«Эстрада өнері» кафедрасы 2003 жылы құрылды. Алғашқы үш жыл кафедра «Актерлік шеберлігі мен режиссура» факультет жанындағы «Эстрада өнері» секциясы ретінде жұмыс істеді. Кафедраның алғашқы меңгерушісі – халықаралық байқаулардың лауреаты, АҚШ-тың халықаралық джаз қауымдастығының құрметті мүшесі, профессор – Гүлдана Жолымбетова.

Кафедрада алғашқы күннен бастап оқытушылар Е. Г. Коробейникова (Эстрадалық вокал сыныбы); В. А. Шевченко (музыкалық-теориялық пәндер); А. Р. Аблаев (оркестрлік сыныбы) жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта кафедрада аға оқытушы Юрий Юрьевич Шевченко (соқпалы аспаптар сыныбы); А. Ю. Асакаев (электрогитара сыныбы); оқытушы Қуаныш Рыскулов (эстрадалық фокал); доцент Ирина Воловикова; Мәдениет қайраткері, доцент С. К. Жұмағалиев жұмыс істейді. Кафедра меңгерушісі – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, доцент – Бағдат Сәмединова.

Студенттік Биг-бенд 2007 жылы «эстрада өнері» кафедрасында құрылған. Биг-бенд – «Астана-Блюз I» және «Астана-Блюз II» беделді халықаралық джаз фестивальдарының лауреаты және алтын белгі иегері, «Ақтөбе-Джаз», «Джаз-Богема» және т.б. Халықаралық конкурстың І сыйлығының иегері. Студенттік Биг-бендінің бағдарламасында – классикалық джаз шығармалары, қазіргі джаз шығармалары, қазақ музыкалық фольклорынан негізделген шығармалар. 2016 жылдан бастап Биг-Бендінің көркемдік жетекшісі – тромбон және симфониялық дирижерлеу класы бойынша Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, дирижер – Талғат Абдураимов.

Самидинова Багдат Самидиновна – кафедра меңгерушісі