2019 жылы Университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен және ҚазҰӨУ ректорының бұйрығына сәйкес «Киноөнері және телевизия» факультеті екі кафедраға бөлінді: «Кинорежиссура және телевизия» және «Кинооператор өнері және дыбыс режиссура»  кафедрасы.

«Кинооператор өнері және дыбыс режиссура»  кафедрасының педагогтары Қазақстанның атақты киногерлері. Кафедра оқытушылары мен студенттері республикалық және халықаралық кинематографиялық фестивальдар мен байқауларға белсенді қатысып, жеңімпаз атануда.

Кафедрада ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыстары жүргізіледі. “ҚазҰӨУ Киноклубы” жұмыс істейді, мұнда студенттер мен оқытушылар әлемдік және ұлттық кино туындыларын көруге мүмкіндік алады. Көптеген оқытушылардың ғылыми дәрежелері бар, ғылыми және шығармашылық жұмыстарда белсенді. Кафедраның Оқытушы-профессорлық құрамы ұйымдастырушылар, республикалық және халықаралық кинофестивальдер, конкурстардың қазылар алқасының мүшелері мен қатысушылары.

Кафедра түлектері кино және телевизия саласында белсенді жұмыс істейді.  «Қазақфильм» киностудиясы, «Қазмедиаорталығы», президент Телерадиокешені және т.б. мекемелерде жұмыс атқаруда.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR