«Музыка» факультетінен «Вокалдық-хор, эстрадалық өнер және музыкалық білім» факультеті болып 2019 жылы қайта құрылды. Факультетте төрт кафедра бар: «Музыкалық орындаушылық және педагогика» кафедрасының меңгерушісі, профессор – Хусаинова Гүлзада Ануарқызы, «Вокалдық өнер» кафедрасының меңгерушісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Мұсабаев Талғат Маратұлы, «Эстрадалық өнер» кафедрасының меңгерушісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Самидинова Бағдат Самидинқызы, «Хор дирижерлеу» кафедрасының меңгерушісі Аргингазинова Гүлнара Болатқызы.

Кафедралар музыка бойынша келесідей мамандықтардың бакалаврлары мен магистрлерін дайындайды: «Музыка мұғалімдерін даярлау»; «Вокалдық өнер»; «Эстрада өнері: эстрада вокалисі, эстрада оркестрінің артисі, эстрада композиторы, дыбыс өңдеуші»; «Хор дирижерлеу». Сондай-ақ, «Музыкалық білім: музыка мұғалімдерін даярлау» мамандығының PhD философия докторын дайындайды.

Факультет деканы – ҚазҰӨУ профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Сметова Алмагүл Амантайқызы. Факультетте 57 оқытушы жұмыс жасайды, оның ішінде 10 профессор, 13 доцент бар.

Факультет Республикадағы мәдени мекемелермен, концерттік ұйымдармен және музыкалық театрлармен белсенді шығармашылық қатынаста. Өйткені, олардың сұраныстары мен ұсыныстарын зерттеу  – факультетте білім беру барысындағы өте маңызды факторлардың бірі. Сондай-ақ, факультет шетелдік серіктестермен де тығыз қарым-қатынас жасап, студенттік тағылымдамалар ұйымдастырады.

Біздің студенттер мен түлектер факультеттің мақтанышы болып табылады: Димаш Құдайберген, Рухия Байдукенова, Айгүл Ниязова, Бибігүл Жанұзақ, Азамат Желтыргузов, Салтанат Ахметова және басқалары.

Сметова Алмагуль Амантайқызы – факультет деканы