Ертіс Сайырхан: «Домбыра — қазақтың үні, рухы»

Арман қуып, елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шабыт» Қазақ Ұлттық университетіне оқуға түскен кез есімнен бір сәт кетер емес. Өйткені, біз білім, тәлім алған университет нағыз білім мен өнердің, мәдениеттің ордасы. Университет жанындағы «Шабыт» ансамблі мен қазақ ұлттық оркестрі құрамында талай мәрте өнер көрсеттік. Ансамбльдің белді мүшесі болдым. Университет ректоры, Әлем әртісі Айман Мұсаходжаеваның ұлттық өнерді қолдауының арқасында «Шабыт» ансамблі мен қазақ ұлттық оркестрі шетелдерге ұлтымыздың өнерін насихатттау мақсатында өнер сапарымен сан мәрте барды. Оның ішінде АҚШ, Египет, Франция, Малазия, Турция мемлекеттерін атауға болады. Шетелдіктердің біздің өнерімізді ерекше ықыласпен қабылдағаны біздің өнерге деген қанатымызды қатайта түсті.
Сол себепті біздің елімізде студенттік ансамбльдерді, оркестрларды қолдап отырған бірден-бір оқу орны біздің университет деп толық айта аламын. Бұл орайда ұлттық өнерімізді әлемге насихаттауда Айман Қожабекқызының еңбегі өте үлкен.

Толығырақ: http://zhaikpress.kz/kk/news/ertis-sajyrxan-dombyra-kazaktyn-uni-ruxy/

Похожие пост