Қазақ ұлттық өнер университеті мәдениет және өнер саласында мамандарды даярлайтын Қазақстандағы ең ірі университеттердің бірі. Университет қызметі жоғары бағалар мен рейтингтермен сипатталады. ҚазҰӨУ еліміздің шығармашылық университеттерінің арасында жетекші орын алады.

«Киноөнері және телевизия» факультеті өте жас. Оның қалыптасуы 2010 жылдың жазында университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен «Кино режиссурасы» және «Операторлық өнер»  мамандықтары бойынша екі  шеберхананың қабылдануынан басталады. 2019 жылы Университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен және ҚазҰӨУ ректорының бұйрығына сәйкес «Киноөнері және телевизия» факультеті екі кафедраға бөлінді: «Кинорежиссура және телевизия» және «Кинооператор өнері және дыбыс режиссура»  кафедрасы. «Көркем фильм режиссурасы» мамндығы бойынша екінші жоғары білімге алғашқы қабылдау басталды. Қазіргі таңда факультетте бірнеше мамандықтар бойынша қабылдау жүргізілуде: «Көркем фильм режиссурасы», «Деректі фильм режиссурасы», «Телевидения режиссурасы», «Анимациялық кино режиссурасы», «Режиссура продюссерлік», «Дыбыс режиссурасы» және «Операторлық өнер».

Факультет педагогтары – Қазақстанның атақты киногерлері. Факультет оқытушылары мен студенттері республикалық және халықаралық кинематографиялық фестивальдар мен байқауларға белсенді қатысып, жеңімпаз атануда.

Факультетте ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыстары жүргізіледі. “ҚазҰӨУ Киноклубы” жұмыс істейді, мұнда студенттер мен оқытушылар әлемдік және ұлттық кино туындыларын көруге мүмкіндік алады. Көптеген оқытушылардың ғылыми дәрежелері бар, ғылыми және шығармашылық жұмыстарда белсенді. Кафедраның Оқытушы-профессорлық құрамы – ұйымдастырушылар, республикалық және халықаралық кинофестивальдер, конкурстардың қазылар алқасының мүшелері мен қатысушылары.

«Киноөнері және телевизия» факультетінде кинопавильон, фотопавильон, кинозал және дәріс залдары бар.

Университет ректоры А.Қ.Мұсақожаеваның белсенді қолдауымен, м әдениет және өнер саласындағы болашақ мамандарды даярлау үшін «ҚазҰӨУ оқу киностудиясына» заманауи сандық түсірілім, монтаж қондырғылары және жарық техникалары  сатып алынды.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR