«Шабыт» ХХІІІ халықаралық конкурсы

02.11.2020 @ 08:00 - 06.11.2020 @ 17:00 UTC+6
Loading Events
  • This event has passed.

 «Шабыт» шығармашыл жастардың ХХІІІ халықаралық байқауының (бейнежазбалар бойынша)

Ережесі

Жалпы ережелер

  1. «Шабыт» шығармашыл жастардың ХХІІІ халықаралық байқауы (бұдан әрі – байқау) бейнежазбалар бойынша 2020 жылдың 2-6 қараша аралығында Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
  2. Байқауды «Қазақ ұлттық өнер университеті» өткізеді.
  3. Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 010000, Тәуелсіздік даңғылы, 50, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы, Тел. +7 (7172)70 -54 -98, 70 -54 -99. Эл.пошта – shabyt.competition@gmail.com

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

  • Өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерді анықтау, талантты, дарынды орындаушыларды қолдау;
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында талантты адамдардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
  • Үздік дәстүрлер мен жетістіктерді, ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнерді жаңғырту, дамыту және насихаттау, оның өкілдерінің кәсіби шеберлігін арттыру;
  • Халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін ұйымдастыру, рухани және мәдени құндылықтармен алмасу;
  • Шығармашылық қызметтің әр түрлі салаларындағы жетістіктерді көрсету;
  • Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін сақтау, өркендету, дамыту және насихаттау;
  • Азаматтарды эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
  • Мәдени мұраны насихаттау және оның дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету;
  • Жастардың бойында патриотизмді тәрбиелеуге, ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарға ұмтылуға ықпал ету.

Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары

  1. Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «ҚазҰӨУ» РММ базасында сырттай қашықтан бейне жазбалар форматында өткізіледі.
  2. Байқауды өткізу күні: 2020 жылдың 2-6 қараша аралығында. Мекен-жай: Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 50.
  3. Байқауға бакалавриат және магистратура студенттері қатыса алады.
  4. Байқау келесі мамандықтар бойынша өткізіледі:
  • «Аспаптық орындаушылық – үрмелі және соқпалы аспаптар» («Ағаш үрмелі аспаптар» (флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон), «Мыс үрмелі және соқпалы аспаптар»(валторна, труба, тромбон, туба, соқпалы аспаптар) номинацияларында.
  • «Бейнелеу өнері» («Кескіндеме және Мүсін», «Сәндік-қолданбалы өнер» (көркем тоқымашылық, көркем тоқыма, зергерлік өнер, ағашты көркем өңдеу, керамика), «Сценография» (киім дизайны, сахналық костюм, грим және постиж өнері, театр, кино және ТД қоюшы-суретшісі) номинацияларында
  • «Театр өнері» (Көркем оқу номинациясында)
  1. Байқау  Ютуб (YouTube) арнасында екі турдан өтеді.
  2. Қатысушылардың өнер көрсету кезектілігі әліпбилік тәртіп бойынша анықталады.
  3. Байқауға қатысушы тек бір номинацияға қатыса алады.
  4. Қатысушылар ұсынған бағдарламаларға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
  5. Барлық шығармалар жатқа орындалады.
  6. I және II турдың бейнежазбаларын «Google Drive» файл алмасқышына жүктеп, сілтеме арқылы кіру тиіс. Сілтемені көшіріп, байқаудың электрондық өтініміне қою керек.
  7. Дыбысты қосымша өңдеуге, бейне материалды монтаждауға және редакциялауға жол берілмейді. Табиғи акустикаға (зал, холл) рұқсат етіледі.
  8. Бейнетүсірілім бейнекамераны өшірмей және тоқтатпай, орындалатын тур бағдарламасының басынан аяғына дейін жүргізілуі тиіс.
  9. Жоғарыда көрсетілген номинациялар бойынша өткен жылдардағы орындаушылар байқауында Бас жүлде және 1 орын алған қатысушылар байқауға қатысуға жіберілмейді.
  10. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес байқауға қатысушыларға келесі орындар беріледі:

I орын және лауреат атағы;

IІ орын және лауреат атағы;

III орын және лауреат атағы;

  1. Қазылар алқасының шешімі бойынша барлық лауреаттардың жазбалары ҚазҰӨУ сайтында және басқа да әлеуметтік желілерде таратылады.

Өтінім беру тәртібі:

Байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды 2020 жылдың 26 қазанына (қоса алғанда) дейін электрондық форматта ұсыну қажет:

  • Белгіленген үлгідегі электрондық өтінім https://kaznui.kz сайтында «Іс-шаралар» бөлімінде;
  • Өтінімде ЖЕКЕ БАСЫН КУӘЛАНДЫРАТЫН ҚҰЖАТ (паспорт/жеке куәлік) бойынша қатысушының және оқытушының аты-жөнін дәл көрсету қажет;
  • Жеке куәліктің немесе паспорттың PDF форматындағы көшірмесі (электрондық өтінімде)
  • Байқауға қатысушының бағдарламасы (бағдарламаны бірден 2 турға ұсыну қажет) (электрондық өтінімде)
  • Құжаттар пакеті толық болмаған және дұрыс ресімделмеген жағдайда өтінімдер қабылданбайды.

Ұйымдастыру комитеті

  1. Байқауды ұйымдастыру комитетінің құрамы ҚазҰӨУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
  2. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.
  3. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу мәселелері бойынша тиісті органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
  4. Ұйымдастыру комитеті іс-шараны ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
  5. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу барысында туындаған басқа да ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

Жүлде қоры

1 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық – 150.000 теңге

2 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық – 100.000 теңге

3 орын – Құрмет дипломы және ақшалай сыйлық – 50.000 теңге

Байқау нәтижелері ресми сайтта жарияланғаннан кейін https://kaznui.kz байқау лауреаттары 2020 жылғы 30 қарашадан кешіктірмей ұйымдастыру комитетіне өздерінің банктік деректемелерін shabyt.competition@gmail.com  эл.поштасына жіберуі тиіс. Деректер жіберілмеген жағдайда ұйымдастыру комитеті сыйақыны жібермеу құқығын өзіне қалдырады. Байқау лауреаттары ақшалай сыйлық шотқа түскеннен кейін сыйлықақы алғандығын растап, келесі мекенжайға shabyt.competition@gmail.com хабарлама жіберуі тиіс.

 

Байқаудың қазылар алқасы

– Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау, сондай-ақ қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы қазіргі заманның көрнекті музыканттарынан, көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралады және Қазақ ұлттық өнер университеті ректорының бұйрығымен бекітіледі.

– Қазылар алқасының барлық шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

– Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді, талқылау бейнеконференция байланысы арқылы онлайн өтеді.

– Дауыстар тең болған жағдайда қазылар алқасы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

– Байқаудың қазылар алқасы жүлделі орын бермеуге құқылы.

Байқау бағдарламасы

«Аспаптық орындаушылық» мамандығы бойынша

«Ағаш үрмелі аспаптар» 

(флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон)

 «Флейта» номинациясы

I тур

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а) «Соло флейтасына арналған a-moll партита» (1-2 с. немесе 3-4 с.)      И.С. Бах;

б) «Соло флейтасына арналған a-moll соната» (1-2 с.) К.Ф.Э. Бах;

в) «Соло флейтасына арналған 12 Фантазия» Г.Ф. Телеманн (орындаушының таңдауы бойынша біреуі).

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а) «Еркін мерген» опера тақырыбындағы фантазия» П. Таффанель;

б) «Гранд Полонез» Т. Бём.

II тур

  1. «Оркестрмен флейтаға арналған концерт»  1 бөлім Ж. Ибер.
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а) «Соло флейтасына арналған fis-moll op.140 «Соната – Аппассионата»        З.К. Элерт;

б) Соло флейтасына арналған ор.107 (Чакона) «Каприс №30», З.К. Элерт.

«Гобой» номинациясы

I тур

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а) «Соло флейтасына арналған a-moll партита» (1-2 сағ. немесе 3-4 сағ.)      И.С. Бах (гобой үшін g-mol нұсқасы қалауымен);

б) «Соло флейтасына арналған a-moll соната» (1-2 с.) К.Ф.Э. Бах (гобой үшін g-mol нұсқасы қалауымен);

в) «Соло флейтасына арналған 12 Фантазия» Г.Ф. Телеманн (орындаушының таңдауы бойынша біреуі).

  1. «Оркестрмен гобойға арналған концерт» KV 314 С-dur 1 бөлім В.А. Моцарт (каденциямен)

II тур

  1. Орындаушының таңдауы бойынша Қазақстан композиторларының бір шығармасы:

а) «Қос қарлығаш» А. Тоқсанбаев;

б) «Фантастические пьесы» Х. Сетеков.

  1. Орындаушының таңдауы бойынша Г. Сильвестрини шығармаларының бірі:

а) I – Hotel des Raches noires a Trioubille;

б) III – Boulevard des Capucines;

в) V – Scene de plage;

г) VI – Le ballet espagnol.

«Кларнет» номинациясы

I тур

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а) «Травиата» опера тақырыбына фантазия Д. Ловрельо

б) «Риголетто» опера тақырыбына фантазия Л. Басси

в) Вариациялары бар интродукция және тақырып (қайталаусыз) Дж. Россини

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а) Соло кларнетке арналған этюд Г. Доницетти

б) Соло кларнетке арналған И.С. Бахқа арнау Б. Ковач

II тур

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а) Оркестрмен кларнетке арналған № 2 Концерт К.М. Вебер

б) Оркестрмен кларнетке арналған № 1 Концерт Л. Шпор

«Фагот» номинациясы

I тур

  1. Соло фаготқа арналған «Партита a-moll» (1-2 с. немесе 3-4 с.)» И.С. Бах
  2. «Венгр қиялы» К.М. Вебер

II тур

  1. «Оркестрмен фаготқа арналған концерт» 1 бөлім Й.Н. Гуммель;
  2. Соло фаготқа арналған «№38 Концерттік этюд» Л. Милде.

«Саксофон-альт» номинациясы

I тур

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а)  «Виолончелиге арналған №2 Сюита», Прелюдия И.С. Бах;

б) «Виолончелиге арналған №5 Сюита», Прелюдия И.С. Бах;

в) «Соло флейтаға арналған №6 Фантазия» (саксофонға арналған нұсқасы) Г.Ф. Телеманн.

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а) «Соната» 1 бөлім П. Крестон;

б) «Соната «Күлтелі құс» 1 бөлім Т. Йошиматсу;

в) «Соната» 1 бөлім Ф. Декрюк.

II тур

  1. «Оркстрмен саксофон-альтқа арналған концерт» А. Глазунов.

«Мыс үрмелі және соқпалы аспаптар»

 (валторна, труба, тромбон, туба, соқпалы аспаптар)

«Валторна» номинациясы

I тур

  1. «№4 оркестрмен валторнаға арналған концерт» 1 бөлім (каденциямен)В.А. Моцарт;
  2. Соло валторнаға арналған «Испания» В. Буяновский.

II тур

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а) «Оркестремн валторнаға арналған концерт» (каденциямен) Р.М. Глиэр;

б) «Валторнаға арналған Концертино» К.М. Вебер;

в) «Оркестрмен валторнаға арналған №2 Концерт» (каденциямен) Р. Штраус.

«Труба» номинациясы

I тур

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а) «Трубаға арналған концерт» I с. немесе II-III с. Й. Гайдн;

б) «Трубаға арналған концерт» I с. немесе II-III с. И. Гуммель;

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а) «Этюд» А. Скрябин;

б) «№1 Этюд» В. Щелоков.

II тур

  1. «Оркестрмен трубаға арналған концерт» (каденциямен) А. Гедике.

«Тенор-тромбон» номинациясы

I тур

  1. Г. Ф. Телеман Фантазияларының бірі соло орындаушының таңдауы бойынша № 4, 5 ,10 (А. Раф транскрипциясы);
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а) «Романс» К.М. Вебер;

б) «Баллада» Э. Боцца;

в) «Симфоническая пьеса» А. Гильман;

г) «Пьеса ми бемоль минор» Ж. Ги-Ропар;

д) «Movement» Ф. Гидаш;

е)  «Хорал, каденция и фугато» А. Дютийе;

ж) «Прелюдия и танец» Дж. Мортимер;

з) «Фантазия» С. Стоевский.

II тур

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а) «Концерт» А. Нестеров  ;

б) «Концерт» А. Томази  ;

в) «Концерт» Л. Грюндал;

г) «Концерт» Н. Рота;

д) «Концерт» Г. Джакоб;

е) «Концертино» Г. Калинкович;

ж) «Концертино» Ф. Давид;

з)  «Концерт» Н. Римский-Корсаков;

и)  «Концертино» Э.Л. Ларссон.

«Бас-тромбон» номинациясы

I тур

  1. «№1 G-dur Сюита» (Виолончелиге арналған сюита Прелюдия, Менуэт 1&2) Д. Йео транскрипциясы, И.С. Бах;
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а)  «Баллада» Э. Эвазен;

б)  «Новый Орлеан» Э. Боцца;

в)  «Рапсодия» Ф. Гидаш;

г)  «Монолог Гамлета» А. Томази.

II тур

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а) «Концерт для бас-тромбона» А. Нестеров;

б) «Концерт» Э. Эвазен;

в) «Концерт» Д. Буржуа;

г) «Концерт» Т.Р. Джорж;

д)  «Концерт» В. Вильямс;

е) «Концерт» А. Лебедев;

ж) «Концерт» Дж. Вильямс.

«Туба» номинациясы

I тур

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а) Соло трубаға арналған «Фантазия a-moll» (А. Раф транскрипциясы) Г.Ф. Телеман;

б)  «№1 G-dur сюитасынан менуэт» (К. Браун транскрипциясы) И.С. Бах.

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а) «Туба Року» Р. Бутри;

б)  «Тубаға арналған концертино» Ф. Бенкрискутто;

в)  «Тубаға арналған сюита» Д. Хаддад;

г)  «Тубаға арналған үш миниатюралар» Э. Плог.

  1. Қатысушы ел композиторының шығармасы.

II тур

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығармалардың бірі:

а)  «Тубаға арналған концерт»  (I с. немесе II-III с.) Э. Грегсон;

б) «Бас-тубаға арналған концерт»  (I с. немесе II-III с.) Р. Воан Уильямс;

в) «Тубаға арналған концерт» ор.96  (I с. немесе II-III с.) Дж. Барнс; 

  1. Одна из пьес для тубы соло по выбору исполнителя:

а) «Тубаға арналған Фантазия» ор.102 М. Арнольд;

б) «ФНУГГ» О. Баадсвик;

в) «Импровизация» В. Буяновский.

«Соқпалы аспаптар» номинациясы

Орындауға үш шығарма ұсынылады:

I тур

  1. Виртуоздық сипаттағы шығарма (маримба);
  2. Виброфондағы шығарма (5 минут);
  3. Шағын барабандағы шығарма (5 минуттан артық емес).

II тур

  1. Виртуоздық сипаттағы шығарма (маримба);
  2. Виброфондағы шығарма (5 минут);
  3. Литаврдағы шығарма (5 минуттан артық емес).

«Бейнелеу өнері» мамандығы бойынша

Бейнелеу өнері мамандығы бойынша

  • «Бейнелеу өнері»: «Кескіндеме және мүсін», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Сценография» мамандықтарының барлық номинациялары бойынша байқау бір кезеңнен тұрады.
  • Барлық номинациялар бойынша шығармашылық жұмыстардың тақырыбы еркін.
  • Бір конкурсант тек бір номинацияға және бір ғана шығармамен қатыса алады.
  • Байқауға қатысушы туындының сапасы жақсы фотосуреттерді, сондай-ақ байқауға ұсынылған өз туындысының идеялық ойы, тұжырымдамасы туралы Жеке өзі баяндайтын бейнені ұсынады.
  • Фото / бейнематериалды «Google Drive» файл алмасқышына жүктеп, сілтеме арқылы кіру тиіс. Сілтемені көшіріп, конкурстың электрондық өтініміне қою керек.
  • Тек «Сценография» номинациясы үшін ғана туындының өзінің фотосуретінен, сондай – ақ идеялық ой – тұжырымдамасы бар бейнеден басқа Эскиздердің фотосуреттерін – декорациялардың эскиздерін (театр, кино және ТВ қоюшы суретшісі), киім топтамаларының эскиздерін (Киім дизайны, «сахналық костюм»), бейнелердің эскиздерін (грим және постиж өнері) жіберу қажет. Эскиздер қолмен немесе компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып жасалуы мүмкін.

«Кескіндеме және мүсін» номинациясы

Кескіндеме: Материалдар: кенеп / май, акварель, гуашь, акрил, темпера

Орындау техникасы мен стилі: еркін

Пішімі: А1 кем емес және одан да көп

Мүсін: Материалдар: пластилин, гипс, ағаш, қола, тас

Орындау техникасы мен стилі: еркін

Пішімі: биіктігі 40 см-ден кем емес

«Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы

(көркем тоқымашылық, көркем тоқыма, зергерлік өнер, ағашты көркем өңдеу, керамика)

Материалдар: киіз, жүн, жібек,маталар, металл, ағаш, саз

Орындау техникасы мен стилі: гобелен, киіз, тоқымашылық, төсеніш, кесте тігу, көркем тоқыма, батик, жамылғы

Пішімі: А1 кем емес және одан да көп

«Сценография» номинациясы

(Киім дизайны, сахналық костюм)

Материалдар: киім топтамасының эскиздері ( акварель, тушь/қауырсын, түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер) киім топтамалары (маталар, фурнитура)

Орындау техникасы мен стилі: дайын топтамалардың эскиздері мен фотосессиялары

Пішімі: 3-5 модель бейнеленген эскиздік қатар (эскиздерді қолмен немесе компьютерлік бағдарламалардың көмегімен салуға болады), коллекциялардың суреттері, топтама тігілген 3-5 киім үлгісінен тұруы тиіс.

(Грим және постиж өнері)

Материалдар: бейненің эскиздері (акварель, тушь/қауырсын, түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер), материалда орындалған бейненің фотосуреті (грим, латекс, силикон, шаш және т. б.).

Орындау техникасы мен стилі: грим, постиж, макияж, боди-арт өнерін пайдалана отырып орындалған бейне эскиз, фотосуреттері

Пішімі: эскиздер (эскиздерді қолмен немесе компьютерлік бағдарламалардың көмегімен салуға болады), бейне суреттері.

(Театр, кино және ТД қоюшы-суретшісі)

Материалдар: декорацияның эскиздері (акварель, тушь / қауырсын, түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер), фото декорациялар (қағаз, картон, желім, полимерлі саз және т. б.).

Орындау техникасы мен стилі: эскиз, макеттердің фотосуреттері (көмескі жарықты пайдаланатын макет)

Пішім: декорация эскиздері (эскиздерді қолмен немесе компьютерлік бағдарламалардың көмегімен салуға болады), макеттер

Байқауға бір авторлық туынды ұсынылады (мысалы: диптих, триптих сияқты бөліктерден тұруы мүмкін)

Бір қатысушы бір номинацияға қатыса алады.

Жұмысқа қойылатын талаптар:

  • Жұмыс ағымдағы күнтізбелік жылы құрылуы керек.
  • Жұмыс авторлық болуы керек, басқа туындылардан (плагиат) алынбауы және көшірілмеуі тиіс.
  • Жұмыс конкурсқа сапалы фотосурет түрінде ұсынылуы керек.
  • Жұмыс бейнемен сүйемелденуі тиіс,  қатысушы байқауға ұсынған өз туындысының түпкі ойын – тұжырымдамасын ұсынуы тиіс (5 минут).
  • Жұмыс затбелгімен сүйемелденуі тиіс (автордың аты-жөні, туындының атауы, техника, материалдар, қала, ел, орындалған жылы көрсетіледі).

 «Театр өнері» мамандығы бойынша

«Көркем оқу» номинациясы

І – Тур

А) ПРОЗА – қазақ және әлемдік классикалық шығармалардан прозалық үзінділер оқу. (автор, шығарма өз таңдауы бойынша, бір шығарма жеткілікті. Орындау уақыты 5 минут)

Б) ӘЗІЛ-СЫҚАҚ НЕМЕСЕ МЫСАЛ – (шығарма өлең үлгісінде болуы шарт,  автор, шығарма таңдау өз еркінде, бір шығарма жеткілікті. (Орындау уақыты 3  минут)

 

ІІ Тур

А) МОНОЛОГ – (автор, шығарма өз таңдауы бойынша. Регламент 8 минут)

В) ПОЭЗИЯ – қазақ және әлемдік классикалық ақындардың поэзиясын оқу. (автор, шығарма өз таңдауы бойынша, бір шығарма жеткілікті. Регламент 4 минут)

Жадынама:

  1. Қатысушыға қойылатын басты талап – шығарманы дұрыс таңдау, рухани ойды жеткізу, пікір білдіру, шығарманың тарихын ашу, түпкі мақсатқа жету, көркемдік деңгейде орындау!
  2. Шығармалар, проза, поэзия белден жоғары жазылып, жоғары сапалы бейнематериал болуы керек;
  3. Монологты орындау кезінде қозғалуға және жазбаны толық көлемде басқаруға мүмкіндік болу керек;
  4. Шығарманы орындау алдында экранға жеке куәлікті көрсету және жеке басын растау қажет;
  5. Шығармалар жатқа орындалуы қажет;
  6. Киім шығарманың мазмұнына сәйкес келуі керек;
  7. Шығарманы орындауға арналған бөлме жақсы жарықтандырылуы керек, фон бір түсті болуы керек, қозғалу үшін жеткілікті орын болуы керек;
  8. Жазба бөтен шусыз болуы тиіс;
  9. Әр шығарма бөлек бағаланады. 

Details

Start:
02.11.2020 @ 08:00 UTC+6
End:
06.11.2020 @ 17:00 UTC+6

Organizer

Халықаралық ынтымақтастық және шығармашылық қызметі
Phone:
+7 (7172)70-54-99
View Organizer Website

Venue

Қазақ ұлттық өнер университеті
Тәуелсіздік 50
Нұр-Сұлтан, 010000
+ Google Map
View Venue Website
We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR