ҚазҰӨУ ректоры Айман Мусахаджаева Жасмин Тлеумбетованы жеңісімен құттықтады

Құрметті Жасмин Тлеумбетова!

Өзіңіздің Беларусияда өткен «Витебск-2020» XVIII халықаралық балалар музыка байқауындағы керемет жеңісіңізбен (екінші орын) біздің қазақ балаларының өте дарынды екенін тағы да дәлелделіңіз. Қазақ ұлттық өнер университетінің туын биік ұстап, Димаш ағаңыз секілді әлемге өз туған ордаңызды паш еттіңіз. Өзіңіздей музыкаға, оның ішінде ұлттық өнеріне деген махаббаты мен құштарлығының арқасында үлкен халықаралық жобаларда сәтті өнер көрсету біздің ұл-қыздарымызға бұйыра берсін!

Мектептегі ұстаздарыңыз қазақтың вокалдық мектебін одан да биік деңгейге көтере беруіне тілектеспіз.

Жасмин! Осылай өз өнеріңізді жандандырып, оның небір қырларын, ерекшеліктерін үйреніп, болашақта бұдан да биік белестерге жеткеніңіздің куәгері болғымыз келеді. Халқыңыздың сүйіспеншілігіне жете беріңіз. Үлкен сахнадан көре берейік!

Қазақстанның Еңбек Ері,

Профессор Айман Мұсахаджаева

Похожие пост