«Музыкалық өнер: Ғылым және білім» VIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Ақпан 28 @ 00:00 - 09:00 UTC+6
Loading Events
  • Бұл шара өтіп кетті.

Мәдениет, музыкалық педагогика және орындаушылық саласында педагогикалық зерттеулерді жандандыру, оқытушылардың ғылыми қызметін өзектендіру мақсатында Қазақ ұлттық өнер университеті «МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР: ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ» VIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді

Материалдардың электрондық жинағы басып шығарылады

Жинақ Қазақ ұлттық өнер университетінің ОӘК-де бекітіледі

Конференция тегін өткізіледі

Конференцияға қатысуға оқытушылар, докторанттар, аспиранттар,

магистранттар мен студенттер шақырылады. 

Өткізілу орны – Нұр-Сұлтан қ.,

Қазақ ұлттық өнер университеті

Өткізілу уақыты – 28 ақпан 2022 жыл

Материалдарды қабылдаудың аяқталуы – 2022 жылдың 23 ақпанына дейін.

Электрондық сертификаттар мен конференция бағдарламаларын тарату2022 жылдың 5 наурызына дейін.

Жинақты тарату және ОӘК шығару – ОӘК отырысы өткізілгеннен кейін.

Ұйымдастыру комитеті көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген материалдарды қабылдамауға құқылы

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Музыка ғылымы: тенденциялар мен перспективалар
  2. Орындаушылық өнер: заманауи зерттеулер
  3. Музыкалық және жалпы педагогика: теория, әдістеме, практика
  4. Сұхбат, естеліктер
  5. Магистранттардың зерттеулеріндегі музыкалық өнер мәселелері
  6. Студенттердің зерттеулеріндегі музыкалық өнер мәселелері

Конференция Youtube каналында қашықтықтан өткізіледі.

Қатысушылар міндетті түрде өз баяндамасының бейнежазбасын жасап, YouTube каналына орналастырып,

жазбаның сілтемесі мен өтінімді ұйымдастыру комитетінің e-mail-на жіберуі қажет.

Қатысушылар сертификат алады.

Конференция материалдары келесі мекенжайға жіберіледі: music_art_master@mail.ru

Хаттың тақырыбы: «Автордың аты – жөні – КОНФЕРЕНЦИЯ 2022» (мысалы: Базаров А.А.-КОНФЕРЕНЦИЯ-2022).

Хатқа жариялауға арналған материалдары бар файлдар, бейнежазбаға сілтеме және конференцияға қатысушының сауалнамасы қоса тіркеледі.

Тезистері бар файл атауында секция нөмірін және бірінші автордың тегін көрсету қажет

(мысалы: 3-Базаров).

Сауалнама файлының атауында автордың тегін көрсету қажет (мысалы: сауалнама-Базаров).

Хатты жібергеннен кейін 3 тәулік ішінде мақаланы жариялауға қабылдау және YouTube арнасындағы конференцияның плейлистінде бейнежазбаны орналастыру туралы жауап жіберіледі.

Жауап келмеген жағдайда, сұранысты қайта жіберіңіз немесе телефон арқылы ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыз. 

Барлық сұрақтар келесі мекен-жайға жіберілсін: music_art_master@mail.ru

Байланыс телефондары:

8 775 857 15 69 (Харламова Татьяна Валерьевна),

8 701 651 99 33 (Останькович Марианна Александровна)

Мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптар:

  1. Мақаланың көлемі – A4 6 бетке дейін.
  2. Кегль (шрифт өлшемі) – 14, гарнитура – TimesNewRoman; интервал – 1; шегі – әр жағынан 2 см.
  3. Кестелер мен суреттердің тақырыптары болуы керек. Суреттердің атауы мен нөмірлері суреттердің астында, кестелердің атаулары мен нөмірлері – кестелердің үстінде көрсетіледі. Кестелер, схемалар, суреттер, формулалар, графиктер көрсетілген шектен шықпауы тиіс (кестелердегі және суреттердегі қаріп – кемінде 11).
  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі – мәтіннің соңында алфавиттік ретпен және үлгіге сәйкес рәсімделуі керек (төмендегі мысалға қараңыз).
  5. Әдебиетке сілтемелер – мақаланың соңында келтірілген әдебиеттер тізіміне сәйкес дереккөздің нөмірі көрсетілген тік жақшада және бетте (мысалы: [2,32]);
  6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі үшін сілтемелердің автоматты орналастырылуын ПАЙДАЛАНУҒА БОЛМАЙДЫ (мәтін бойынша ескертулер үшін ғана рұқсат етіледі);
  7. Сөздерді тасымалдауға болмайды.
  8. Электрондық нұсқада әр мақала жеке файлда болуы керек.
  9. Мақала мәтінінің алдында автор мен мақала туралы мәліметтер.
  10. Аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы және қаласы (ресімдеу ережесін төменде қараңыз)
  11. 300 белгілер мен кілт сөздерге дейін Аннотация болуы мүмкін.

Ұйымдастыру комитеті талап бойынша ресімделмеген баптарды қабылдамауға немесе пысықтауға жіберуге құқылы! 

Автор және мақала туралы мәліметтерді ресімдеу ережелері:

Жоғарғы оң жақ бұрышында (деректер атау септігінде келтіріледі)

Автордың Аты-жөні (толық),

Лауазымы, ұйымы, елі, қаласы

е-mail

бір жолдан кейін, ортасында — Мақала атауы

Бір жолдан кейін

Аннотация: (көлемі 300 белгіге дейін)

Кілттік сөздер: (10 сөзге дейін).

Бір жол қалдыра мақаланың мәтіні ………………………

Әдебиет тізімі ресімдеу үлгісі:

  1. Джумакова У. Творчество композиторов Казахстана 1920-1980-х годов. Проблемы истории, смысла и ценности. Астана: Фолиант, 2003. 232 с.
  2. Аравин П. Поэма М.Тулебаева «Казахстан» // Музыкознание. Вып. VII. Алма-Ата, 1975. С.108-113.
  3. Казыбекова Ж. Трактовка тембра в оркестровых произведениях композиторов Казахстана (на примере духовой музыки). Дисс. …канд.иск. Алматы, 2009. 223 с.
  4. Валькова В. Музыкальный тематизм и мифологическое мышление [Электронный ресурс]: Электронное периодическое издание «Открытый текст». Режим доступа: http://www.opentextnn.ru/music/Perception/?id=2300

Конференцияға қатысушының сауалнамасы

1Автордың (авторлардың) тегі, аты, әкесінің аты
2Мақала атауы және беттер саны
3Конференция және секция атауы
4Жұмыс орны (мекеменің толық атауы, қысқартусыз), қала
5Лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы
6E-mail (егер бірлескен авторлар болса, онда әр бірлескен автордың электрондық мекен-жайы)
7Байланыс телефондары
8Баяндаманың бейнежазбасына YouTube сілтемесі

Details

Date:
Ақпан 28
Time:
00:00 - 09:00 UTC+6

Venue

Қазақ ұлттық өнер университеті
Тәуелсіздік 50
Нұр-Сұлтан, 010000
+ Google Map
View Venue Website