Университеттің 20 жылдық қызметінде Музыкатану және композиция кафедрасы бірнеше рет құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Бүгінде кафедра «Музыкатану» (бакалавриат, магистратура, докторантура), «Композиция» (бакалавриат, магистратура) мамандықтары бойынша даярлап шығарушы  кафедра болып табылады.

Кафедра білім беру, шығармашылық үрдіс, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысы, қоғамдық жұмысқа қатысу және тағы басқа жан-жақты қызметпен айналысады. Негізгі бағыты – кәсіби музыкалық білім беру саласында мамандарды даярлау. Музыка тарихы және музыкалық-теория пәндері бойынша қызмет көрсетуші  кафедра болып табылады.

Бүгінгі таңда кафедраның құрамына өнертану ғылымының докторы, профессор У. Р. Джумакова, ҚР еңбек сіңірген қайратері, профессор К. Дүйсекеев, ҚР еңбек сіңірген қайратері, өнертану ғылымының кандидаты, профессор Т. Ж. Егінбаева, ҚР еңбек сіңірген қайратері, өнертану ғылымының кандидаты, профессор Г. Т. Альпеисова, ҚР еңбек сіңірген қайратері, профессор С. К. Абдинуров, өнертану ғылымының кандидаты, профессор Р. С. Малдыбаева, өнертану ғылымының кандидаты, профессор Г. Т. Акпарова, өнертану ғылымының кандидаты, доцент Г. Ж. Кузбакова,  өнертану ғылымының кандидаты, доцент М. С. Курмангалиева, өнертану ғылымының кандидаты, доцент А. К. Байбек, педагогика ғылымының кандидаты, доцент А. А. Досанова, өнертану ғылымының кандидаты, аға оқытушы Ә. К. Әбдінұров,  өнертану ғылымының кандидаты, аға оқытушы Д. М. Мосиенко, доцент Р. В. Лукьянова, доцент Ф. С. Баширова, аға оқытушы Д. В. Останькович, PhD докторы, аға оқытушы Ж. Ш. Шайкенова. Мерейтой аталған жылы кафедра құрамы жас оқытушылармен толықтырылды. Атап айтсақ, С. О. Баженеева, А. Р. Қанатова, Д. С. Дүйисенова магистрлері және магистрант А. Жамбаев.

Кафедраны әр жылдары үлкен ғылыми және педагогикалық тәжірибесі бар музыканттар меңгерді. Олар: Т. Ж. Егинбаева, П. Ш. Шегебаев, Р. В. Лукьянова, Р. С. Малдыбаева, М. Ш. Мылтыкбаева, Г. Т. Альпеисова Қазіргі уақытта кафедраны өнертану ғылымының кандидаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Г. Т. Акпарова меңгереді.

2015 жылға дейін жеке құрылымдық бөлімше ретінде композиторлық бөлім қызмет етті. «Композиция» кафедраның негізін қалаушысы – өмірден өткен үлкен талант иесі, композитор доцент Ж. Т. Тезекбаев (1954 – 2004) болды. «Композиция» кафедрасын Мәдениет қайраткері, доцент С. К. Әбдінұров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор С. К. Еркімбеков басқарды.

Шығармашылығы қазақ халқының ұлттық мұрасына айналып, отандық музыкалық өнердің алтын қорына енген көрнекті композитор Е. Р. Рахмадиевтің Астана қаласына қоныс аударуы кафедра үшін маңызды оқиға болды.

Кафедра оқытушылары ғылыми жұмыстармен белсенді айналысып, мақалалар мен монографиялармен жұмыс жасайды.

Соңғы бес жыл ішінде кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы монографиялар, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдар, жарияланған жұмыстардың жинақтарын шығарды:

У. Р. Жұмақованың қазақ тіліне аударылған «Полифония» оқулығы, Тезебай Тезекбевтың, Жұматай Тезекбаевтың музыка форманталары, Г.З Абдрахманмен бірге авторлық болған «Ғ.Жұбанованың естелігі (ғылыми-құжаттамалық портрет) бойынша «Музыкатану әдістемесі бойынша таңдаулы дәрістер» оқулығы.

Т.Ж.Егінбаевтың «Қазақ музыкасының тарихы бойынша дәрістер» оқулығы, Д.Ж.Жұмабекованың авторлығымен бірлесіп «Қазақстанның виоленчельдік өнері (тарих және заманауи)» монографиясы;

К. Дүйсекеев – Фортепианалық пьесалар жинағы;

Г. Т. Әлпейісова – «Қазақ музыкалық фольклор шығармаларды талдау» оқулығы;

Г. Т. Акпарова – «Қазақстан композиторларының туындыларындағы Камералық-аспаптық соната монографиясы;

Р. С. Малдыбаева – ХХ ғасырдағы музыкалық мәдениеттегі күйшілердің жеке салт-дәстүрлері монографиясы;

М. С. Кұрманғалиева – «Мұхит Мералыұылының шығармашылық мұралары» монографиясы;

Д. М. Мосиенко – «…мен де композитормын» монографиясы, сборник «Владимир Тебенихин: Музыкаға қызмет жасау. Мақалалар, Естеліктер, материалдар» жинағы. «Джаздық гармония бойынша тапсырмалар» оқулығы;

Р. В. Лукьянова – «Гармониялық сольфеджио» оқу-әдістемелі құралы;

С. К. Әбдінұров – Дауыстар мен фортепианоның «Ай-дидарлым», «Мәңгілік ел» шығармалар жинағы;

Д. В. Останькович – балаларға арналған «Музыкалық радуга» фортепианолық циклдерінің жинағы, Қазақ ҰӨУ композиторларының «Ағым» камералық-аспаптық туындыларының жинағы, Қазақстан композиторларының флейтаға арналған «Өнердің өр тұлғасы» туындыларының жинағы, балалар үшін «Наурызға» арналған әндер мен орлардың жинағы, Бакалавриат музыкалық мамандығында оқып жүрген студенттер үшін «Компьютерлік нотография» курсы бойынша «Ноталық редактор Sibelius 6» оқу құралы;

А. К. Әбдінұров – дауыстар мен фортепианоның «Ай-дидарлым», «Мәңгілік ел» шығармаларының жинағы;

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қала мен еліміздің мәдени шаралары жайлы БАҚ-да тұрақты түрде мақалаларды жария етеді: «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде, «Достық», «Евразия» журналдарында. Кафедра жаһандық халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың бастамашысы әрі ұйымдастырушысы. Соңғы жылдары 43 Бүкіләлемдік ICTM (Дәстүрлі музыка жөніндегі халықаралық кеңес) конференциясы; көрнекті ғалым, Қазақстанда этнооргантанудың негізін қалаған Болат Шамғалиұлы Сарыбаевтың 90 жылдығына арналған «Заманауи музыкатану және этнооргантану мәселелері» атты конференциясы; «Тәңірлік және Еуразия халықтарының дастандық мұрасы» алтыншы халықаралық конференциялары, «Ұлы даланың музыкасы» I халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Шығармашылық қызмет – кафедраның маңызды құрамдас бөлігі. Кафедра композиторларымен жаңа туындылар шығарылуда, оқытушылар Қазақстан және шет елдерде жаңа шығармаларын көрсетеді.

Останкович Д. В. – ҚазҰӨУ-де жыл сайын өтетін «САМАЛ» жас композиторлар байқауының ұйымдастырушысы. Осы байқау 2018 жылы халықаралық жарыс мәртебесін алды. С. К. Абдинуров и А. К. Абдинуров «Аbdinur fest» музыкалық өнерінің халықаралық байқауын ұйымдастырды.

2014 жылдың тамаша жетістігі ретінде профессор У. Р. Джумакова және 2015 жылы профессор Г. Т. Альпеисова «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантын иеленді. 2017 жылы «Үздік оқытушы» грантын профессор Р. С. Малдыбаева және профессор Г. Т. Акпарова иеленді. 2019 жылы доцент М. С. Курмангалиева және доцент Г. Ж. Кузбакова иеленді.

«Музыкатану» кафедрасының маңызды бөлімшесі «Музыка теориясы» пәндік-циклдік комиссиясы болып табылады. Колледжде студенттер музыкалық-теориялық және музыкалық-тарихи мәндер бойынша негізгі білімдерді меңгереді. ПЦК екі білім беру сатысын – мектеп пен колледжді біріктіреді. Пәндердің курстары арнайы (теориялық бөлімде білім алушылар үшін) және жалпы (басқа мамандықтардың білдім алушылары үшін) курстар болып бөлінген.

ПЦК-да еліміздің музыкалық мәдениетіне зор үлесін қосқан, көптеген буын дарынды шәкірттеріне тәлім-тәрбие берген педагог ұжымы еңбек етуде олар: И. Б. Романенко Р. Ю. Романова, Г. Т. Шанбатырова, Н. И. Гринько, Р. Х. Наумова, Т. А. Апанович, Т. С. Шемякина, М. Т. Жакенова, Г. В. Бодарева, Л. Т. Сайгафарова, Р. Р. Вагапова, М. И Бабакова, Нургуль К. Жолдасова, Нурбану К. Жолдасова, Р. В. Лукьянова, А. И. Шыныбекова, Н. А. Михалева, Г. М. Мендикулова, С. К. Мусаходжаева, Ж. Т. Мухамеджанова, О. В. Никонорова, М. А. Останькович, А. Г. Сагитова, Н. В. Титенко, А. Т. Альпеисова, Т. В. Харламова. ПЦК меңгерушісі – Г. Т. Бейсембекова.

«Музыка теориясы» ПЦК оқытушылары алуан түрлі шығармашылық жобаларға белсене атсалысады. Музыкалық-теориялық пәндердің олимпиада еліміздің БММ, БӨМ, АРММ және музыкалық колледждегі әріптестеріміз бен оқытушыларының кәсіби қызығушылығын тудырды. 2014 жылы қалалық деңгейде ұйымдастырылып, Олимпиада бір жылдан кейін Республикалық мәртебеге ие болып, ҚазҰӨУ білім беру үрдісі мен шығармашылық өмірдің аса маңызды бөлігіне айналды. Шығармашылық дода талантты және қызығушылығы жоғары балаларды анықтау, музыкалық мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің дайындық деңгейін арттыру, олардың шығармашылық және зияткерлік қабілетін ынталандыру мақсатында жүргізіледі. 2017 жылдан бастап Олимпиада Халықаралық байқау ретінде өткізіледі.

Олимпиаданың тақырыптық бағыттары музыкалық пәндерге, яғни   сольфеджио, гармония (музыка теориясы) және музыкалық әдебиетке негізделген. Олимпиаданың үш ауысымында Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау, Өскемен, Қызылорда, Павлодар, Курчатов, Атбасар, Степногорск, Семей қалаларынан келген жас музыканттар бақ сынады.

Жыл сайын өнер және мәдениет саласындағы қосымша, орта және арнайы білім беру оқытушыларына арналған педагогикалық шеберліктің Республикалық байқауы өткізіледі. Іс-шараға республиканың түпкір-түпкірінен көптеген ынтагер оқытушылар қатысты. Байқау білім және тәрбие берудің жаңашыл әдістемелерін іс жүзінде қолдануға ынталандырып, кәсіби қарым-қатынас пен педагогикалық тәжірибе алмасу аясын кеңейтеді.

Музыкатану және композиция кафедралары ынтымақтастық, ғылыми және шығармашылық әлеуетінің арқасында музыкалық өнер саласында бәсекеге қабілетті, шығармашыл және біліктілігі жоғары мамандарды даярлауға зор септігін тигізеді.

Профессор-оқытушылар құрамы:

Ақпарова Ғалия Төлегенқызы – кафедра меңгерушісі

Әбдінұров Серікан Құттымбетұлы

Әбдінұров Әліби Құттымбетұлы

Байбек Айгүл Қыдырғалиқызы

Джамбаев Азимбек Калдибекович

Досанова Камила Каировна

Досанова Алма Абилхановна

Жұмақова Үмітжан Рахметұлла қызы

Құрманғалиева Меруерт Санатовна

Кузбакова Гульнара Жанабергеновна

Лукьянова Рогнеда Викторовна

Наумова Разия Хамитовна

Останькович Марианна Александровна

Шайкенова Жанар Шалкарбековна

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR