Қазақ ұлттық өнер университетінің көркем өнер факультеті 2010 жылы ашылды.

Факультет құрамында екі Phd докторы,  бес ғылым кандидаты,  оншақты  ғылым магистры бар.

Факультет келесі біліктілік: суретші – кескіндемеші, мүсінші, реставратор, суретші – сценограф, театр, кино және ТД костюм және грим суретшісі, кино және теледидар суретшісі, жарық бойынша суретші, киім дизайнері, әр түрлі саладағы дизайнер, қөркем тоқыма, металл және ағашты көркем  өңдеу  суретшісі бағдарламалары бойынша бакалавриат және магистратура деңгейіндегі мамандарды дайындайды.

Факультетте ҚР еңбек сінірген қайраткерлері, «Құрмет» орденінің, «Мәдениет қайраткері» атағының, Ыбырай Алтынсарин медалі иегерлері: Бақытбек Мұхаметжанов, Аманжол Мусалимов, Армат Бектас, Мұхтар Байбосын, Байқоныр Ижанов, Серікжан Балтаев және т.ғ.б. Қазақстан бейнелеу өнерінің көрнекті шеберлері педагогикалық қызмет атқарады.

Факультетте кәсіби суретшілердің бірнеше буын түлектерін тәрбиелеген тәжірибелі тәлімгер, құрметті ұстаз, суретші – кескіндемеші, МАК профессоры – Ачилов Исмаил Шайкұлұлы дәріс береді.

Ғылыми зерттеулермен факультетте Phd докторы Жукенова Ж.Д., п. ғ.к. Ижанов Б.И., филос.ғ.н. Мұхтарова Ғ.С., филос.ғ.н. Дадырова А.А., п.ғ. к. Мұхаметжанов Б.А.,  п. ғ.к. Амиргазин Е.К. шұғылданады.

Шет елдерінің алдынғы қатарлы Жоғары оқу орындарымен және мәдениет және өнер мекемелерімен Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға Phd докторы, суретші Лейла Махат үлкен үліс қосуда.

Факультет ұстаздары Мусалимов А.Ж. – И.Е. Репин атындағы Санкт – Петербург Мемлекеттік Академиялық кескіндеме, мүсін және сәулет институтының,  Прімбаев Ш.И. – В. И. Суриков атындағы Мәскеу Мемлекеттік  Академиялық көркем өнер  институтының, Иманберген М. Р. – С.А.Герасимов атындағы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының  түлектері.

Сонымен  қатар доцент Мұхтарова Ғ.С. және аға оқытушы Оракбаев А. «Болашак» бағдарламасы бойынша Жапонияда және АҚШ білім алған стипендианттар.

Факультет ПОҚ өкілдері ҚР суретшілер, Еуразия  дизайнерлер, театр қайраткерлері, кинематографистер Одактарының және Халықаралық шығармашылық ассоциациялар мен бірлістіктерінің мүшелері болып табылады.

Факультет жетістіктері

        Факультет деканы – өнертану ғылымдарының магистрі Омарова Жанна Нұрхалыққызы

Факультет ұстаздары педагогикалық қызметтін тыс шығармашылық жұмысымен белсенді айналысады. Мүсінші, МАК профессоры Бақытбек Мұхаметжанов – Әлихан Бөкейханов (Семей қ.), Хиуаз Доспанова (Атырау қ.), ретропаркдегі «Дос-Мұқасан» мүсін композициясы (Актау қ.) сынды бірнеше ескерткіштердің авторы.

Аға оқытушы Қуандық Баймұханов – Түркі елдерінің Халықаралық симпозиумына қатысқаны және Кипр мемлекетінің Таяу Шығыс университетінде жеке көрмесін өткізгені үшін «Алтын кілт» құрметті сыйлығының иегері.

Доцент Мұхтар Байбосынның «Рухани Жанғыру» бағдарламасының міндеттеріне сәйкес келетін Қазақ халық композиторлары мен әншілеріне арналған портреттер топтамасы «Құрмет» орденімен марапатталды.       Доцент Серікжан Балтаев – Қазақстан театр сахналарындағы спектакльдерінің декорация бойынша суретшісі, сонымен қатар «Жас қанат» байқауының  және басқа түрлі концерт, шоу бағдарламаларының қоюшы – суретшісі, шетелде өткен Қазақстан мәдени күндері іс-шаралар сценографиясының авторы.         2000 жылы Астана қаласында «Астана Опера» опера және балет театрының ашылуы аясында Вердидің «Травиата» операсының алғашқы қойылымының  декорация бойынша – суретшісі болды, жалпы Қазақстан елордасының  сценографиясын дамытуға үлкен үлес қосты.      Тәжірибелі ұстаз Алма Сырбаева – Қазақстан театр сахналарындағы көптеген қойылымдарының костюмдер бойынша және қоюшы – суретшісі, мысалы М. Горький атындағы МАОДТ сахнасындағы А.С.Пушкин «Евгений Онегин» драмасы, Б.Абдураззаков «Мәңгүрт. Мәңгі құл», Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының сахнасында Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты», «Қозы -Көрпеш – Баян сұлу», С.Тұрғынбекұлы «Шәмші» элегиясы. Сонымен қатар Дж. Пресгюрвик «Ромео мен Джульетта», «Қыз Жібек», «Ер-Тостик» мюзикл костюмдерінің авторы.        Факультетте «Арт-волонтерлік клуб» жұмыс істейді, оның аясында студенттер қайырымдылық шараларына қатысап, келесі жобаларды жүзеге асырды: Ақмола облысы, Ақкөл қаласындағы балалар үйіне мұз қалашығын құру, Нұр – Сұлтан қаласындағы «Нұрлы жүрек» балалар сауықтыру орталығының қабырғалары сурет салу. «Шекараларды кеңейту – әлемді ашу» атты Халықаралық фестивалі аясында студенттер Түркия, Әзірбайжан және Қазақстан зағип балаларына киіз басу шеберлік-класстырын өткізді.        Оқытушылар жетекшілігімен студенттер Нұр – Сұлтан қаласында әскери-тарихи мұражайының қабырғаларына көркем сурет салу сияқты түрлі жобаларға қатысады.       Студенттер жыл сайын университетте және  қаладағы  галереяларда  көркем сурет есеп беру көрмелерін өткізіді. Олардың ішінде Нұр – Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық музейіндегі, К.Бехзад атындағы Ұлттық өнер және дизайн институтында (Тәшкен қ.), Триумфалды арка, Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Көркем өнер факультетінің көрмелерін атап өтуге болады.      Факультет алыс және жақын шетелдердің көптеген университеттері мен мәдени ұйымдарымен тығыз халықаралық ынтымақтастық орнатқан. Академиялық алмасу бағдарламасы аясында студенттер мен магистранттар жыл сайын Италияның жетекші жоғары оқу орындарында, мысалы, Брера бейнелеу өнері академиясында (Милан қ.), Академия дель Арте (Флоренция) және т.ғ.б. оқиды. «Невская палитра» АҚ (Санкт-Петербург қ.) басшылығымен байланыс орнатылып, студенттер зауыт өнімдерін қолдана отырып акварель байқауына қатысты.         Факультетте Ресей, Өзбекстан, Түркия және Италия серіктестерімен бірлескен іс-шаралар: конференциялар, көрмелер, сән қөрсетілімдері, көрмелері өткізіледі.

Әр жылдары факультет студенттерінің арасында «Дарын» жастар сыйлығының 4 лауреаты бар (Мүсіреп С., Асқар Н., Тайшикова Д., Кемельбаева А.), Тұңғыш Президент – Елбасы қорының лауреаттары (Покидко С., Кұлахметова А.), Президенттік стипендия иегерлері (Жүсіп А.), «Шабыт» Халықаралық шығармашылық жастар байқауының Гран – ПРИ лауреаттары (Әлібай А.), ҚР Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауының I, II, III орын диплом иегерлері (Аманжолова А., Тулетова Ш., Аблашов Д. және т.б.). Сонымен қатар бейнелеу өнері, дизайн және сән саласындағы әр түрлі Халықаралық және Республикалық фестивальдар мен байқаулар лауреаттары бар.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR