма (mini disk, CD Audio)

«БАС ГИТАРА» 

І кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен джаз сипатты свинг стилінде шығарма немесе бибоп, баллада, блюз (mini disk, CD Audio)
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері өңдеуде.

ІІ кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен Latino – jazz стилiнде шығарма (mini disk, CD Audio)
  2. «Минус бір» фонограммамен түрлі стилдегі бір шығарма (mini disk, CD Audio)

«СОҚПАЛЫ АСПАПТАР»

І кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен джаз сипатты свинг стилінде шығарма немесе бибоп, баллада, блюз (mini disk, CD Audio)
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері өңдеуде.

ІІ кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен Latino – jazz стилiнде шығарма (mini disk, CD Audio)
  2. «Минус бір» фонограммамен түрлі стилдегі бір шығарма (mini disk, CD Audio) немесе жеке клавишты соқпалы аспаптарда кеңейтілген джаз шығармасы.

0405000 «Хор дирижерлеу» мамандығы бойынша

«Хорда дирижерлік ету» мамандығы бойынша конкурс, формасы мен мазмұны әр түрлі ІІ кезеңмен өткізіледі. І кезең шығармаларын қатысушылар 5 (бес) данадан ұйымдастыру комитетіне жеребе тарту кезінде ұсынады. Хормен жұмыс жасау үшін берілетін шығармалар, конкурсанттардың ІІ кезеңге өту-өтпеуіне қарамастан реттік санмен қатар жеребе тарту кезінде қатысушыларға ұйымдастыру комитетімен ұсынылады. Кезеңдер аралығы 1 тәулікті құрайды. 

І кезең

«Дирижерлеу»

Рояльдің сүйемелдеуімен дирижерлеу (10 минут)

Қатысушыларға келесі бағдарламаны орындау ұсынылады:

  1. А’capella хорына арналған шығарма.
  2. Фортепианомен сүйемелдеуге арналған хор шығармасы.

Шығарма жатқа дирижерленеді. Конкурсқа қатысушылар сахнаға өздерінің концертмейстерлерімен шығады.

Дирижерлеуге арналған шығармаларды қатысушылардың өздері таңдайды. Конкурсқа қатысушылардың техникалық және шығармашылық мүмкіндіктерін толық қанды ашу үшін, шығармалар әртүрлі мінезде болуы қажет. Конкурсқа қатысушылар шығарманың көркемдік ойын ашып, оның мазмұнын нақты көрсете білу қажет.

І кезеңде конкурсанттар келесі критерийлер бойынша бағаланады:

  • музыкалық дарынының айқындығы – 5 балл;
  • орындаушылық шеберлігі, нота мәтінін дәл қолдану (тазалығы, сауаттылығы, фразировкасы) – 5 балл;
  • шығарманың стильдік интерпретациясы – 5 балл;
  • әртістілігі – 5 балл;
  • жеке даралығы – 5 балл.

ІІ кезең

«Хормен жұмыс жасау»

Хормен жұмыс жасау 10 минут ішінде өткізіледі.

II кезеңге өткен конкурсқа қатысушылардың қолында жеребе тарту кезінде алған хормен жұмыс жасау үшін шығармалар болады. Ұжымды нота материалдарымен қамту конкурс ұйымдастырушыларының жауапкершілігінде. Конкурстың осы кезеңі конкурс ұйымдастырушы колледжінің аралас хорының қатысуымен өткізіледі.

ІІ кезеңде конкурсанттар келесі критерийлер бойынша бағаланады:

  • жұмыс екпіні – 5 балл;
  • хордың дыбысына елеуі – 5 балл;
  • хор ұжымымен шығармашылық байланысы – 5 балл;
  • хормен репетициялық жұмыс жасау әдістемесін меңгеруі – 5 балл;
  • соңғы нәтижеге қол жеткізу (соңғы орындаудың жұмыс сатылары) – 5 балл.

0406000 «Музыка теориясы» мамандығы бойынша

«МУЗЫКА ТЕОРИЯСЫ» номинациясы

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

1 кезең – жазбаша жұмыс

2 кезең – «Қазақстанның заманауи музыкасы: жанрлар, құбылыстар, үрдістер» тақырыбындағы презентацияны қорғау

1-кезеңнің жұмыстарын ресімдеуге қойылатын талаптар:

Тапсырма теориялық базаны анықтауға, терминологиялық аппаратты иеленуге, талдау дағдыларына және «Музыка теориясы» мамандығы бойынша оқитын студенттердің басқа да кәсіби құзыреттеріне бағытталған.

Үлгі ретіндегі тақырыптар:

  1. Қазақ халық орындаушылары: әншілер мен күйшілер;
  2. Кәсіби музыка жанрлары: симфонияның, концерттің, вокалдық және аспаптық миниатюраның сипаттамасы;
  3. Монографиялық тақырыптар (оқу бағдарламасы көлемінде): Құрманғазы, А. Жұбанов, Ғ.Жұбанова, М. Төлебаев, Е. Рахмадиев, С. Мұхамеджанов, В-А. Моцарт, Дж.Верди, К. Дебюсси, М. Глинка, П. Чайковский, Н. Римский-Корсаков, С. Рахманинов, А. Скрябин.
  4. Қазақстанның заманауи музыкалық мәдениеті.

Жазбаша жұмыстың тақырыптары билет түрінде ресімделеді. Тақырыбы бар билет конкурстың 1 кезең өткізілетін күні таңдалады. Жазбаша жұмыс 2 академиялық сағат (90 минут) ішінде орындалады.

Жұмыста зерттеу үшін таңдалған шығарманың дәуірін, стилін, жанрын, экспрессивті құралдар кешенін, бейнелі әлемді, жеке әсерді жарықтандыру қажет. Оқушылар тақырыпта жазбаша жұмыстың нақты жанрын (эссе, аналитикалық этюд, сыни мақала) таңдап, көрсете алады және оны орындай алады.

2 кезеңге қойылатын талаптар:

Тапсырма теориялық білімді, практикалық дағдыларды, эрудицияны, кәсіби қызығушылықты, материалды ұсынудағы логикалық дәйектілікті, әртістікті анықтауға бағытталған.

Ресімдеуге қойылатын талаптар:

* Көлемі 15-25 слайд. бірінші слайдта автордың, жетекшінің аты-жөні, оқу орнының атауы, соңғы слайдта – дереккөздерінің тізімі болуы керек.

* Презентацияда мәтіндік және иллюстрациялық слайдтар кезектесуі мүмкін.

* Музыкалық мысалдарды міндетті түрде орындау керек

Мазмұнына қойылатын талаптар:

  1. Тақырыптың тұжырымдамасында және мазмұнында көрсетілген бағыттаушы идеяның болуы.
  2. Ұсынылған тақырыптың өзектілігін негіздеу.
  3. Мақсаты мен міндеттері.
  4. Баяндаманың мазмұны қойылған міндеттерді шешуге бағытталуы керек және көрсетілген проблемамен байланыста болуы керек.
  5. Музыкалық мысалдарды міндетті түрде орындау керек.
  6. Баяндаманы мәтін бойынша оқуға жол берілмейді.

2 кезеңдегі тапсырма орындау уақыты: 10 минутқа дейін.

0407000 «Ән салу» мамандығы бойынша 

«АКАДЕМИЯЛЫҚ ӘН САЛУ» 

I кезең 

  1. ХVII – XVIII – ғасыр композиторларының ариялары.
  1. Қазақстан композиторларының операсынан ария.
  2. Қатысушының таңдауы бойынша халық әні.

ІІ кезең

  1. Орыс немесе шетел композиторларының операларынан ариялар (қатысушының таңдауы бойынша).
  2. XVIII– XIX ғасырдағы орыс немесе шетел композиторларының романсы.
  3. Қазақ композиторларының романсы.

«АНСАМБЛЬДІК ӘН САЛУ»

I кезең

  1. Батыс-еуропалық композиторларының ансамбльдері (дуэт, трио, квартет және т.б. 8 адамға дейін).
  2. Қазақстандық композиторларының ансамбльдері (дуэт, трио, квартет және т.б. 8 адамға дейін).

ІІ кезең

  1. Орыс композиторларының ансамбльдері (дуэт, трио, квартет және т.б. 8 адамға дейін)
  2. XX және XXI ғасыр композиторларының ансамбльдері (дуэт, трио, квартет және т.б. 8 адамға дейін).

«ДОМБЫРАМЕН ХАЛЫҚ ӘНДЕРІН ОРЫНДАУ»

І кезең

  1. Халық әні
  2. Халық композиторларының әндерінен 1 ән
  3. Қазақстан композиторларының әндері (М.Жанболатов, Д.Рақышев, А.Сейдімбеков, А.Еспаев, С.Кәрімбаев, Г.Құрманғалиев, Т.Рахимов және т.б.) 

II кезең

  1. Халық әні
  2. Дауыс диапазонын көрсететін халық композиторларының 1 әні
  3. Басқа өңірдің дәстүрлі әншілік мектебінен 1 ән (Батыс, Арқа, Жетісу, Сыр, Алтай-Тарбағатай)

«ЖЫР-ТЕРМЕ»

I кезең

  1. Жыр бастау
  2. Терме
  3. Нақыл сөз Уақыт мөлшері 20 минут.

II кезең

  1. Толғау.
  2. Поэма үзінді
  3. Дастаннан үзінді. Уақыт мөлшері 20 минут.

«ЭСТРАДАЛЫҚ ӘНДЕР ОРЫНДАУ»

I кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен Қазақстан композиторларының әні (mini disk, CD Audio).
  2. «Минус бір» фонограммамен Славян тілінде ән (mini disk, CD Audio).

ІI кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен қатысушының дауыс диапазонын және вокалдық мүмкіндігін көрсететін шетелдік хит ән (mini disk, CD Audio).
  2. Қазақ халық әні немесе халық композиторларының әні эстрадалық өңдеуде «минус бір» фонограммамен (mini disk, CD Audio).

Details

Start:
Сәуір 25 @ 00:00 UTC+6
End:
Сәуір 29 @ 09:00 UTC+6

Venue

Қазақ ұлттық өнер университеті
Тәуелсіздік 50
Нұр-Сұлтан, 010000
+ Google Map
View Venue Website