ҚазҰӨУ ұжымы барша мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

ҚазҰӨУ ректоры, профессор Айман Мұсахаджаева және университет ұжымы барша мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтайды!
Құрбан айт мейрамы – береке мен бірлікті күшейтіп, қайырым мен қанағатты, бауырластықты арттыратын, рухани-мәдени жаңғыруға негіз болар қасиетті мереке.
Қалыптасқан жағдайға байланысты барлық байқауларды, оқу үрдісін, мерекелерді ерекше жағдайда атап өтуге тура келді. Бұның барлығы ең алдымен халықтың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шаралар. Сол себепті, карантиндік режимнің ұзартылуы мен қойылған шектеулерге сабырлық танытып, қойылған талаптарға назар аударуға шақырамыз!
Барлық ізгі тілек-ниеттеріңіз қабыл болып, әр отбасына бақыт шуағы, еңбектеріңізге береке қонсын! Ынтымақты еліміздің ырысы мол, аспаны ашық, бейбітшілігі баянды болғай! Құрбан айт мүбәрәк болсын!

Похожие пост