«Nur Otan» партиясы және ҚазҰӨУ ректоры А. Мусахаджаеваның қолдауымен дәрігерлерге денсаулық себеті таратылды

2020 жылдың 24 шілдесінде Бастауыш партия ұйымдарында: №2 қалалық емхана, №3 қалалық емхана және №4 қалалық емханаларға «Мың алғыс» акциясы аясында Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры А.Қ. Мусахаджаеваның қолдауымен дәрігерлерге денсаулық себеттері тапсырылды. Себетке иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған.
Аталған акция барысында әр ұйымның атынан «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Әлімғазина Бағлан Ауғанбайқызы, ҚазҰӨУ «Музыкатану және композиция» кафедрасының аға оқытушысы, профессор Алиби Абдинуров және Студенттік Парламенттің ішкі істер бойынша министрі Аида Төлеубекова дәрігерлерге алғыстарын айтты.

Похожие пост