Доцент, республикалық конкурстардың лауреаты және халықаралық конкурстардың дипломанты, Ы.Алтынсарин атындағы  төс белгі иегері Г.М. Айдабулованың жетекшілігімен құрылған және 1998 жылы фортепиано факультетінің құрамына кірген концертмейстерлік шеберлік кафедрасы   ҚазҰӨУ (ҚазҰМА) құрылған күнінен бастап жұмыс атқарып келеді.  Алғашқы жылдары кафедрада Р.Е. Шоткалиева, А.Б. Устимирова, Д.А. Умбеталиева,  И.К.Иванова белсенді қызмет етті.

Әр түрлі жылдары кафедраны доцент, ҚР Білім беру саласының Құрметті қызметкері, «Мәдениет саласының үздігі» Р.Е. Шоткалиева,  сондай-ақ халықаралық конкурстардың дипломанты Д.А. Умбеталиева басқарды. Қазіргі кафедра меңгерушісі халықаралық конкурстардың дипломанты, «Мәдениет саласының үздігі» А.С. Камельинова.

Кафедра оқытушыларының негізгі мақсаты ансамбльдік орындаущылық саласында жоғары білікті мамандарды тәрбиелеу, шығармашылық ұжымдарға, опералық театрларға, музыкалық оқу орындарына, филармонияларға және концерттік ұйымдарға кадрлар дайындау болды.

Кафедра педагогтарының жұмыс барысындағы басты ұстанымдары: студенттердің бойында сүйемелдеуге деген шығармашылық көзқарасты дамыту, ансамбльде пианисттің рөлін түсінуі, концертмейсерлік жұмысқа оның барлық түріне, соның ішінде нота бойынша оқи алу және тасымалдауға қажетті практикалық дағдыларын дамыту.

Кафедра құрылған күнінен бастап оқытушылар педагогикалық қызметінен басқа концерттік қызметтерін де белсенді алып жүр. Көптеген республикалық және  халықаралық конкурстардың «Үздік концертмейстер» атақтарына ие. Үнемі ҚР шығармашылық ұжымдарының жетекші солистарымен концерт қояды. Вокалисттер мен концертмейстерлердің халықаралық конкурстарында әділ қазы алқасы ретінде ат салысады.

Кафедра педагогтарымен қатар  бір уақытта оқу қызметінің және концерттік-орындаушылық қызметінің ажырамас бөлігі болып табылатын концертмейстерлер мен иллюстрациялаушылардың негізгі құрамы құрылды.

ҚазҰМА-ның, кейін ҚазҰӨУ-дің құрылғанына 20 жылдан  астам уақытта концертмейстерлердің саны еселеп өсті, олардың басым бөлігі университетіміздің түлектері.

Педагогтардың иллюстрациялаушылармен шығармашылық бірлестігі болмаса  кафедраның жұмысы мүмкін емес еді. Әр түрлі жылдары кафедраның иллюстрациялаушылары болды: С.К. Козлов (бас), доцент Р.Р. Тленчиева (сопрано), профессор Х.А. Жумакенов (флейта), Астана-Операның жетекші солисті, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ж.Бактай (сопрано), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Б. Жанузак (сопрано), А.Капонова (сопрано), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері А. Жылтыркозов, доцент Г.И. Исмаилов, С.К. Умаров (кларнет), ҚазҰӨУ доценті Д.Ш. Кабыкеева (сопрано), халықаралық конкурстардың  лауреаттары А. Тараскин (флейта), Д.Махпирова, Н. Сапарова (гобой), Е.Мамырбаев (тромбон), Н.Григорьева (флейта), Е.В. Федякина (сопрано), Р.С. Сагындыкова (сопрано), Б.У.Жусупова, (меццо-сопрано), Т.В. Хасьянова, Е.В. Ганжа (сопрано).

«Концертмейстерлік шеберлік» пәні бойынша МЕК төрағаларының шақырылуымен Мемлекеттік емтиханды өткізу білім алушының оқу бағдарламасын аяқтау қорытындысы болып табылады. Соның ішінде:

А.Исакова – Ипполитов-Иванов атындағы Мәскеу мәдениет институтының пофессоры, КСРО Композиторлар Одағының мүшесі.

М.Касымова – Ашраф атындағы Ташкент ұлттық консерваториясының профессоры, концертмейстерлік шеберлік кафедрасының меңгерушісі.

Э.Айснер – Веналық Жоғары музыка мектебінің профессоры (Австрия)

У. Баттегазоре – профессор, халықаралық фестивальдардың  директоры (Италия)

П.Перрини – профессор, дирижер, халықаралық конкурс ұйымдастырушысы (Италия)

М.Скьяво – профессор, дирижер, халықаралық конкурс ұйымдастырушысы, (Италия)

С.Маркеджани – профессор, дирижер, халықаралық конкурс ұйымдастырушысы, (Италия)

В.Овчинников – П.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының профессоры, П.И.Чайковский атындағы конкурс лауреаты (Ресей)

Р. Абдуллин – Казан мемлекеттік консерваториясының ректоры, профессор, пианист, органист

Н.Трулль – Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының профессоры, П.И.Чайковский атындағы конкурс лауреаты (Ресей)

Г.Е. Петрова – Ресейдің Еңбек сіңірген қайраткері

Концермейстер мамандығы онсыз музыканттардың толық шығармашылық бірлестігі мүмкін болмайтын сүйемелдеу өнерінде кәсіби дағдылардың жиынтығына ие болуды түсіндіреді.