ҚазҰӨУ ректоры Айман Мусахаджаева Ерсайын Кәндержанұлының туған-туыстарына көңіл айтты

Қазақ өнері, қазақ театр режиссурасы үлкен қайғыға душар болды. Қазақ театрының тау тұлғасы, режиссер, педагог, ардақты ақсақалымыз, «Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты», Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «А.П.Чехов» атындағы алтын медальдің иегері Тәпенов Ерсайын Қандержанұлы өмірден озды. Саналы ғұмырын театр әлеміне арнап, қазақ театр өнерінің өркендеп, қанат жаюына сүбелі үлес қосты.
1968—1974 жылы Семей облысы драма театрының (қазіргі Семей музыкалық драма театры) режиссері
1976—1979 жылы бұрынғы Торғай облыстық музыкалық драма театрының бас режиссері болды.
1979—1990 жылы Қарағанды облыстық драма театрының бас режиссері болды.
1990 жылдан Павлодар облыстық музыкалық драма театрының бас режиссері болды.
Мұхтар Әуезовтің «Айман — Шолпан», «Дос — Бедел дос», Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері—Ақтоқты», «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» («Махаббат туралы поэма» деген атпен), Е. Г. Брусиловский мен Мүсіреповтің «Қыз Жібек», Бейімбет Майлиннің «Шұға», Қалтай Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», Тахауи Ахтановтың «Махаббат мұңы» мен «Күшік күйеу», Әкім Таразидің «Жақсы кісі», Дулат Исабековтың «Әпке», Олжас Сүлейменов пен Баққожа Мұқайдың «Заманақыр», Мұхтар Шахановтың «Отырар дастаны», Маман Байсеркеұлының «Хан», Н. В. Гогольдің «Yйлену», Антон Павлович Чеховтың «Шағала», Еврипидтің «Медея», Уильям Шекспирдің «Асауға тұсау», «Король Лир», Авксентий Антонович Цагарели «Ханума» т.б. авторлардың шығармаларын сахнаға шығарды. Поэзияға, пластикалық және біртұтас сахналық әсерлі шешімге ден қою оның режиссурасына тән қасиет.

2011 жылдан Қазақ ұлттық өнер университетінде шәкірт тәрбилеп, еліміздің көптеген театрларына режиссер жас мамандарды аттандырды.
Қазақ ұлттық өнер университетінің құрметті профессоры, өзінің іс тәжірибелерін ұстаздармен бөлісіп, рухани тәрбиемен сусындатты. Сіздің жасаған ұшан теңіз еңбегіңізді кейінгі ұрпақ ешқашан ұмытпайды. Рухани мұраңыз өзіңізбен бірге мәңгі жасай береді. Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Қожабекқызы Мұсақаджаева және ұстаздар ұжымының атынан ағайын-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Ерсайын ағамыздың жаны жәннатта болсын. Алды пейіш, арты кеніш болсын демекпіз.

А.Мұсахаджаева және ұстаздар ұжымы.

Похожие пост